• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 11:37:10
Алматы
+35°

06 Мамыр, 2019 NEWS

Рамазан айына байланысты тегін автобустар қатынайды

Рамазан айына байланысты мұсылман қауымына Нұр-Сұлтан қаласында арнайы тегін автобустар ұйымдастырылады

Рамазан айына байланысты мұсылман қауымына Нұр-Сұлтан қаласында арнайы тегін автобустар ұйымдастырылады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Астана LRT» ЖШС-нің сайтына сілтеме жасап.

Автобустар тарауих-намазынан кейін бірнеше бағыттар бойынша қатынамақ. Ыңғайлы болу үшін жасалып жатқан бұл игі шара тегін жүргізілетін болады. Яғни намаздан шыққан әрбір мұсылман Қасиетті Рамазан айында діттеген жеріне тегін жете алады. Автобус қатынайтын бағыттар:

- «Әзірет Сұлтан» мешіті («Спутник» супермаркеті, т/ж вокзалы, Көктал 1, 2 т/а);

- «Нұр Астана» мешіті (Көктал 1, 2 т/а, вокзал, мед. колледжі);
- Ырыскелді қажы мешіті («Үркер» т/а);

- «С. Ғылмани» мешіті (Көктал 1 т/а, «Кирпичный» т/а»);

- «Ақмешіт» мешіті («Мастер» Т/О).

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір