• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 19:54:38
+35°

07 Қыркүйек, 2018 Әлеумет

Ресейдегі қазақ тіліне деген құрметсіздіктің тағы бір көрінісі

1,5 миллион қазақ ұлты өмір сүретін Ресейде қазақ тілін оқытатын бір ғана мектеп бар.

Жеңіс Әмірдің жазбасынан: 1,5 миллион қазақ ұлты өмір сүретін Ресейде қазақ тілін оқытатын бір ғана мектеп бар. Оның өзі Алтай аймағындағы Құлынды ауданында орналасқан. Қаржыландыратын өзіміздің Қазақстан.

Ал 3,5 миллион орыс ұлты өмір сүретін Қазақстанда 1500-ге жуық орыс мектебі, 400-ге жуық қазақ-орыс мектебі, 58 өзбек, 2 тәжік, 2 ағылшын, 18 ұйғыр тілдерін тереңдетіп оқытатын мектептер бар. Оларды да қаржыландыратын біздің мемлекет.

Әділеттілік қайда? ҚР азаматтарына деген алғыстары қайда? Мен әр мектепті, мектепке дейінгі білім беру орталықтарын 100 пайыз мемлекеттік тілге ауыстыруды ұсынамын. Ал аймақтардағы тұрғындарға байланысты алдағы 10 жыл ішінде әр қаладан шет тілдерді оқытатын бір-бір мектептен қалдыру керек. Ал 10 жылдан кейін әр түрлі ұлттың азаматы өз ана тілін факультатив пән ретінде оқиды. Ресей 2017 жылдан бастап дәл осындай әдіске көшкен еді. Бұл жоғарғы оқу орындарына да байланысты.

Жұлдызай Форттың Facebook-тегі парақшасынан 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір