• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:49:08
Алматы
+35°

22 Маусым, 2017 NEWS

Ресей елшілігі Франция үкіметіне нота жолдады

Ресей елшілігі  Францияның сыртқы істер министрлігіне нота жолдады. Бұл туралы

Ресей елшілігі  Францияның сыртқы істер министрлігіне нота жолдады. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі Ремблер ақпараттық сайтының мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

Рособоронэкспорт делегациясының басшысы Сергей Корневке   қастандық әрекеті жасалды. Осы оқиғаға байланысты Ресей елшілігі Францияның сыртқы істер министрлігіне шағымданып, нота жолдады.

Естеріңізге сала кетейік,  заңсыз әрекет  сейсенбі күні Сан-Дениде, делагация басшысы жұмыстан қайтып келе жатқан бойда  автокөлік ішінде орын алған. Қылмыскерлер  мансапты қызметкерден ақша талап етіп, құнды дүниелерін  тартып әкеткен, сондай-ақ автокөліктің терезелерін сындырып, талан-тараж еткен.

Біраз мүлкінен айырылған Корнев өзінің  парасаттылығы арқасында төлқұжатын сақтап қала алған.  Қазіргі таңды күдіктілер  ұсталып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. 

Шолушы:Ақерке Маратқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір