• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:49:34
Алматы
+35°

18 Ақпан, 2019 NEWS

Құран – Ислам дініндегі негізгі киелі кітап

Ұлттық музейдің қорында сондай-ақ, сирек кітаптар мен құнды қолжазбалар сақтаулы

Ұлттық музей ғылыми және рухани орталыққа айналатындығын және де Қазақстан жолының барлық ілгері жетістіктерін танытатындығын көреген Елбасымыз атап көрсеткен болатын. Соның айқын дәлелі ретінде өткен мен бүгінгіні жалғаған көпір іспетті Ұлттық музей 5 жасқа толғалы отыр. Ата-бабадан ұрпаққа аманат  болып қалған мұраларымыз бен тарихи ескерткіштерімізді сақтай отырып төл мәдениетіміздің бай мұрасын әлемнің өзге халықтарына паш ету арқылы біз өзіміздің ұлттық құндылықтарымыз бен рухани қазынамызды кейінгі ұрпаққа жеткізе аламыз.

Ұлттық музейдің қорында сондай-ақ, сирек кітаптар мен құнды қолжазбалар сақтаулы. Соның бірі Қазан қаласында басылған, араб тіліндегі «Мұхтасар ғылым жол» атты кітабы. Бұл кітаптың басылған жері «Қазан» қаласы екені баспадан айқын көрінеді.   Себебі баспа жөнінде кітапшадан мәлімет берілмеген. Мұқабасы қолдан жасалған. Сондықтан қай жылы басылғанын анық айту мүмкін емес. Жобамен ХІХ ғасырдың соңы немесе ХХ ғасырдың басы болу керек. Беттерінің саны 16 бет.  Барлық беттері жай қаламмен нөмірленген.  Құран сүрелерінің саны жүз он төрт сүре болады. Бұл кітапша Құран Кәрімнің бірнеше сүресін қамтиды. Олар: «Фатиха», «Ясин», «Мүлік» сүрелері және «Бақара» сүресінің бастапқы бес аяты мен соңғы үш аяты, сонымен бірге 97-ші сүре Қадыр сүресінен Құранның соңғы сүресі Насқа дейін жазылған.

Құран

Құран – Ислам дініндегі негізгі киелі кітап. Мұсылмандар оның Мұхаммед пайғамбарға ақиқатты баян ету үшін түсірілгендігіне, адамзатқа одан үзілместен жеткен Аллаһтың сөзі екендігіне сеніп иман келтіреді. Оны оқу арқылы Аллаһқа құлшылық қылады. Құран Тәурат пен Інжілден кейінгі аспандық кітап ретінде және араб тіліндегі кітаптардың ішінде шешендік тұрғысынан ең байы саналады. Құран уахидың түскен жері мен уақытына байланысты меккелік және мединелік болып бөлінген.

Мұсылмандар Құран Мұхаммед пайғамбар 40 жасқа жеткеннен бастап өліміне дейін (632 жыл/11һ.ж.) 23 жыл бойы Аллаһ тарапынан Жәбірейіл періште арқылы түсірілгеніне сенеді. Сонымен қоса мұсылмандар Құранның сахабалармен дәлме-дәл сақталғанына, оның аяттарының анық және баяндалған екендігіне, оның барлық замандағы күллі адамзатқа уағыз ретінде жіберілгеніне сенеді. Мұхаммед пайғамбардың өлімінен кейін Құран әділетті халифа Әбу Бәкр әс-Сиддиқпен Омар ибн әл-Хаттабтың ұсынысына сәйкес бір нұсқаға жиналады. Екінші халифа болған Омардың өлімінен кейін Құранның бұл нұсқасы иман келтіргендердің анасы Хафса бинт Омарда сақтаулы қалды. Бұл жағдай үшінші халифа Осман ибн-Аффаның мұсылмандардың Құран оқудағы түрлі диалекттердің себебінен болған қайшылықтарын көргенге дейін жалғасады. Осман Хафсадан Құрайыш диалектіне сәйкес жазылған нұсқаны ортақ үлгі болу үшін сұрап алып, көшірмелерін жасауды, оған сәйкес емес нұсқаларды жоюды әмір етеді. Османның бұл жинақтағы Құранның нұсқасы халифат аумағына таратылып, ол бір нұсқасын өзіне қалдырады. Бұл нұсқа Османның мусхафы (Құранның экземплярын «мусхаф» деп атайды) аталып кетті. Зерттеушілер осман жинаған Құранның нұсқасы Әбу Бәкр жинаған нұсқаға толығымен сәйкес санайды.

Меруерт Оразбайқызы

Тарих магистрі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір