• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:33:07
Алматы
+35°

14 Желтоқсан, 2018 Экономика

Құйтырқылықтың құлағы қылтияды

Мәжіліс депутаты Тұрғын Сыздықов парламент палатасының пленарлық отырысында отандық құс өсіру саласының аса қиын халде екендігін айтты.

Мәжіліс депутаты Тұрғын Сыздықов парламент палатасының пленарлық отырысында отандық құс өсіру саласының аса қиын халде екендігін айтып, Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтан көмек сұрады.

Депутаттың айтуына қарағанда аттай шауып, қатты дамып келе жатқан саланың аянышты халге жетуінің ең басты себебі – мемлекет тарапынан қолдау білдіріліп, субсидия беріліп келген биліктің тетігі ауылшаруашылығы министрлігінен жергілікті атқарушы органдарға ауыстырылғандығы екен. «Олар мақсатты қаражатты өздерінің жетпей жатқан жыртықтарын жамауға қолданады»-, дейді депутат.   

Т.Сыздықовтың айтуына қарағанда құс өсіру саласының Алматы, Ақмола, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды, Атырау облыстарындағы кәсіпорындарының көбі осындай қиындықтарға тап болған. Соның ішінде «барлық құс етінің 44 пайызын өндіретін алматылықтардың осындай керге тап болғаны өкінішті»,- дейді депутат. Ал Атырау облысындағы «Алмалы құс» фабрикасын жергілікті атқарушы билік Премьер-министрдің орынбасары, Ауылшаруашылығы министрінің маусым айында берілген бұйрығына да құлақ аспай, 303 млн. теңге инвестициялық субсидиядан қағып отыр екен.  «Өскемен құс фабрикасының» 2018 жылға субсидияға берілген сұранымының тек 2,2 пайызы ғана қанағаттандырылған. Қалған 1,8 млрд. теңгеге кәсіпорын әлі күнге қол жеткізе алмай отырған көрінеді. «Сонымен қатар кейбір құс фабрикалары қалаған субсидияларын толықтай алып отыр, осының өзі біреулердің бәсекелесін құйтырқылықпен жеңу амалдарына ұқсайды. Сондықтан үкімет тарапынан шұғыл шара жасау керек», -дейді ол.    

С.ЕЛЕУ, сарапшы

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір