• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 01:56:18
Алматы
+35°

30 Сәуір, 2019

Ресейде оқып жатқан қазақ студенттерінің саны қанша?

Павел Шевцовтың айтуынша, Қазақстанда русистиканың ерекше мектебі қалыптасқан.

Ресейдің  жоғары оқу орындарында 70 мыңнан астам қазақстандық студент білім алуда деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Спутник порталына сілтеме жасап. 

"Жыл сайын 12 мыңға жуық қазақстандық Ресейге оқуға түседі", - деді "Россотрудничество" жетекшісінің орынбасары Павел Шевцов.

"Россотрудничество" 450 орынға квота ұсынады. Осы орынға 3 мыңға жуық адам өтініш тапсырды. Бұл қазақстандықтар арасында Ресейдің жоғары оқу орындарына қызығушылық бар екенін көрсетеді",-  деді Павел Шевцов.

Айта кетсек, бүгін елордада орыс тілі мен әдебиеті оқытушылары қауымдастығының XIV халықаралық конгресі басталды. Жиында "Көптілді әлемдегі орыс тілі" мәселесі талқыланатын болады.

"Конгресті Нұр-Сұлтан қаласында өткізу шешімі қабылданды. Бұл Қазақстанның халықтар арасындағы бейбітшілік пен татулықты сақтау ұстанымын қолдауды білдіреді. Қазақстандықтар қазақ және орыс тілдерінде еркін сөйлейді",- деді "Россотрудничество" өкілі.

Павел Шевцовтың айтуынша, Қазақстанда русистиканың ерекше мектебі қалыптасқан. Элеонора Сүлейменова, Галина Власова, Шолпан Жарқынбекова, Нұрсұлу Шәймерденова, Тамара Котлярова, Евгения Журавлева, Татьяна Кривощапова сынды филологтар барша әлемге танылған.

Орыс тілі мен әдебиеті оқытушылары қауымдастығының алғашқы конгресі осыдан 50 жыл бұрын өткен. Форум бұған дейін бірнеше елде ұйымдастырылды.

Ұсынған: Әділет Мәдениет 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір