• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:14:07
Алматы
+35°

23 Мамыр, 2019 Спорт

Қуат Хамитов: Әзірбайжанда әділдік орнатамын (видео)

Қуат Хамитов қарымта жекпе-жекетің өтетін орны мен күні туралы да мәлімдеген.

Осы күзде қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат "Найман" Хамитов пен әзірбайжандық Нариман Аббасов арасында реванш өтуі мүмкін. Бұл туралы Қуат Хамитов Vesti.kz сайтына айтқан деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  

Қуат Хамитов қарымта жекпе-жектің өтетін орны мен күні туралы да мәлімдеген.

"Қазіргі кезде Аббасовпен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Мен шайқастың күнін белгілеуді күтемін. Қарымта жекпе-жекті қыркүйек айында Әзірбайжан астанасы Баку қаласында өткіземіз деп ойлаймын. Сол кезде әділдікті қалпына келтіремін", - деп айтқан Хамитов Vesti.kz сайтына берген сұхбатында.

Естеріңізде болса, 27 сәуірде Мәскеу маңындағы Мытищи қаласында ресейлік Fight Nights Global промоутерлік компаниясының белбеуі үшін өткен бәсекеде Хамитов Нариман Аббасовтан төрешілердің  шешімімен жеңілген. Ол жекпе-жек шешімінің әділетсіз болғанын айтып, апелляциялық шағым да түсірді. Бірақ төрешілер шешімі өзгерген жоқ.

(Видеода Қуат Хамитов пен Нариман Аббасов арасындағы алғашқы жекпе-жек)

Айта кетейік, сол жекпе-жекте 31 жастағы Қуат Хамитов спорттық карьерасында жетінші рет жеңілген. Одан бөлек ол спорттық мансабында 19 рет жеңіске жетіп, бір рет тең түскен. 

Ұсынған: Мият Кәшібай

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір