Əр қазақ мына зағип поляктан үлгі алса...

Əр қазақ мына зағип поляктан үлгі алса...
Ⓒqamshy.kz

23 жастағы Польша азаматы Вячеслав Чернев тоғыз тіл біледі. Оның ішінде қазақша еркін сөйлейді. Зағип болса да, еңбекқор, талантты жігіт Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірін қалт жібермей қадағалап отырады. Елімізге алғаш келген қонақпен Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі сұхбаттасты.

— Қазақстанға бірінші рет келіпсіз, бұл сіздің қазақтілді ортамен алғаш араласуыңыз ба?

– Иә, бұл – Қазақстанға бірінші сапарым. Өзім Варшава университеті Шығыстану факультетіндегі Түркітану және Орта Азия халықтары кафедрасының доктарантымын.  Башқұрт, татар, қазақ халықтарының тіл мен мәдениеті маған ешқашан жат болған жоқ.

Жалпы мен басында башқұрт тілін үйреніп, сол арқылы қазақ тіліне қызығушылығым оянды. Уфа қаласындағы Башқұрт филология факультетінде студенттермен башқұртша сөйлесіп жүргенмін. Кейін қазақ студенттерімен араласа келе, қазақ тілін меңгердім.

Башқұрттар мен қазақтар бір-бірінің тілін тез түсінеді деп ойлаймын. Қазақ тілін ең алғаш Орынборда  көз дәрігеріне қаралып жүргенімде естідім. Сырттай татар, башқұрт тілдеріне қатты ұқсаттым.

Қазақстанда қазақтардың көпшілігі орысша ойлайды. Тек Қазақстанда ғана емес, Башқұртстанда да осындай сана қалып қойған.

Тек қазақша ғана сөйлеуім орыс тіліне немесе басқа тілдерге қарсы шығамын деген сөз емес. Қазақстанға арнайы келіп отырған соң осы елдің мемекеттік тілінде сөйлеуді жөн көремін.

–Қазақ, башқұрт тілдерін не мақсатта үйрендіңіз?

– Ең алғаш Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінде жоғары білім алдым. Онда ағылшын, француз бөлімдерінде оқыдым. Ағылшын тілін меңгерген адамды кез келген жерде табуға болады. Қазақстанда болсын, Башқұртстанда болсын,  ағылшын тілін білетін маман көп. Ал башқұрт, араб, қазақ тілдері онша таралмаған. Осы мақсатта Башқұрт мемлекеттік педагогикалық  университетінде башқұрт, араб тілдерін оқыдым. Жоғарыда айтқанымдай, қазақ тіліне деген қызығушылығым башқұрт тілін үйреніп жүрген кезден басталды.

Ағылшын, француз тілдерін мектеп кезінен оқыдым, ал башқұрт тілі мен қазақ тілін,сөйлесетін орта болмағандықтан, өз бетіммен игеруіме тура келді. Грамматикаға қатысты мағлұматтарды ғаламтордан таптым.

–Қазақ тілін үйрену кезінде қандай да бір қиындықтар болды ма?

– Қазақ тілін үйрену мен үшін аса қиын болды дей алмаймын. Себебі қазақ тілі башқұрт тіліне өте ұқсас. Әрине, айырмашылықтар бар. Мысалы, башқұрт тілінде «хенле» деген сөз бар. Қазақ тілінде ол – «сіңлі», алайда мен «сіңлі» деген сөзді қолдана алмаймын. Себебі ер адамның сіңлісі емес, қарындасы болады.  Башқұрттарда «қарындаш» деген сөз бар, бірақ ол көне сөз болып саналады. Осы жағынан аздап шатастым. Қанша дегенмен, фонетикалық жағынан да біраз өзгешелік бар.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Әр қазаққа қазақ тілін білгені – парыз, білмегені – ұят», – деді ғой. Осы орайда мынадай сұрақ туады: зағип жандар, дислексиясы бар адамдарға да осындай талап қойылуы керек пе? Сізше қалай?

Біз олардың қазақ тілін үйренуіне көмектесуіміз қажет. Ағылшын, поляк, т.б. тілдерде көзі көрмейтіндерге арналған дыбыстық бағдарламалар бар. Алайда қазақ тіліндегі нұсқасы жоқ. Сондықтан соқырлардың дені қазақша емес, орысша сөйлейді. Ал брайль жүйесін жастардың көпшілігі қолданбайды. Брайльмен шығатын кітап аз, маңызды кітаптар мүлде жоқ деуге болады. Қазіргі технологиялар дамыған заманда дауыс жүйесі іске қосылған бағдарламалар кеңінен қолданылып жатыр. Қазақша бағдарлама жасалуы керек, әйтпесе қазақ тілін үйренуге мүмкіндік болмайды.

Жаңа латын әліпбиіндегі апострофтар қарапайым адамдарға қиындық тудырады. Ал соқырларға ше? Дыбыстық бағдарлама апострофпен жазылған сөздерді оқи алмауы мүмкін. Апострофпен жазылған қарапайым «с» немеше «ш» әріптерін зағиптар қалай айырады. Сондықтан диакритикалық белгілерді қолданған жөн деп ойлаймын.

–Жалпы қанша тіл білесіз?

–Тоғыз тіл білемін. Ағылшын, поляк, орыс, неміс, башқұрт, татар, түрік тілдерін жақсы меңгергенмін. Испан тілін түсінемін, бірақ қатемен сөйлеймін. Ал қазақшама өзіңіз баға беріңіз (күледі).

–Тоғыз тіл білетін полиглоттан тілді тез үйренудің құпиясын сұрағым келіп отыр...

–Кез келген тілді оның грамматикасын түсінбейінше, үйренуге болмайды. Әр сөзді жаттағанда мысал құрастырып, ұғынып жаттау керек.

– Ұлтыңыз кім?

– Орыс десеңіз де, поляк десеңіз де болады. Мен өзімнің шыққан тегімді бес ұрпаққа дейін тексергенде оның аралас екенін білдім. Менде орыстың да, поляктың да, белорустің де қаны бар.

–Өмірге деген құлшынысты қайдан аласыз?

– «Құдайға иланбайтын болсам, мен ешнәрсені басқара алмайтын едім» деген жақсы сөз бар. Осы сөзді әрқашан айтып жүремін. Достарым, жақындарым, отбасым мені қатты қолдайды. Яғни өмірге деген құлшынысты осы кісілерден аламын.

 Сұхбаттасқан Назерке Мұса

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 6 ай бұрын

    Алла жар болғай,қазақ тілінің қадір қасиетін түсінген жан екен.Үлгі алу керек қазақ боламын деген жандар.

    • 6 ай бұрын

      Вячеслав ер екен!

      • 6 ай бұрын

        кози кормегенине карамастан енбек етип жур молодец

        1
        Алматыдан 729 шақырым қашықтықта жер сілкінді
        18/08 11:25 0 49
        2
        Шығыста Шәкәрімнің 160 жылдығы аталып өтті
        18/08 10:32 0 191
        3
        "Қазақфильм" неге дүрлікті?
        17/08 19:00 0 234
        "Мұхтар Жәкішевті мазақ қылуды доғару керек"
        17/08 17:42 0 1214
        Қарағандыда кондуктор жолаушыны соққыға жықты
        17/08 17:23 0 518

        Таныстырылғандар

        Шыңжаң қазақ поэзиясы өкілдеріне үңілгенде
        Шыңжаң қазақ поэзиясы өкілдеріне үңілгенде
        Шыңжаң қазақ поэзиясы өкілдеріне үңілгенде
        Таяу заманғы Шынжаң қазақ әдебиетіне аялдағанда ақындар шоғыры аз болған жоқ
        21/07/2018 12:40 0 1541
        Астанаға алғаш рет «ТМД аруы-2018» халықаралық байқауының қатысушылары жиналды
        Астанаға алғаш рет «ТМД аруы-2018» халықаралық байқауының қатысушылары жиналды
        Астанаға алғаш рет «ТМД аруы-2018» халықаралық байқауының қатысушылары жиналды
        Байқауға қатысушылар өз ұлттық киімдерін, сондай-ақ кешкі көйлектерін бар сән-салтанатымен киіп шығады
        23/07/2018 10:15 0 861
        Танымал спортшыларда оққағар болуы тиіс деп ұсыныс тастады Сәпиев Серік
        Танымал спортшыларда оққағар болуы тиіс деп ұсыныс тастады Сәпиев Серік
        Танымал спортшыларда оққағар болуы тиіс деп ұсыныс тастады Сәпиев Серік
        Тек мықты, дәулетті шенділерде ғана жеке оққағар бар
        25/07/2018 00:13 0 1126
        «Бәрі де рахмет үшін!» қайырымдылық дүкені ашылды
        «Бәрі де рахмет үшін!» қайырымдылық дүкені ашылды
        «Бәрі де рахмет үшін!» қайырымдылық дүкені ашылды
        Айта кетейік, қайырымдылық көрсету орнын ашу туралы ұсыныс осыған дейін Алакөл ауданы іскер әйелдерінің бірінші форумында айтылған болатын.
        30/07/2018 11:01 0 681
        Ерлер моншасындағы әдеп нормалары
        Ерлер моншасындағы әдеп нормалары
        Ерлер моншасындағы әдеп нормалары
        Әрине, бәрі жалаңаш. Жиырмаға енді келген тазалықшы қыз аш бүйірін таянып қақ ортада тұр.
        08/08/2018 12:03 0 2566
        "Олар малмен жыныстық қатынасқа түскен". Горожанкин қызметінен кетті
        "Олар малмен жыныстық қатынасқа түскен". Горожанкин қызметінен кетті
        "Олар малмен жыныстық қатынасқа түскен". Горожанкин қызметінен кетті
        «Мәселе генде. 19 ғасырда Қазақстанда саяхаттаған саяхатшылардың жазбасында жергілікті тұрғындар малмен жыныстық қатынасқа түсетіні...
        09/08/2018 21:41 0 639
        Тобырлық мәдениет қазақты тоздырып барады
        Тобырлық мәдениет қазақты тоздырып барады
        Тобырлық мәдениет қазақты тоздырып барады
        Бүгінгі қазекеңнің мархұм болған адамды о дүниеге жөнелтіп салуының өзінен –ақ орысқа еліктеушіліктің және басқа да тобырлықтың неше атасын көресіз.
        10/08/2018 15:07 0 6067
        Алматы облысының өзінде бір аптада бес сәби педофилдердің құрбаны болған
        Алматы облысының өзінде бір аптада бес сәби педофилдердің құрбаны болған
        Алматы облысының өзінде бір аптада бес сәби педофилдердің құрбаны болған
        Ләззат Ахатова ханым «Педофилдерге өлім жазасы тағайындалсын!» деген петицияға қол жинауды бастады
        13/08/2018 10:07 0 718
        Мұғалім намаз оқыған оқушыларды балағаттап, бөлмеден қуып шықты (видео)
        Мұғалім намаз оқыған оқушыларды балағаттап, бөлмеден қуып шықты (видео)
        Мұғалім намаз оқыған оқушыларды балағаттап, бөлмеден қуып шықты (видео)
        Аталған оқиға видеоға түсіп қалған.
        13/08/2018 12:14 0 1037
        "Намаз оқыған оқушыларды балағаттаған мұғалім жазаланатын болды"
        "Намаз оқыған оқушыларды балағаттаған мұғалім жазаланатын болды"
        "Намаз оқыған оқушыларды балағаттаған мұғалім жазаланатын болды"
        Бүгін әлеуметтік желіде намаз оқып жатқан спорт мектебінің оқушыларын балағаттаған мұғалімнің видеосы тараған болатын.
        13/08/2018 16:31 0 1092
        Норвегке тұрмысқа шыққан қазақ қызы: балаларымды қазақша махаббатпен тәрбиелеймін
        Норвегке тұрмысқа шыққан қазақ қызы: балаларымды қазақша махаббатпен тәрбиелеймін
        Норвегке тұрмысқа шыққан қазақ қызы: балаларымды қазақша махаббатпен тәрбиелеймін
        Күйеуіммен интернет арқылы таныстық.
        14/08/2018 17:45 0 2686
        "Гиганттан" сақтаныңыз: Жалғызбасты ананы риэлторлар мұзға отырғызып кетті
        "Гиганттан" сақтаныңыз: Жалғызбасты ананы риэлторлар мұзға отырғызып кетті
        "Гиганттан" сақтаныңыз: Жалғызбасты ананы риэлторлар мұзға отырғызып кетті
        Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы С. Жолманова да риэлтор жағына шықты.
        14/08/2018 16:08 0 1919
        Намаз оқыған оқушыларды балағаттаған мұғалім халықтан кешірім сұрады
        Намаз оқыған оқушыларды балағаттаған мұғалім халықтан кешірім сұрады
        Намаз оқыған оқушыларды балағаттаған мұғалім халықтан кешірім сұрады
        Тараздағы "Атлетик" спорт кешенінің мұғалімі Алмат Баетов мұсылман қауымнан кешірім сұрады.
        14/08/2018 21:20 0 283
        Дәрігердің ұлын өлтірді деген күдіктінің отбасы жанжалдың себебін айтты
        Дәрігердің ұлын өлтірді деген күдіктінің отбасы жанжалдың себебін айтты
        Дәрігердің ұлын өлтірді деген күдіктінің отбасы жанжалдың себебін айтты
        Жанұр кездесу күнін белгілеген. Біздің баламыз онымен бетпе-бет кездесуге барды.
        15/08/2018 12:54 0 954
        Жүйкесі жұқарған шымкенттік тәрбиеші балалардан ақысын алды
        Жүйкесі жұқарған шымкенттік тәрбиеші балалардан ақысын алды
        Жүйкесі жұқарған шымкенттік тәрбиеші балалардан ақысын алды
        Орта жастағы тәрбиешінің 30 жылдық жұмыс тәжірибесі бар-мыс. Аталған жайттың Шымкенттегі қай бала бақшада орын алғаны әзірге белгісіз.
        17/08/2018 10:39 0 417