• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 14:01:11
Алматы
+35°

02 Мамыр, 2019 NEWS

Рамзан Қадыров немерелі болды

Шешен лидері "Вконтактедегі" парақшасында қуанышымен бөлісті.

Шешенстан Республикасының президенті Рамзан Кадыровтың алғашқы немересі дүниеге келді. Бұл туралы мемлекет басшысы әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялаған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Менің қымбатты немерем, менің Тұрпал-Әлиім, сен әлі тым кішкентайсың. Бірақ, сені бізге сыйлаған Жаратушы, сенің әлі бекіп үлгермеген мойныңа үлкен жауапкершілік жүктеді. Біріншіден, саған ислам дәуірінің ұлы жауынгері имам Әлидің атын бердік, екіншіден, сенің әкең Пайғамбарымыздың ағасы Хамзаның есімін арқалап жүр және үшіншіден, сен шешен халқының ұмытылмас құтқарушысы Ахмат-қажының шөбересісің. Міне, балақай, өзіңе қандай жауапкершілік артылғанын көрдің бе?" - деген жазба арқылы шешен лидері "Вконтактедегі" парақшасында қуанышымен бөлісті.

Естеріңізге сала кетсек, Рамзан Кадыровтың 10 баласы бар, кенжесі – Абдуллах – 2016 жылы дүниеге келген болатын.

Ұсынған: Дәурен Сыбанбай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір