• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 14:16:47
Алматы
+35°

18 Наурыз, 2019 Әлем

Ресей экономисі: АҚШ әлемді әлі 40 жыл билейді

АҚШ экономикасындағы айрықша серпіліске  өзге елдер қызғанышпен қарап отыр.

Ресейдің бұрынғы Қаржы министрі, Есеп палатасының басшысы Алексей Кудрин «әзірге АҚШ экономикасы әлсіремейді» деген пікірде.

Оның айтуына қарағанда, «АҚШ тарапы әлі 40 жылдан астам уақыт бойы әлемдік экономикада басымдық танытады. Содан кейін ғана барып америкалықтардың экономикасы әлсірей бастайды». Ол бұл пікірін «Москва. Кремль. Путин» атты бағдарлама барысында айтты.

–Әлемдік соғыс пен бәсекелестік алдағы уақытта экономика саласында болады. Әзірге әлемнің бір-ақ елі ғана экономикада басымдығын танытып отыр. Бұл жағдай 40 жылға созылуы мүмкін. Содан кейін ғана барып АҚШ экономикасы әлсірей бастайды, –деп мәлімдеді ол аталған бағдарлама барысында.

Алексей Кудриннің айтуына қарағанда,  қазірдің өзінде Трамптың біржақты саясатының арқасында АҚШ тарапы орасан зор табыс тауып отыр. Бір ғана сырттан келетін Қытай тауарларына сауда салығын салу арқылы ел бюджетіне миллиард доллар қосымша пайда түсіп отыр. Бірақ  АҚШ экономикасындағы айрықша серпіліске  өзге елдер қызғанышпен де қарап отырғанын жасырмау керек.

Бірақ АҚШ экономикасы соншалықты серпінді дамып жатқанына қарамастан, елдің әскери шығыны мен берешегі жыл сайын артып барады. 2019 жылдың ақпан айындағы АҚШ -тың сыртқы қарызы 22 триллион долларға жетті. Соңғы бір айдың өзінде сыртқы берешек 90 миллиард долларға өсіп, 22,01 триллион долларды құрады.

Өкінішке қарай, Дональд Трамптың  президенттікке түсер алдында халыққа  берген уәдесі орындалмай қалды. CNN  ақпарат агенттігінің хабарлауына қарағанда, соңғы айда  АҚШ-тың сыртқы қарызы 2 триллион долларға артқан. Ал Барак Обаманың 8 жыл  мемлекеттік басқаруы кезінде сыртқы берешек 9 триллион долларға ғана артқанын айта кетейік.

Берік Бейсенұлы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір