• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 16:47:26
Алматы
+35°

04 Мамыр, 2018 Әлеумет

Ресейде енді Viber бұғатталуы мүмкін

Егер ФСБ шифрлау кілтін ала алмаса, онда сотқа жүгінуі мүмкін. Сот Telegram мессенджеріне ұқсас шешім қабылдайды.

Егер Viber мессенджері Федералдық қауіпсіздік қызметіне қолданушылар хат-хабарын шифрлау кілтін бермесе, Telegram мессенджерінің кебін киеді. Бұл туралы Ресей ақпарат және бұқаралық коммуникация министрі Николай Никифиров мәлімдеді.

«Егер ФСБ шифрлау кілтін ала алмаса, онда сотқа жүгінуі мүмкін. Сот Telegram мессенджеріне ұқсас шешім қабылдайды», -  деді Никифоров.

Министр бұған қоса Роскомнадзор басшысы Александр Жаровтың отставкаға кетуі мүмкін деген ақпаратқа қатысты комментарий бермейтінін мәлімдеді.

Мәскеу соты сәуір айының ортасында Telegram мессенджерін Ресей арнайы қызметіне қолданушылар жазысқан хат-хабарды шифрлеу кілтін бермегені үшін бұғаттап тастаған. Роскомнодзор мессенджерге кіруді шектеу үшін 20 миллион IP-адресті бұғаттаған. Бірақ көптеген қолданушыда Telegram жұмыс істеп тұр.

30 сәуірде Мәскеуде «Еркін инетрнет үшін» деп аталатын мыңдаған адам қатысқан министг өткен. «Левада-центр» ұйымы жүргізген сауалнама бойынша, ресейліктердің 31 пайызы ғана мессенджерде жазысқан жеке хат-хабары құқық қорғау органдарының сұрауы бойынша биліктің қолына берілгенін қолдамайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір