• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:52:25
Алматы
+35°

12 Қаңтар, 2017 Саясат

Ресей елшісін өлтірген қылмыскердің денесі аты-жөні анықталмағандардың зиратында жерленбек

Ресейдің Түркиядағы елшісін өлтірген Мевлют Мерт Алтыншаштың туыстары оның денесін мәйітханадан алып кетуден бас тартқандықтан оны белгісіз зиратқа көмбек...

Ресейдің Түркиядағы елшісін өлтірген Мевлют Мерт Алтыншаштың туыстары оның денесін мәйітханадан алып кетуден бас тартқандықтан оны белгісіз зиратқа көмбек деп хабарлайды ria.ru.

Бұған дейін қылмыскердің денесін алып кетпейтінін Мевлют Мерт Алтыншаштың әпкесі хабарлады. Жергілікті заң бойынша туған-туыстары оның денесін 15 күннің ішінде алып кете алады. Ал Алтыншаштың денесі мәйітханада жатқанына 24 күн болды.

Қазіргі таңда жерлеуге қатысты сұрақтар шешіліп жатыр. Одан кейін қылмыскердің денесін жерлігікті билікке тапсырады.

Ресейдің Түркиядағы елшісі болған  Андрей Карлов 19 желтоқсанда Анкарадағы фото көрмеде жас полицей Мерт Алтыншаштың қолынан қаза тапты. Ресейдің СІМ аталмыш оқиғаны теракт деп атады. Ресейдің тергеу комитеті «Халықаралық терроризм әрекеті» деген баппен қылмыстық іс қозғады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір