• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 17:53:23
Алматы
+35°

29 Қыркүйек, 2018 NEWS

Ресей қазақстандық тауарларға шектеу қойып жатыр

Ресей ветеринарлық және фитосанитариялық бақылау қызметінің мәлімдеуінше, әлгі өнімдер Ресей мен Еуразия экономикалық одағының

Ресей 5 бірдей қазақстандық компанияның өнімдерін санитарлық талапқа сай емес деп шара қолданып жатыр. Көрші елдегілердің айтуынша, біздің елден экспортталған құс еті мен балық, шұжық және ет консервілерінің құрамында ветеринарлық-санитарлық талаптар өрескел бұзылған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасының ақпаратын негізге алып. 

Ресей ветеринарлық және фитосанитариялық бақылау қызметінің мәлімдеуінше, әлгі өнімдер Ресей мен Еуразия экономикалық одағының санитарлық талаптарына сай келмейді. Өйткені бір компанияның консервленген майшабақтарынан денсаулыққа аса қауіпті бензапирен көміртегі екінші рет анықталыпты. Енді оған 29-шы қыркүйектен бастап Ресейге өнімін тасымалдауға уақытша шектеу қойылған. Өнімдері сапасыз деп танылған қалған 4 компанияның тауарларына қатысты зертханалық бақылау күшейтіліпті. Екінші рет кемшілігімен көзге түссе, оларды да осындай жаза күтіп тұр. Ресей онсыз да біздің мал шаруашылығы өнімдерімізге қарашадан бастап шектеу қоймақ. Оның себебі, Қазақстан тарапы тасымал мерзімдерін дұрыс сақтамайды екен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір