Ресейді дүр сілкіндірген үш күн (фото, видео)

Ресейді дүр сілкіндірген үш күн (фото, видео)
ⒸПравмир

2018 жылдың 31 желтоқсанында әлем Жаңа 2019 жылды қарсы алуға дайындалып жатқанда  Ресейдегі Магнитогорск қаласының тұрғындары үшін бұл  қаралы күн болды. Соңғы дерек бойынша, 39 адам қаза тапқан. Ресми дерекке сәйкес, тосын оқиға газдың жарылу салдарынан болды. Алайда халық арасында «теракт орын алды» деген сыбыс таралды. Қалада күніне екі мәрте брифингтер өтіп жатыр, дегенмен нақты ақпарат әлі белгісіз немесе айтылмады.

2 қаңтардың кешінде Карл Маркс көшесінде орналасқан үйдің маңындағы апат мемориалына тұрғындар гүл мен ойыншықтар әкеліп жатты. Күннің аяз болғанына қарамастан халық құрбандарды үнсіздікпен ұзақ еске алды. Айнала толған өрт сөндірушілер. Ауадан күлдің иісі мүңкіп тұр.

Жалпы 31 желтоқсаннан кешегі күнге дейінгі Магнитогорскідегі жағдай қалай өрбіді? Шолып өтелік...

Магнитогорск

31 желтоқсан: жарылыс пен опырылған үй

31 желтоқсан таңға жуық Юлия Орлова қатты соққының дауысынан оянады. Әлгі соққы бірнеше секунд бойы үш мәрте қайталанған. Юлия Карл Маркс көшесіндегі №164 үйге көршілес аулада тұрады.

Магнитогорск

Ал қаланың өзге тұрғындарын ұялы телефондарға тоқтаусыз келген хабарламалар оятқан. Сағат таңғы 8:12-де ресейліктердің ұялысына төтенше жағдайлар министрлігінен «Карл Маркс көшесінде орналасқан үйдегі жарылыс» жайлы хабарлама келіп түсті. Кейін еріктілерден кезекті хабарламалар келді. Онда еріктілер үйі қирап қалған тұрғындарға көмектесулерін өтінген. 10 минуттан соң радио сөйлей бастады.

8:30-да көк түтінге боялған таң атты. Күл 200 метрге дейінгі қар мен көліктерді, үйлерді басып қалды.

Ресми дерекке сәйкес, подъезде 111 адамның тұратыны тіркелген. Төтенше жағдайдан кейін 79 адамның тағдыры белгісіз еді, ал қалғандары не тірі, не өлі күйінде табылып жатты.

Магнитогорск

Қиранды үйдің алды өрт сөндірушілерге толды, айналадан тек айқайлаған, жылаған дауыстар естілді.

Подъезд тұрғынының журналистерге берген сұхбатына сүйенсек, түнде қабырғалар мен едендердің қирай бастаған дауысынан оянып кеткен. Терезесі ыңғайлы жерде орналасқандықтан, дүкеннің шатырына шығып, көршілеріне де шығуға көмектескен.

Көмек көрсету үшін үлкен пышақ, металл сұраған еркектердің дауысы анық естілді. Үстіңгі қабаттардан жерге пышақтар ұшты.

Сағат 11-ге таяу қаза тапқандардың саны 3-ке жетті, зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Қираған үйге жақын №14 мектепте уақытша штаб құрылды. Магнитогорск тұрғындары зардап шеккендерге жылы күртеше, көрпе, азық-түлік, су, балалар тағамын тасып жатты.

Президент Путин апатты естіген бойда қалаға ұшып келіп,  жедел отырыс өткізді. Қала губернаторы Путинге «жағдайды толық шешеміз» деп уәде берді.

1 қаңтар: Эвакуацияның дауысы мен өртенген «Газель»

Жаңа жыл түні құтқарушылар тұрғындардан отшашуды пайдаланбауды сұрады. Алайда бұған кей адам құлақ аспады.

1 қаңтарда құтқарушылар тобы жұмысты тоқтатуға мәжбүр болды, қабырғалардың тағы құлап жатқаны туралы ақпарат тарады. Қиранды үйдің арасында жапа шеккендерді іздеп иттер жүр. Бірде иттердің бірі тұрған орнында қатып қалады. Иттің адамды исін сезгенін иесі бірден түсінді.

Сөйтіп құтқарушылар үйіндінің арасынан 11 айлық Ваня Фокинаны алып шықты. Фокиндер қираған подъездегі пәтерде тұратын. Өрт кезінде анасы 3 жасар баласын алып үлгерген, ал қараңғыдан 11 айлық сәбиді іздеп табу мүмкін болмады. Ал күйеуі Евгений Фокин апат уақытында жұмыста болыпты. Келесі күні күні бойы құтқарушыларға көмектесумен жүрді.

Сәбиді бірден ауруханаға жеткізді, әлі де жағдайы ауыр.

1 қаңтарда түннің ортасында қалалық басты шырша орналасқан Магнитогорск әкімшілігі маңынан атыстың әрі өрттің дауысы естілген. Куәгерлер ВКонтакте желісіндегі пабликтерде полицияның өртенген «Газельді» апара жатқан сәтін көргендерін жарыса жазып жатты. Көбі мұны теракт деп бағалады.

Магнитогорск

Жергілікті жерде ресми дерек нақты айтылмағандықтан тұрғындар арасында түрлі сыбыс тарады. Бәрі дерлік теракт екеніне сенімді.

1 қаңтардың кешінде апат болған үйге көрші көшедегі үйден адамдардың эвакуацияланып жатқаны жайлы ақпарат тарады. Хабарламаның асты мыңдаған пікірге толды. Көбі құтылып кеткен террористер Ленин көшесіндегі үйге тығылған деп болжады.

2 қаңтарда журналистер әлгі үйге барды. Алайда №84 үйдің тұрғындары ешқандай эвакуацияның, шудың болмағанын айтты. Анықталғандай, бәрі тек сыбыс қана.

2 қаңтар күні 31 адамның қайтыс болғаны анықталды. Алайда бұл цифр күн санап артатындай еді. Оқиға орнында 100-ге жуық құтқарушы жұмыс істеді.

2 қаңтар: аза тұту

Жергілікті билік 2 қаңтарды аза тұту күні деп жариялады.

Магнитогорск

Пәтер иелері губернатордан баспана беруін талап етті. Тіпті адамдар подъезі бар үйде тұрудан қорқып қалған. Өзге тұрғындар үйлеріндегі қауіпсіздікке алаңдаулы.

Кейбірі подъездерінің қирап бара жатқанын айтып шағымданды.

Көпқабатты үйде тұратындар жер үйдегі туысқандарына уақытша көшті.

3 қаңтар: 39 қаза

Үй үйіндісінің астынан жалпы саны 39 адамның мәйіті табылды. 4 қаңтар қалада алғашқы жерлеу рәсімі басталуы тиіс.

2-сінен 3-іне қараған түні Андрей Синебрюхов пен Ольга Баталованың денесі табылды. Екі баласы үйде қонбағандықтан тірі қалған. Туысы Татьянаның айтуынша, Андрей 31-і түнгі ауысымға шығуы тиіс еді, ал Ольга 1-і шығуы тиіс. Арсения мен Ксения Жаңа жылды ата-аналарымен қарсы ала алмайтын болғандықтан нағашы ата-әжесінің үйінде болған.

Магнитогорск

Татьяна мәйітханадан інісі мен келінінің денесін таныды. Андрейдің беті толық күйіп қалған, ал Ольганы қолындағы білезігінен таныды. Журналистердің өзге сұрақтарына Татьяна жауап бере алмады, себебі ол жылай берді...

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Балғынбек Имаш: Алла деп "Крещениеде" суға түскен, Мұсылманға мұнафиқ мінез келді
    20/01 23:22 0 242
    2
    Қазақстандық имамдар қанша жалақы алады?
    20/01 14:14 0 506
    3
    Жол ережесін бұзсаңыздар, полицияға "дәлеліңізбен келіспеймін" деп жазып беріңіз
    20/01 09:27 0 6888
    Өнертанушы ретінде атақты суретшілердің картиналарын қалай оңай ажыратуға болады?
    20/01 02:37 0 422
    Ширек ғасырда еркін күрестен бір әлем чемпионын баптауға жарамадық...
    19/01 15:38 0 1376

    Таныстырылғандар

    Алматыда 30 көлік соқтығысқан ірі жол апаты орын алды (фото)
    Алматыда 30 көлік соқтығысқан ірі жол апаты орын алды (фото)
    Алматыда 30 көлік соқтығысқан ірі жол апаты орын алды (фото)
    Белгілі болғандай, кейбір автокөліктер бір-бірімен соғысса, біреуі жол ортасындағы жақтауға соғысқан
    Аудио тыңдау
    10/01/2019 17:39 0 1582
    Абаев Қарағандыға қатысты: Ұлт пен дінге жаба салу – ең оңай жол
    Абаев Қарағандыға қатысты: Ұлт пен дінге жаба салу – ең оңай жол
    Абаев Қарағандыға қатысты: Ұлт пен дінге жаба салу – ең оңай жол
    БАҚ-та жарияланып жүрген ақпараттарды жіті қадағалау және бақылауды қолыңызға алған жөн.
    Аудио тыңдау
    11/01/2019 11:13 0 2988
    Қазақ жігітінен бала сүйген конголық Мониканың қазіргі жағдайы қалай? (фото)
    Қазақ жігітінен бала сүйген конголық Мониканың қазіргі жағдайы қалай? (фото)
    Қазақ жігітінен бала сүйген конголық Мониканың қазіргі жағдайы қалай? (фото)
    Моника қазақ жігіттен бала сүйгенімен, өз "сүйіктісін" таба алмай қалды.
    Аудио тыңдау
    11/01/2019 12:33 0 3865
    Зорланған бойжеткен гинекологтың сұмдық ісін айтты: Жатырыма қайшы тығып жіберді
    Зорланған бойжеткен гинекологтың сұмдық ісін айтты: Жатырыма қайшы тығып жіберді
    Зорланған бойжеткен гинекологтың сұмдық ісін айтты: Жатырыма қайшы тығып жіберді
    Бойжеткеннің сөзінше, өткен жылдың мамыр айында үйіне отбасының танысы болған ер адам қонаққа келген.
    Аудио тыңдау
    11/01/2019 15:08 0 12325
    Жүкті Жанар: Тергеушілер қысым көрсетіп, мені ұрды
    Жүкті Жанар: Тергеушілер қысым көрсетіп, мені ұрды
    Жүкті Жанар: Тергеушілер қысым көрсетіп, мені ұрды
    Бүгінгі өткен сот отырысында қылмысты жасырды деп айыпталған Жанар Толыбаева түсініктеме берді.
    Аудио тыңдау
    11/01/2019 17:46 0 3247
    Денис Теннің мәйітіне медициналық сараптама жасаған маман жаңа деректер айтты
    Денис Теннің мәйітіне медициналық сараптама жасаған маман жаңа деректер айтты
    Денис Теннің мәйітіне медициналық сараптама жасаған маман жаңа деректер айтты
    Миы ісіп, ішкі органдарының қаназдығына ұшыраған. 17:00-де көз жұмғаны тіркелді
    Аудио тыңдау
    11/01/2019 20:12 0 7220
    Тағы да төбелес: 3 адам зардап шекті (видео)
    Тағы да төбелес: 3 адам зардап шекті (видео)
    Тағы да төбелес: 3 адам зардап шекті (видео)
    Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжінің алдында төбелес болды
    Аудио тыңдау
    11/01/2019 20:49 0 3885
    Мәскеу соты Жомарт Ертаевқа қатысты шешім шығарды
    Мәскеу соты Жомарт Ертаевқа қатысты шешім шығарды
    Мәскеу соты Жомарт Ертаевқа қатысты шешім шығарды
    Бүгін Мәскеу қаласында Жомарт Ертаевқа қатысты сот отырысы өтті.
    Аудио тыңдау
    11/01/2019 21:32 0 1252
    Анасын 9 жыл іздеген ақтөбелік жігіт: Анамды тапқаныма қатты өкінемін
    Анасын 9 жыл іздеген ақтөбелік жігіт: Анамды тапқаныма қатты өкінемін
    Анасын 9 жыл іздеген ақтөбелік жігіт: Анамды тапқаныма қатты өкінемін
    Мен анам туралы мәліметті "Однаклассниках" әлеуметтік желісі арқылы таптым.
    Аудио тыңдау
    11/01/2019 22:32 0 8400
    Жантүршігерлік өрттің салдарынан бір адам қаза тапты (видео)
    Жантүршігерлік өрттің салдарынан бір адам қаза тапты (видео)
    Жантүршігерлік өрттің салдарынан бір адам қаза тапты (видео)
    Якутскіде көппәтерлі үй өртеніп, құтқарушылар 50 тұрғынды эвакуациялады
    Аудио тыңдау
    12/01/2019 12:13 0 1539
    "Денис Тен пышақтан қорыққан жоқ": Қылмыскер спортшыны қалай өлтіргенін айтып берді
    "Денис Тен пышақтан қорыққан жоқ": Қылмыскер спортшыны қалай өлтіргенін айтып берді
    "Денис Тен пышақтан қорыққан жоқ": Қылмыскер спортшыны қалай өлтіргенін айтып берді
    Жамбыл облысының тумасы Нұралы Қиясов Денис Тенді өлтіргенін мойындап, қалай қылмыс жасағанын айтып берді
    Аудио тыңдау
    14/01/2019 16:17 0 1624
    Әжесі 7 жыл құлдықта ұстаған 22 жастағы жетім: Білім алып, үйленгім келеді
    Әжесі 7 жыл құлдықта ұстаған 22 жастағы жетім: Білім алып, үйленгім келеді
    Әжесі 7 жыл құлдықта ұстаған 22 жастағы жетім: Білім алып, үйленгім келеді
    Қазір мыңғырған малмен өмірін өткізген жас жігіт әпкесін паналап отыр.
    Аудио тыңдау
    15/01/2019 11:44 0 4324
    Бақытты өмірді зерттеген танымал психологтың "бақытсыз" өлімі
    Бақытты өмірді зерттеген танымал психологтың "бақытсыз" өлімі
    Бақытты өмірді зерттеген танымал психологтың "бақытсыз" өлімі
    Әрине, кәсіпкер әйелі Карнегидің атағына нұқсан келгенін қаламағаннан ба, жоқ отбасылық бизнестің бұзылуынан қорықты ма, белгісіз?
    Аудио тыңдау
    16/01/2019 16:18 0 1580
    "Жынын шығарамын" деп жанын шығарған бақсы: Күдікке ілінгеніме өкінбеймін
    "Жынын шығарамын" деп жанын шығарған бақсы: Күдікке ілінгеніме өкінбеймін
    "Жынын шығарамын" деп жанын шығарған бақсы: Күдікке ілінгеніме өкінбеймін
    Полиция дерегінше, Шамалған ауылының тұрғыны ауыр дене жарақатынан қайтыс болған.
    Аудио тыңдау
    17/01/2019 10:05 0 1034
    Астаналық тұрғын суицид жасамақ болған адаммен 2 сағат сөйлесіп, аман алып қалды (видео)
    Астаналық тұрғын суицид жасамақ болған адаммен 2 сағат сөйлесіп, аман алып қалды (видео)
    Астаналық тұрғын суицид жасамақ болған адаммен 2 сағат сөйлесіп, аман алып қалды (видео)
    Аталмыш оқиға 15 қаңтарда Иманов-Жұбанов көшелерінің қиылысында орын алған.
    Аудио тыңдау
    17/01/2019 11:00 0 582