• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 07:35:01
Алматы
+35°

05 Қаңтар, 2019 NEWS

Ресей шиит мұсылман мемлекеттерінің одақтасына айналды

Ресей – изгой, шыққынш, «агрессор, терроризмнің спонсоры» атанып келеді

АҚШ Қытай экономикасына тарифтік экономикалық шектеу қойды. АҚШ пен Европалық Одақ Ресейге үсті үстіне санкциялар салып жатыр. Ресейдің кінәсі – ол Украинадан Қырымды заңсыз тартып алды, бұл іс жүзінде аннексия еді. Халықаралық тиянақтылық пен  халықаралық құқықтық  қалыптасқан шекараларды жоққа шығару деген осы. Ресей Украинаның Шығыс өлкелеріне әскер кіргізіп, сепаратистік ресейшілдік жалған республикалар – Луганск пен Донецк республикалары ту көтерді де, олар Украинаның одан ары ыдыратпақ. Ресей мен Украина конфронтациясы 2014 жылдан басталып әлі  жалғасып келеді. Бұл соғыс тым ұзаққа созылып кетті. Ресейдің сыртқы саясаты Батыс елдерімен өшпенділесу жолымен келе жатыр. Ресейдің Батыс елдерімен, оның ішінде АҚШ пен Европалық Одақ мемлекеттерімен жанжалдасу – жалпы саны 30 астам елдермен жауласты деуге болады. Батыс елдері Ресейге озық технология бермейтін болған, бұл жағдай  Ресейді ғылыми технологиялық мешулікке әкеліп соғады. Соңғы төрт-бес жыл аралығында Ресей экономикасы стагнацияға түсіп, тұрмыс дәрежесі төмендеп келеді. Ресей басшысы Қытай  басшысымен АҚШ-қа қарсы одақ құра алмады. Яғни, Ресей – изгой, шыққынш, «агрессор, терроризмнің спонсоры» атанып келеді. Соңғы жылдары Ресейдің абыройы төмендеп барады, ол мұсылман шиит мемлекеттерінің одақтасына айналды. Сирияның алауит-шиит  бастаған Асад режимін қолдап, сол сияқты Иранның шииттік сыртқы саясатын қолдады,  әлемдегі 90% мұсылман суннитердің ызасын тудыруда. Кеңес одағы, ССРО келмеске кеткен тұста «ССРО-ны қайта қалпына келтіремін» - деп Ресей өзінің  империялық арам пиғылын көрсеткен еді. ҚР Президентінің сыртқы саясаты елімізді Ресеймен арадағы конфронтациясдан сақтап келеді. Сол сияқты еліміздің территориялық тұтастығы қамтамасыз етілді. Әрине, бұл жағдай – Қазақстан дипломатиясының нақты жемісі. Ресей мен Украина конфронтациясы ,Ресей мен  АҚШ қарсыластығы Ресейді «Екінші қырғи қабақ соғысына» апарды.

Жағдайы мүшкіл Ресей бізге қарсы лаңкестік жасай алмас дейміз. Бірақ, жау жоқ деме, жар астында. Кезінде Ресей жанама қарулы топтардың күшімен Приднестровьені және Молдавиядан бөліп алған. Сонымен қатар, Ресей Грузиямен 2008 жылы соғысып Оңтүстік Осетияны, Абхазияны бөліп алған.

Қазақстан Каспий теңізінің халықаралық мәртебесін анықтап, бізге тиісті ең үлкен еншімізді анықтап, заңдастырып алдық. Қазақстанның беймаза көршісінің бірі – Иран. Иран - Батыс елдерінен - АҚШ пен Европалық Одақ мемлекеттерінен – санкциялық қыспақ көріп келеді. Иран ядролық қаруды астыртын дайындауда деген деректер де баршылық. Сол ядролық қару Израильге немесе басқа мемлекетке қолдана ма, ол – белгісіз. Сондықтан, АҚШ пен Еуропалық Одақ мемлекеттерімен санкциялық қыспағы бекер емес десек те болады.

 Әлемде ықпалды мемлекет қатарында Қытай мемлекеті бар. Қытайдың экономикалық потенциалы әлемде екінші орында. Ал Қытайдың даму қарқыны АҚШ-тан да жоғары. Бірақ, Қытай – коммунистік идеологиядағы ел. Соңғы жылдары Қытай мемлекетінің экономикалық концепті Дэн Сяо Пиннің курсынан тайғанын байқаймыз. Сол сияқты, ішкі саясатта маоизм саясатына  қайтып келу байқалады. Қытайдың ұлттың азшылықтарын мұсылмандық терроризм айыбын тағып, қазақ этникалық азшылығын жаншу саясаты байқалады. Бұл – Қытайдың ішкі істері, оған бас сұқпаңдар деп уәж айтуда, бірақ адам құқығы әлем мойындаған талап екенін Қытай да мойындайды. Соңғы уақытта бұл бағытта бірқатар «жылымық белгілерін» көріп тұрмыз. Қытайда саны аз ұлттарға қатысты саясатын жұмсартады деген үміт бар. Осы орайда, отандастар ата мекенге оралса деген арман бар.

АҚШ – әлемдегі ең қуатты мемлекет.Трамптың экономикалық саясаты АҚШ-тың экономикасына жаңа қуат беріп, даму қарқының өскенін байқаймыз. АҚШ-тың геосаты, алдымен, Еуропалық Одақты жуасытты, одан кейін Қытайды сабасына түсірді. Сонымен, экономикалық геосаясат – «әділ сауда принциптері, сол сияқты интеллектуалдық құқықтықты мойындау» қалыпқа келді. АҚШ-тың президент тағына жұмсақ интеллектуал Обаманың орнына ірі бизнесте миллиардер Трамп келді. АҚШ- иммигранттар елі, бірақ АҚШ-қа миллиондаған адам көшіп келеді. Оларға жұмыс табу, жұмыссызарға пособие-ақшалай көмек беру – Үкіметтің міндеті. Енді Латын Америкадан қара құрым босқын АҚШ шекарасын бұзып кірмек. Трамп президент ретінде босқындар толқынын темір бетон қабырға салып, иммигрант нөпірін  тәртіпке келтірмек.Бүгінде Трамп саясаты қатты сыналуда. Ал Қазақстан АҚШ-пен стратегиялық әріптестік орнатқаны белгілі. Енді елімізде кеңейтілген стратегиялық әріптестік нығайып келеді. Бұл жағдай Қазақстанның егемендігінің тағы бір кепілі, экономикалық қатынастарды ынталандырады, инвестициялардың келуіне себепкер болмақ. Қазақстанның үш ірі көрші мемлекеттері АҚШ пен ЕО санкцияларға түскен елдер. Қазақстан АҚШ пен ЕО санкцияларының ережелерін бұзбау керек. Егер сол шарттарды бұзса, бізге шаралар қолданылатын болады.

Барлық көрші мемлекеттермен Қазақстан  экономикалық қатынастарын дамытып келеді. Мәселен, темір жол күре тамырына айналған Жібек Жолы Қытай мен Еуропаны темір жол  торабымен байланыстырып берді. Ресейді айналып өтетін темір жол бізге де қолайлы темір жол болды. Қазақстан-Қытай экономикалық қарым-қатынасы тез дамыды. .Сол сияқты, Қазақстан-Түркменстан - Иран темір жолы экономикалық қатынастарды күшейтті. Бұл темір жол бағыты Қытай – Қазақстан – Түркменстан – Иран, одан ары Парсы шығанағына жол ашты. Сонау Лян Юн Ганнан басталған жол енді «Жібек Жолы»  арқылы Қорғас – Шығыс дәлізінен өтіп, осы  транспорттық-логистикалық  жүйе Қазақстан, Түркменстан, Иран, Парсы шығанағының Араб мемлекеттеріне Қытайға сауда жолын ашты. «Жібек Жолы»  темір маршрутының  потенциалы тағы да өсті.

Әзімбай Ғали

Nazerke Labihan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір