• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 14:23:58
Алматы
+35°

15 Тамыз, 2017 NEWS

Ресей Қазақстанға көл сыйға тартты ма?

Көл Купино ауданы орталығынан 5 шақырым жерде орналасқан. Шекараны анықтау жұмыстары аяқталғанша Сладкое көлі Ресей Ферерациясының меншігінде болған

Ресейдің Новосибирск облысындағы Сладкое көлі Қазақстан Республикасына берілді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Новосибирск облысы Купино ауданының басшылығы порталының мәліметіне сүйеніп.

Көл Купино ауданы орталығынан 5 шақырым жерде орналасқан. Шекараны анықтау жұмыстары аяқталғанша, Сладкое көлі Ресей Ферерациясының меншігінде болған.

"Қазіргі уақытта шекараны белгілеу жұмыстары аяқталған соң, Сладкое көлі толығымен Қазақстан Республикасының аумағында жатыр", – деп ескертті облыс басшылығы. Ескерту аталмыш көлге аң аулауға баратын жергілікті жер тұрғындары мен Новосибирск, Омбы тұрғындарына тікелей қатысы екенін жеткізді.

Аталған жаңалықты отандық ақпарат агенттіктері жарыса жазуда. Sputnik Қазақстан бұл туралы мәлімет алу үшін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне хабарласқанын жазды, алайда ведомство қандай да бір ақпарат беруге дайын емес екенін тілге тиек етті. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір