• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:43:17
Алматы
+35°

27 Қыркүйек, 2018 NEWS

Құрлық әскерлерінің Әскери институтының курсанттары әскери ант қабылдады

Әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы парызды өтеуге әрбір азамат міндетті

2018 жылдың 8 қыркүйегінде Құрлық әскерлерінің Әскери институтының 1 курс курсанттары әскери ант қабылдады.

Әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы парызды өтеуге әрбір азамат міндетті. Себебі, туған жерді, елді, атамекенді қорғау – қасиетті борыш. Ал елдің қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғау үшін әскерге келген әрбір азаматтың өміріндегі ең маңызды қадамдарының  бірі – әскери ант қабылдау.

Әскери ант

Бүгін Құрлық әскерлерінің Әскери институтытының 1 курс курсанттары  Отанына, Президентіне, халқына серт берді.  

Ант қабылдау - Отанына, еліне, туған жеріне ақтық демің шыққанша адал болу, ел басына сын сағат түссе - мойымай көтеру, қажет болса, жан қию деген сөз.

Әскери ант

Институт бастығы генерал-лейтенант Курбан Қаражанов курсанттарға өз құттықтау сөзінде: - Әскери ант – адалдық рухы. Халқымыз «Анттан аттағаны – ардан аттағаны», - дейді. Яғни, адамзат нормаларының қалыптасқан шегі ар болса, оны бұзу опасыздыққа жатады. Талай ғасыр халқының еркіндігін сыртқы жаулардан қорғаған сынды батыр бабаларымыздың, кешегі фашизмнің отын өшірген майдангер, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлы аталарымыздың аманаттаған Отанымыздың тәуелсіздігін қырағы күзету – ең ұлы қызмет. Сондықтан да бүгінгі берген анттарыңа әрдайым адал болыңдар! –деп атап кетті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір