• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 17:50:03
Алматы
+35°

10 Қаңтар, 2018 Оқиғалар

Ресей Жер бетінен жойылып кетудің алдында тұр

Ресейде туу көрсеткіші 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда 10-11 % төмен болған

Ресейде алдағы 15 жылда 21 мен 39 жас арасындағы әйелдердің саны үш есеге азаяды. Яғни, дүниеге сәби әкелетін әйелдер саны 2032 жылға қарай 3 есеге кемиді. Бұл жайында Ресейдің Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Максим Топилин баяндады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Топилиннің айтуынша, бүгінде дүниеге нәресте әкелуге қауқарлы әйелдердің саны 28 пайызға кеміген. Осы тұста министр ана атанатын әйелдерге «келер күнге үлкен сенім қажет» дейді.

Сонымен қатар, Ресейде туу көрсеткіші 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда 10-11 %  төмен болған.

Ал 2018 жылы тұп-тура 2017 жылдағыдай туу көрсеткіші болса, оның өзін жетістік деп бағалап отыр.

Қорыта келгенде, дүниеге келетін бала саны жыл сайын артпаса да, бір қылапты сақтап қалу көзделіп отыр. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір