Ресейді жұмыссыздық жайласа, Қазақстанға қандай қауіп төнеді?

Ресейді жұмыссыздық жайласа, Қазақстанға қандай қауіп төнеді?
Ⓒашық дереккөз

Ресейдің қаржы омбудсмендері 2019 жылы Ресейді ауыр қиындықтар күтіп тұрғанын мәлім етті.

Алдағы уақытта Ресей Батыспен арақатынасын түземесе биылғы жылы елді жұмыссыздық жайлап, Ресейдегі ірі-ірі  компаниялар банкрот жариялауы мүмкін. Мұның салдарынан Ресейде 3,7 млн адамға жұмыссыз қалу қаупі төніп тұр. Тіпті Ресейдегі тәуелсіз қаржы омбудсмені Михайл Разиннің айтуынша, жұмыссыздар саны 3,7 млннан да көп болуы ықтимал. Бұған қатысты қаржыгер «әлеуметтанушылар бізге жуырда Ресейде 16 млн халықтың өте кедей тұратынын мәлім етті. Орталық банк елде инфляция көлемі 5,5-6 пайыздан аспайды десе де, бұл деректермен келіспейтіндер көп. Себебі біздің болжам бойынша Ресейде қазір инфляция 15 пайызды межелеп қалған. Ірі компаниялардың 23 пайыздан астамы жұмысшыларын қысқартуды ойластырып отыр. Сонда олар әрбір төртінші адамды жұмыссыз қалдырмақ. 300-ге жуық компания осындай шешім қабылдап отыр. Болашақта Ресейде 3,7 млн адам жүмыссыз қалуы мүмкін» дейді қаржыгер Михайл Разин.

Ресей қаржыгерлерінің пайымдауынша, Орталық банк елдегі инфляция көлемін қанша жерден 5,5 пайыздан асырмаймыз дегенмен, қымбатшылық та ырыққа көнбей барады. Қымбатшылық, Батыс пен АҚШ-тың қысымы, сыртқы қарыздың өсімі, мұнай бағасының төмендеуі, экспортқа шектеу қою, импортты шамадан тыс енгізбеу осылайша Ресей компанияларының жұмысына шек келтіріп отыр. Мамандардың байыптауынша, егер болжап отырғандай, инфляция 15 пайыздан асып кететін болса, онда елдегі жұмыссыздық саны да өсе түсетін болады. Себебі инфляция өскен сайын Ресей компанияларына тарифтерді төлеу, сыртқы қарыздан құтылу, қымбат тауарды стып алып, оны нарыққа өткізе алмау қаупі басым болып барады. Мұндайда «Ресейде тығырыққа тірелетін компаниялардың да саны өсе түседі» дейді мамандар.

Біз Ресей қаржыгерлері болжап отырған инфляция мөлшерін арнайы сызбамен көрсеттік. Сызбада Орталық банк пен Рос статистика инфляция 5,5 -6 пайыз деп болжаса, қаржыгерлердің болжамы одан жоғары екенін аңғаруға болады.

Қарлығаш Зарықханқызы

 Ресейдегі мигранттар Қазақстанға қаша бастайды

Көрші елдің қаржыгерлері осылай даурығып жатқан тұста, біз  «Ресейді жұмыссыздық жайласа Қазақстанға қандай қауіп бар» деген сауалға жауап іздеп көрдік. Біздегі сала мамандарының пайымдауынша, бұдан бізге келер қауіп жоқ» деп қамсыз отыруға болмайды.

Мамандардың пайымдауынша, бұл жағдай Ресейден Қазақстанға 1 млн мигранттың енуіне ықпал етуі әбден мүмкін. Бұл ретте «Аналитик» талдау орталығының сарапшысы Марал Төртенованың айтуынша,  Ресейдегі «Тәжік еңбек мигранттары» қоғамдық кеңесінің таратып отырған мәліметтеріне сүйенсек, Ресейден 2,5 млн мигрант еңбек нарығын тастай қашқалы отыр.

«Қазір Ресейдегі мигранттардың жалпы саны 11 млнға жеткен. Егер елді жұмыссыздық жайлап, жағдай осылай жалғаса берсе олардың жұмыссыз қалғандары Қазақстанды сағалауы әбден мүмкін. Осыған байланысты елімізге енетін мигранттардың да көлемі арта түсуі ғажап емес. Қазақстанда қазірдің өзінде жарты миллионнан астам мигрант жан бағып жүр. Олардың үштен екісі Өзбекстаннан; 25 пайызы Қырғызстаннан; ал қалған мигранттар Тәжікстан және ТМД-ның тағы басқа елдерінен келген. Сөйтіп былайынша айтсақ, Қазақстан мигрант атаулыға жұмыс беруде ТМД бойынша алдыңғы орында тұр. Тіптен ТМД елдерінен келетін мигрант атаулы өздері үшін Ресейден гөрі Қазақстанның жайлы екенін, олар үшін мәдениеті мен діні ұқсас Қазақ елінің аумағында жұмыс істеу өте қауіпсіз екенін қазірде ашып айтуда. Болашақта елімізде кәсіпорындар мен өндіріс орындарының саны артатынын ескерсек, біз сырттан келетін жұмыс күшіне әлі де тәуелді бола түсеміз. Демек бізге сырттан жұмыс күші әлі де ағылып келе береді. Мамандардың Ресейдегі мигранттар енді Қазақстанға келе бастайды. Себебі Ресей экономикасының жағдайы қазір тым ауыр. Ресейден нан табу, табыс табу олар үшін үлкен проблемаға айналады. Ал бұл екі арада Қазақстанның түрлі құрылыс секторларын сала бастайтынын білетін олар заңды-заңсыз жолмен бізге ене бастайды. Сондықтан елімізге енетін мигранттардың тым еркінсіп кетпеуі үшін оларға арнайы міндеттемелер жүктеудің артықтығы жоғы даусыз. Бұл ретте заң аясында талап қоя білу, міндет арту бұл ұлттық қауіпсіздігімізге де, тыныштығымызға да сызат түспеуі үшін керек дүние. Ендеше біз үшін болашақта заңды қатайту өзекті бола түспек»,- дейді экономист-ғалым, сарапшы Марал Төртенова.

Мемлекеттік шығынының жартысын ауылға жұмсағанымыз жөн

Жалпы, мамандардың айтуынша, Ресей экономикасыда болып жатқан кері кетудің салқыны бізге тимесін десек, біз мынаны ескеруіміз керек. Болашақта Қазақстан үшін ірі мұнай өндіретін зауыттардың маңынан шағын жанар-жағармай шығаратын зауыттар ашу, астық сақтайтын орындардың қасынан, ұн тартатын диірмен орындарын ашу, мал бордақылайтын орындардан тері-жүн өңдейтін цехтар ашу тиімді болар еді. Өкініштісі бізде осы жағына мән берілмей отыр.

«Қазір Қазақстанда 7002 ауыл бар, оның 4258-нің даму потенциалы орташа, 102 ауылдың келешегі бұлыңғыр, ал 32 ауыл қаңырап бос қалған. Осыған қарап айтсақ: негізінде біздің экономикалық құрылымымыз екіге бөлінеді. Қала және халықтың 47 пайызы тұратын ауыл. Сондықтан көрші елдегі жағдайды ескере отырып алдағы уақытта мемлекеттік шығынның жартысы ауылға жұмсалуы керек. Бұған қоса ауылдың шаруашылығын дамытуды бір ғана Ауыл шаруашылығы министрлігіне таңып қою дұрыс болмады. Сондықтан Ауыл шаруашылығы министрлігіне құрылымдық өзгерістер жасаудың реті келді»,- дейді экономист-ғалым Атамұарт Шәменов.

 Мамандардың пайымдауынша, егер біз болашақта ауыл шаруашылығын жандандыра алмасақ, агро-өнімдер өндіруге, отандық ет-сүт өндірісіне жан бітіре алмасақ, онда Ресейдің кебін біз де киеміз. Біз енді Ресейден азық-түлік ала алмаймыз. Себебі Ресейдің өзіне жетпей жатыр. Мұнай арзандап, одан түсетін түсімі азайып, Еуропа елдері де ауыл шаруашылығы өнімдерін қымбаттатып жіберді. Қазір арзан азық-түлік импорты деген әңгіме жоқ. Себебі Ресейге тауар тасымалдай алмай қалған бірқатар Еуропа елдері бізге және басқа елдерге арзан азық-түлік енді бермейді. Сондықтан әркім өз күнін өзі көретін заман туып келеді. Ал бұл арада біз отандық өндіріске ғана арқа сүйей аламыз. Демек бізге шикізатты сыртқа шикі күйінше жібере бермей ең соңғы дайын өнімге дейін өнім өндіру саласының дамуына күш салу керек.

Қарлығаш Зарыққанқызы

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 2 ай бұрын

    Мунай химялык оддеу заботын тездетiп ашыу керек онсыз ештене стей алмайсыз кунделiктi тутынатын онiмдер казiр тутастай мунайдан айырып алынады ,казiр касiп орын. онiм ондiрiу ушiн кытайдан бастапкы матерялды акелуге мажбур мундай ондiрiс ешкашан басекелестiкке каблеттi болмаиды, мен бiлсем
    Мунай ХИМЯ ондеу заботтары алып кытайды оркендеттi.бiзде орта азяны арзан онiммен камдай алатын мумкiндiк бар.

    1
    Нидерландта теракт: түрік азаматы трамвайға оқ жаудырған (фото, видео)
    19/03 10:10 0 16
    2
    Ақтөбедегі теракт кезінде жараланған полиция қызметкеріне баспана берілді
    19/03 09:44 0 68
    3
    50 500 теңгелік әлеуметтік көмекті кімдер алады?
    19/03 09:37 0 207
    Тамшы
    19/03 09:31 0 64
    Билікті қорлағандар мен фейк жаңалық таратқандар заңмен жазаланатын болады
    19/03 09:28 0 170

    Таныстырылғандар

    Қазақстанның қай аймағында жоғары білім қымбатқа түседі?
    Қазақстанның қай аймағында жоғары білім қымбатқа түседі?
    Қазақстанның қай аймағында жоғары білім қымбатқа түседі?
    Баланың білім алуына қорды қашаннан бастап жинаған дұрыс және мұны қалай жасауға болады.
    Аудио тыңдау
    13/03/2019 11:49 0 637
    Түркістанда ана мен бала дәрігерін даярлайтын орталық ашылды
    Түркістанда ана мен бала дәрігерін даярлайтын орталық ашылды
    Түркістанда ана мен бала дәрігерін даярлайтын орталық ашылды
    Сондай-ақ, орталықтың ашылуына орай Түркістан облысы әкімдігі мен ЮНИСЕФ-тің қазақстандағы өкілі арасында меморандум түзілді.
    Аудио тыңдау
    13/03/2019 15:42 0 207
    Шенеунік: Пайғамбарымыз аңқау, Хадиша анамыз шатақ шығаруға бейім болған
    Шенеунік: Пайғамбарымыз аңқау, Хадиша анамыз шатақ шығаруға бейім болған
    Шенеунік: Пайғамбарымыз аңқау, Хадиша анамыз шатақ шығаруға бейім болған
    “Тіпті бір әйелге ие бола алмаған ынжық ерлер мен күйеуінің мойнына есекке мінгендей отырып алатын көкбет әйелдер ғана көп әйел алуға қарсы шығады”
    Аудио тыңдау
    14/03/2019 15:09 0 1918
    Бір баласы барлар да 21 мың теңге жәрдемақы алады
    Бір баласы барлар да 21 мың теңге жәрдемақы алады
    Бір баласы барлар да 21 мың теңге жәрдемақы алады
    Олар ұсынылған жұмыстан бірінші рет бас тартса, төлемнің 50 пайызынан, ал екінші рет жәрдемақыдан мүлде қағылады.
    Аудио тыңдау
    15/03/2019 08:12 1 1152
    Гүлшара Әбдіқалықова: Қайда барсам да, жалғызбасты ана шығады. Еркектер қорқақ болып кеткен бе?
    Гүлшара Әбдіқалықова: Қайда барсам да, жалғызбасты ана шығады. Еркектер қорқақ болып кеткен бе?
    Гүлшара Әбдіқалықова: Қайда барсам да, жалғызбасты ана шығады. Еркектер қорқақ болып кеткен бе?
    «Таңның атысы, күннің батысы жұмыс істеп, отбасын асырау керек"
    Аудио тыңдау
    15/03/2019 08:23 4 2216
    28 жастағы қылмыскер мешіттегі атысты видеоға түсірген (видео +18)
    28 жастағы қылмыскер мешіттегі атысты видеоға түсірген (видео +18)
    28 жастағы қылмыскер мешіттегі атысты видеоға түсірген (видео +18)
    Мешітке шабуыл жасаған жігіт өзін Брентом Тарант деп таныстырды.
    Аудио тыңдау
    15/03/2019 12:33 0 5740
    Халық банк шетелдік банктермен бәсекеге дайын
    Халық банк шетелдік банктермен бәсекеге дайын
    Халық банк шетелдік банктермен бәсекеге дайын
    2017-2018 жылдары Халық банктің басты атқарған міндеті – Qazkom мен Hakyk банктерін біріктіру болды.
    Аудио тыңдау
    15/03/2019 14:32 0 356
    Банктер Үкіметтен ақша алып, оны халыққа жоғары пайызбен несиеге беріп отыр – экономист
    Банктер Үкіметтен ақша алып, оны халыққа жоғары пайызбен несиеге беріп отыр – экономист
    Банктер Үкіметтен ақша алып, оны халыққа жоғары пайызбен несиеге беріп отыр – экономист
    Қазір елдегі банк саласына қатысты сын айтушылар да, жанашыр пейілмен ақыл-кеңес берушілер де жетіп-артылады
    Аудио тыңдау
    15/03/2019 16:38 0 1890
    Астанадағы жарылыстан бір адам қайтыс болды
    Астанадағы жарылыстан бір адам қайтыс болды
    Астанадағы жарылыстан бір адам қайтыс болды
    Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінен мәлімдегендей, әйелдің денесі сенбіге қараған түні сағат 01:18-де табылған.
    Аудио тыңдау
    16/03/2019 11:51 0 427
    Мұсылман әйел Жаңа Зеландиядғы теракт кезінде ерлік жасады
    Мұсылман әйел Жаңа Зеландиядғы теракт кезінде ерлік жасады
    Мұсылман әйел Жаңа Зеландиядғы теракт кезінде ерлік жасады
    Жаңа Зеландияда Хусне Ара Парвин атты әйел Әл-Нұр мешітіндегі атыс кезінде сал болып қалған күйеуі Фарид Уддинді құтқаруға тырысыпты.
    Аудио тыңдау
    17/03/2019 12:19 0 2772
    Жәрдемақы көбейгенмен, мәселелер азаймайтынын Үкімет біле ме?
    Жәрдемақы көбейгенмен, мәселелер азаймайтынын Үкімет біле ме?
    Жәрдемақы көбейгенмен, мәселелер азаймайтынын Үкімет біле ме?
    Биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік бюджет қызметкерлерінің жалақысын өсіру үшін Ұлттық қордан 980 млрд теңге алынады
    Аудио тыңдау
    18/03/2019 09:31 0 595
    Атырауда өзен жағалауынан 4,3 тонна өлі балық жиналды
    Атырауда өзен жағалауынан 4,3 тонна өлі балық жиналды
    Атырауда өзен жағалауынан 4,3 тонна өлі балық жиналды
    Атырау облыстық әкімдігі Жайық өзеніне ғылыми зерттеу жүргізуге 80 млн теңге бөлді
    Аудио тыңдау
    18/03/2019 09:41 0 258
    Жаңа Зеландиядағы атыс кезінде қаза болған Пәкістан азаматы ерлігі үшін марапатталады
    Жаңа Зеландиядағы атыс кезінде қаза болған Пәкістан азаматы ерлігі үшін марапатталады
    Жаңа Зеландиядағы атыс кезінде қаза болған Пәкістан азаматы ерлігі үшін марапатталады
    Жаңа Зеландиядағы Крайстчерчте (Оңтүстік арал) екі мешітте атыс болып, соның салдарынан 50 адам қаза тапты.
    Аудио тыңдау
    18/03/2019 14:11 0 183
    Әлемнің үздік 3 банкінің қатарына қазақстандық банк кірді
    Әлемнің үздік 3 банкінің қатарына қазақстандық банк кірді
    Әлемнің үздік 3 банкінің қатарына қазақстандық банк кірді
    12 наурызда Нью-Йоркте "Global Finance" журналы жыл сайынғы дәстүр бойынша 26-шы рет әлемнің үздік банктерін марапаттады.
    Аудио тыңдау
    18/03/2019 15:07 0 240
    Наурыз көжені ұлттық брендке айналдырудың 3 тетігі
    Наурыз көжені ұлттық брендке айналдырудың 3 тетігі
    Наурыз көжені ұлттық брендке айналдырудың 3 тетігі
    Егер біз отандық кәсіпорындарға наурыз көжені жасауды міндеттесек, оның жасалу технологиясы да дами түсетіні даусыз.
    19/03/2019 09:21 0 84