• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:04:27
Алматы
+35°

Кеше ғана Құрбан айт мерекесі деп қуандық, тойладық, туған-туыстың үйіне айттап бардық. Ер адамдар базардан шама шарқы жеткенінше құрбандыққа шалынатын малды таңдады. Құдайдың разылығынан үміт күткен мұсылман қауым шалған құрбандықтарын жағдайы жоқтарға таратып берсе, енді бірі бес парыздың бірі қажылыққа барып жатты. Құрбан айтта әрбір мұсылман өзінің жомарттығы мен адамшылығын, мейірімділігін көрсетуге тырысады. Ислам дінідегі бұл мереке тек құрбандық шалумен ғана шектелмейтіні белгілі. Бұл мейрамда әр мұсылманның пендешілігі, жомарттығы, тақуалығы сынға түседі.  Құрбандық шалудың  негізгі мәнісі де осы еді.

Құрбан айт

Бірақ  Ислам діні тазалықтан басталады дегенді кейбір мұсылмандар ұмытқан секілді. Себебі фейсбук әлеуметтік желісінде орыс тілді азаматша «Мейрамды тойлап, қойларын сойып, қалдықтарын тастап кеткен. Осыған жауапты азаматтар қайда қарап отырғаны түсініксіз? Бұл жердегі иісті сөзбен айтып жеткізу, шыдап тұру мүмкін емес. Мұсылмандар, ет дәмді болған шығар деп ойлаймын», деп мұсылмандарды қатаң сынға алды. 

Иә, бұл азаматшаның айтқаны рас. Себебі мейрамды тойлағандардың лас қалдықтарынан неге басқа адамдар жапа шегу керек? Керісінше, өзге ұлт та, өзге дін өкілі де Құрбан айт мейрамы туралы жақсы пікір білдіріп, тамсана қарау керек емес пе?! 

Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі осы сұрақтардың жауабын білмек болып бірнеше дінтанушы мен Алматы қаласының имамдарына хабарласқан болатын. Алайда 10 шақты дінтанушы мен имамдар Исламдағы ысырапшылық туралы пікір білдіре алмады. Сондықтан, оқырман, сіздерге Исламдағы ысырапшылық туралы ғаламтордағы ақпаратты ұсынуға мәжбүрмін.

«Асыл дініміз Алланың тура жолы Исламда ысырапқа байланысты тағылымды хадис шәріптер  жетерлік.

Қасиетті Құранкәрімде: «Ішіңдер, жеңдер, бірақ ысырап қылмаңдар. Шындығында, Алла Тағала ысырап қылушыларды сүймейді», – делінген [Ағраф сүресі 31 аят]. Яғни ысырап етушілерді Ұлы Жаратушы жаратпайды дейді. Алла Тағаланың мейріміне бөленуді ойласақ, барымызды орнымен жұмсау маңызды.

Алла Тағала Құран аятында былай дейді: «Шынында ысырапқорлар Шайтанның туысы. Ал шайтан, Раббысына өте қарсы» (Исра сүресі 27-аят)деп ысырапшылдыққа байланысты терең түсінікте айтылған. Дүние, байлықты , күш-қуатты уақытты ысырапсыз орнымен жұмсауды Алла Тағала бізге міндет еткен. Ысырапқа бармау байлық пен қанағаттың және берекенің бастауы болмақ», — делінген mazhab.kz сайтында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір