• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 20:00:40
Алматы
+35°

08 Қыркүйек, 2017 Әлеумет

Рамзан Қадыровтың қоры Мьянманың 15 мың тұрғынына көмек көрсетеді

Ахмат-Қажы Қадыров атындағы аймақтық қоғамдық қоры Мьянмаға гуманитарлық көмек жіберуді бастады.

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Бангладешпен шекаралас Ракхайн штатының лагерьлерінде қоныстанған босқындардың жұмадан бастап азық-түлік алатынын, ал қазанның басында киімдер жіберілетінін хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Ахмат-Қажы Қадыров атындағы аймақтық қоғамдық қоры Мьянмаға гуманитарлық көмек жіберуді бастады. Бұл туралы Рамзан Қадыров өзінің Инстаграмдағы парақшасында хабарлады. Басышының айтуынша, қазанның басында 15 мың адамға көмек көретіледі.

«Бүгін менің өкілім Зияд Сабсаби Бангладеш пен Мьянма шекарасынан  10 шақырым қашықтықта орналасқан апатты лагерьді аралап қайтты. Лагерьді бүгінде 160 мың адам паналайды. Ертеңнен бстап Қадыров қоры көмек жібереді. Қазанның алғашық күндерінде 10 мың бала мен, 5 мыңға жуық ересек адамдар жаңа киімдерге ие болады», – деп жазды Қадыров 7 қыркүйек күні.

 

«Рохинджаға соғыс керек емес, олар бейбітшілікті қалыптастыратын саясатқа зәру. Қосымша митингілердің де қажеті жоқ. Ресейдегі миллиондаған адамның шеруі бүкіл дүние жүзінің көзін ашты. Бәрі алаңдаушылық тудырып оты», – деп жазды өзінің парақшасына.

Еске сала кетейік, Мьянма билігі елді мұсылмандардан тазалау операциясын жүргізуде. Ресми деректерге сүйенсек, бүгінде 400-ден астам адамның өмірі қиылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір