• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:23:14
Алматы
+35°

12 Ақпан, 2018 NEWS

Ресейдегі апатқа ұшыраған ұшақта қазақстандықтар болған жоқ

11 ақпан күні Ресейде апатқа ұшыраған Ан-148 ұшағында болған жолаушылар арасында Қазақстан азаматтары жоқ

Алдын ала мәлімет бойынша, Ресейде апатқа ұшыраған Ан-148 ұшағында болған жолаушылар арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов мәлім етті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Әнуар Жайнақов өзінің фейсбук парақшасына жариялады.

«Алдын ала мәлімет бойынша, Ресейдің Мәскеу облысында апатқа ұшыраған Ан-148 ұшағында болған жолаушылар арасында Қазақстан азаматтары болған жоқ. Ресейдегі біздің дипломаттар жергілікті қызметтермен ұдайы байланысып отыр және жағдайды бақылауды жалғастыруда. Әуе апатында қаза болған барша жандардың отбасылары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз», - деп жазды Әнуар Жайнақов Фейсбуктегі парақшасына.

Еске салсақ, 11 ақпанда Мәскеудің Домодедово әуежайынан көкке көтерілген Ан-148 жолаушылар ұшағы көп ұзамай радардан жоғалып кетті. Кейін ұшақ қалдықтары Мәскеу облысының Раменск ауданында табылғаны мәлім етілді.  «Саратов әуе желілері» компаниясына тиесілі ұшақтың бортында 65 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болды. Олардың барлығы ашал құшты. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір