• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 14:05:18
Алматы
+35°

28 Желтоқсан, 2016 Саясат

Ресей саясаттанушысы: Әбілязов «Орыс-қазақ қатынасын» ақпараттық соғыспен әлсіреткісі келеді

Ресей мен Қазақстан арасындағы интеграциялық үдерістердің беріктілігі сыналып жатыр»

Ресей мен Қазақстан арасындағы интеграциялық үдерістердің беріктілігі сыналып жатыр»

ЕАЭО саммитіне бірер апта бұрын баспасөзде қазақстандық шенеуніктер мен ірі кәсіпкерлерге ақпараттық жойқын шабуыл жасалды.

«Еуразиялық экономикалық одақтың саммиті мен Санкт-Петербургтегі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) тұрғысынан алып қарағанда Ресей мен Қазақстанды қандай стратегиялық маңызды қарым-қатынастар байланыстыратын айқын білуге болады» – деп мәлімдеді саясаттанушы Сергей Михайлов. Сарапшының пікірінше, бұны Назарбаевтың питерлік саммиттің басталуына бір күн қалғанда келгені де айтады.  Жексенбі күні Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев заманауи инновациялық технологиялардың дамуына үлес қосып келе жатқан кәсіпорындардың бірқатарын аралап шықты.

«Екі ел арасындағы экономикалық және саяси қарым-қатынас жаңа деңгейге шықты, интеграциялық үдерістер күшейіп келеді, – деп жағдайға пікір білдірді Михайлов. – Бірақ, интеграциялық үдерістердің посткеңестік кеңістікте күшейтілуі Батыста қарсылық білдіру әрекетін жасауға тырысатын күштердің қарсы реакциясын тудырады. Бұл жолы саммитке бірер апта қалғанға дейін баспасөзде қазақстандық шенеуніктер мен ірі кәсіпкерлердің қатарына ақпараттық жойқын шабуыл ұйымдастырылды.

Бақылаушылар БАҚ-тағы бұл компроматты қазақстандық банкир Мұхтар Әбіләзовтың Францияда түрмеден босатылуымен байланыстырады. Францияның қоғамдық кеңесі ресейлік бас прокурордың олигархты экстрадициялау жайлы өтінішін қабылдамады. Қазақстанда саяси шиеленіс туғызып, республикада жағдайды тұрақсыз ету үшін қазір батыстық баспасөз Әбіләзовтан кезекті саяси «диссидент» жасап отыр,» – деді саясаттанушы.

Сарапшының пікірінше, қазақстандық шенеуніктер мен кәсіпкерлерге қарсы «компромат» бейберекет жасалғаны таң қалдырады. Дәлел ретінде атақты банкир Кеңес Рақышевтің хаты интернет бетінде тарап кетуі бұрмалануға ұшырағанын айтуға болады және фотошоп мен тіркелмеген пошта адресін байқау үшін маман болудың қажеті жоқ.

«Өзі тұрған елді қаралау мақсатында ұйымдастырылған Мұхтар Әбіләзовтың ісі батыстық қорғаушылардың алдында өз беделін қайтарып, өзіне қылмыстық қуғындауды тоқтату үшін қазақстандық басшылықты осылайша басқысы келеді», – деп есептейді саясаттанушы.

Саясаттанушының пікірінше, дәл қазір Ресей мен Қазақстан арасындағы интеграциялық үдерістердің беріктілігі сыналып жатыр: «Стратегиялық қарсыластардың арандату пиғылы іске асып кетпеу үшін біздің қоғам, саяси қызметкерлер бұл тақырыпқа аса зор ыждаһаттылықпен қарау керек».

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір