• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 17:06:14
Алматы
+35°

25 Қазан, 2018 Ғылым-білім

Ресейдегі қазақты үш топқа бөлуге болады

Ресейдегі қазақтардың толық саны белгісіз, оны нақты айту қиын

Алматы қаласында қазақ тілін тегін үйретіп жүрген «Alma Club-ының» негізін қалаушы Аман Кенжебайұлын әңгімеге тартқан едім:  

-Амангелді қазіргі қазақ тілінің жағдайы жайында не айтасыз?

 -Демография тілдің дамуына қатты әсер етеді, ол өзгеріс 80-90-шы жылдары басталды, ал 2000 жылдары арта түсіп, анық көріне бастады, әсіресе түрік халықтары қасында өмір сүріп жатқан қазақтар бірінші орында. Қазақтың орта жасы қазір  21-22 жас, ал еуропалық ұлттарды алатын болсақ, ол славяндар, оның ішінде орыстардың орта жасы 41. Яғни бұл жерде ең жас ұлттар қатарына қазақтарды жатқызуға болады. Болашақ қазақ тілінде, болашақ қазақтарда демек. Еліміздегі демографияға қарасақ, Батыс пен Оңтүстік Қазақстанда демография өсуде, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл облыстарында медицина дамып, сапасы жақсарып, өлім көрсетілімдері де азайып отыр. Яғни сол аумақтарда қазақша сөйлейтін халық көбейді. Бұрын қазақ тілінде сөйлейтін адамдар 40  пайыз болса, қазір 70 пайызды құрады. Жылдан-жылға бұл көрсеткіштер өсіп жатыр, ертең ол көрсеткіштер 90 пайызға жетуі мүмкін. Кез келген мемлекетте мемлекеттік тілдің өмір сүруінің негізгі принциптерінің бірі – тілді қолданушы қауымының көп болуы, қуантатыны елімізде халық саны, оның ішінде қазақ тілді қауымы өсуде. Демек қазіргі таңда елімізде қазақ тілді қауымның саны өсе түсті. Миграцияны қозғайтын болсақ, сыртқа кетіп жатқан өзге ұлт өкілдері көбінесе славяндар, ал Қазақстанға көшіп келіп жатқан ұлттардың бірі қазақтар. Яки бұл елде қазақ тілінде сөйлейтін халық көбейді деуге болады. Жастарды алатын болсақ, 0 - 6 жасқа дейін әлі мектепке бармаған қазақтар екен, ал 1 сыныпта оқитын балаларды алатын болсақ, бұрынғыдай а, б ғана емес, тіпті и,к сыныптары да ашылуда яғни ол қазақша мектептерінің жетіспей жатқандығын көрсетеді. Осы қазақ мектептерінің жетіспегендігінен 1 сынып арасында бұрынғыдай 4 сынып емес, 12 сынып ашылуда. Осының бәрі қазақи қауым санының артуын білдіреді.  Қазақ тілді қауым көбейуімен бірге білім сапасы да өсуде, қазіргі таңда қазақ тілінде ғылымның әр түрлі саласындағы әдебиеттер қазақ тілінде жазылып, шығарылуда.  

Өзім Ресейде туып өстім, ол елде қазақ халқы көп, оларды үш топқа бөлуге болады: біріншісі, өкінішке қарай, ана тілімізді білмейтін, салт-дәстүрді білмейтін, ұстанбайтын қазақтар  бар, оған ықпалын тигізген Ресейдің ұзақ жылдар бойы жүргізген саясаты. Ресейде жалғыз-ақ қазақ мектебі бар, оның өзін Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің көмегімен ашылған және де бүкіл методика, әдебиеттер Қазақстаннан әкелінген. Екінші топ олар өздерінің қазақ екенін біледі, қазақ тілінде сөйлейді, бірақ өздерін Ресей азаматтары деп санайды, үшінші топ олар ана тілді, дінді, ділді құрметтейтін, болашақтарын қазақ елімен байланыстырып, елге қайтып келіп жатқандар. Тарихи деректер бойынша қазақтардың мекендеген жерлері: Омбы, Алтай, Сібір, Астрахань, Орынбар, Сарытау болып саналады. Дін жағына келсек, көбісі мұсылман, бірақ арасында атеистер, тіпті христиан дінін қабылдағандар да бар. Астраханьда тіл жағдайы енді-енді жақсарып келеді, өйткені түрлі тілге байланысты клубтар ашылып, жастар интернет арқылы ақпарат алып, ана тілдерін үйренуде,  ал Омбы, Орынбор қалаларында қазақ тілінің ахуалы нашар, ал Сібір қазақ елімен тарихи байланысы болғандықтан, ол жақта тілдің жағдайы өте жақсы, өйткені ол жақта қазақ еліне байланысты түрлі тарихи орталықтар бар және де әр Сібірдегі қазақта елде туыстары бар болғандықтан әрдайым Қазақстанмен тығыз байланыста болады. Жоғарыда айтып кеткен үшінші топтың көпшілігі елге көшіп кеткен.  Ресейдегі қазақтардың толық саны белгісіз, оны нақты айту қиын, біреуі 500 мың, біреуі  600  мың, кейбіреулер 1 миллион дейді тіпті. Қазір қазақ тіліне деген қызуғышылық арта түсті, көп шетелдіктер меңгеріп алып жүр. Біз өз тарапымыздан Алматыда «Alma Clubы» атты қазақ тілін тегін оқыту курстарын аштық, енді жуырда Астанада ашуды жоспарлап қойдық. Осылай Қазақстанның барлық қалаларында ашқымыз келеді. 

Тіл мәселесі елім деп соққан әрбір жүректі толғандырады, ана тіліне селқос қараған адам тәрбиесіз, надан десе болады. Тіліміздің бағын жандырмай отырған да өзіміз, осы Аман сияқты өз еліне жанашыр азаматтарымыз көп болса, еліміздің болашағы үшін еш күмінданбаса да болар еді.  

Қымбат Керейбай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір