• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:46:15
Алматы
+35°

04 Тамыз, 2018 NEWS

Ресейде Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырап, 18 адам қаза тапты

Ресейдің Краснодар аймағында Ми-8 тікұшағы құлаған

Ресейдің Краснодар аймағында Ми-8 тікұшағы құлаған. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі Риа новости сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Тікұшақта барлығы 18 адам болған, оның үшеуі экипаж мүшелері. Барлығы да көз жұмды», - делінген хабарламада. Белгілі болғандай, тікұшақта «Анкор» компаниясының қызметкерлері болған.

Ми-8 тікұшағы ұшып кеткеннен кейін екі километр ұшқан соң құлаған. Ол қиратылып, өртеніп кеткен. Сонымен қатар, тікұшақ адамдар жүрмейтін жерге барып құлаған екен.

Апаттың салдары, алдын-ала тексеру нәтижелері бойынша, техникалық қателік немесе пилоттың қателігінен болуы мүмкін.

Жергілікті ТЖД қызметкерлерінің мәлімдеуінше, апат Игарка аймағынан екі километр жерде сағат жергілікті уақытпен 10:20 шамасында орын алған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір