• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:11:35
Алматы
+35°

02 Қазан, 2018 Әлем

Ресей мұсылмандардан неге қорқады?

гер елге босқындар кірсе, жергілікті тұрғындар мен босқындар арасында азық-түлікке талас тууы мүмкін.

Қытайлық Sohu басылымы Ресейдің босқындарды не себепті елге кіргізбейтінін саралап, материал дайындаған екен. Qamshy.kz ақпарат агенттігі қытайлықтардың көтерген мәселесі өзекті екендігін ескере отырып, оқырман қауымға қазақ тілді аудармасын ұсынады. Бір қызығы, ресейлік БАҚ-тың өзі бұл проблемаға баса назар аударып, орыс тіліне аударуға асығыпты.

Территориясы Ресейден кіші болғанымен халқының саны миллиардтан асатын Қытай «Жер көлемі ең үлкен мемлекетте адам саны неге аз?» деген сауалға жауап іздеп көріпті. Сарапшы сауалына жауап тапты да. Айтуынша, бұл сұрақ аса қатты ойлануды қажет етпейді, жай ғана Ресей мұсылмандардан қорқады-мыс. Босқындар үшін Ресейдің қақпасы тарс жабылған. Неге? Әрі қарай мақаласын былайша өрбітеді..

Тарихқа сенсек, босқындарды қабылдау – мемлекеттегі тұрғындар санын бір сәтте көбейтетін әдіс. Оңтүстік Қытайдың дамуы – босқындармен тікелей байланысты. Бұл әдісті өзге елдер де тиімді пайдаланды. Мәселен, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Франция мен Германия жұмыс күшін толықтыру үшін босқындарды қабылдаған. Есесіне бүгінгі күні екі елдің демографиялық жағдайы жоғары. Тіпті жер территориясы жөнінен Ресейден кішкентай Швециядағы халықтың саны Ресейден асып түседі.

Бүгінде дәл Ресей секілді халық санының жетіспеушілігінен зардап шегіп жатқан мемлекет жоқ. «Жауынгер ұлт» соғыс арқылы әлемдегі жер көлемі жағынан ең үлкен мемлекет жасай алды, ірі әскері мен демографиялық ресурсының арқасында көркейді. Алайда бүгінгі күні «соғыссыз қалған» Ресей жерінің көп бөлігі тұрғынсыз қалған. 17 миллион шаршы шақырым жерде небәрі 140 миллион адам тұрады екен. Ресейліктердің көп балалы болуды қаламауы да – бұған бірден бір себеп.

ССРО-ның құлауының басты себебі – демография. Бұл жағдайды түзету үшін Совет үкіметі ондаған жылдар бойы жұмыс істеді, алайда нәтиже бермеді. Енді Ресейдің бір ғана жолы қалды – босқындарды қабылдау. Мәселен, Таяу Шығыста босқындар көп. Оларды қабылдау арқылы халық санын 10 миллионға көбейтуге болады. Бірақ Ресей босқындарды кіргізуге түбегейлі қарсы. Тіпті олардың елге кіріп кетпесі үшін қауіпсіздік шаралары қатаң қолданады. Неге? Жауап қарапайым – Ресей қорқады.

Біріншіден, мұсылман

Ресей халқының 20 пайызы мұсылман. Әрі бұл Ресей үшін үлкен қиындық туғызып тұр. Билік елді тік тұрғызған мұсылман мемлекеті Шешенстан үшін мұсылмандардан қорқады. Егер мұсылмандарды тартатын болса, оларды бақылау да мүмкін болмай қалады.

Екіншіден, өзге елдің қателігін қайталамау

Соңғы он жылда көптеген мемлекет босқындардың кесірінен жаппай күйреуге ұшыраған. Батыс Африкадағы Кот-Д^Ивуар, сонымен қатар Таяу Шығыстағы Ливан. Мұны бақылап отырған Ресей өз мемлекеті үшін қорқады. Территориясы кең болғанымен тұрғыны жеткіліксіз, сол себепті босқындардың соққысына шыдай алмауы мүмкін. Егер олар мемлекетке қастық жасаса, кеш болады.

Үшіншіден, Ресей экономикаға алаңдайды

Бүгінде Ресей экономикасы құлдырау шегінде. Халқы да кедейленіп барады. Егер елге босқындар кірсе, жергілікті тұрғындар мен босқындар арасында азық-түлікке талас тууы мүмкін. Ал мұның нәтижесі ірі көтеріліске ұласады. Ресейдің алаңдап отырған негізгі мәселелерінің бірі – осы.

 

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір