• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 19:06:38
Алматы
+35°

06 Қаңтар, 2017 Әлеумет

Құран ақысын Құдай атынан талап кеткен имам құл екенін ұмытты

Мейрамбек Таубалдиев әріптесіміздің фейсбук парақшасынан мынандай

Мейрамбек Таубалдиев әріптесіміздің фейсбук парақшасынан мынандай жазба оқып қалдық. Жағамызды ұстадық.

Мейрамбек былай дейді:

"Бірден айтайын, бұл сөз Ганюшкин селосындағы "Темірəлі" мешітінің діни қызметкеріне қатысты айтылып отыр. Қысқасы...
Нағашы əжеміздің жылдық асын өткізген анам қаумалаған тума-туыстардың бабын табам деп жүріп, Құран оқуға келген имамды естен шығарып алса керек! Аласапыран сезімде жүрген анамның телефонына келген хат төменде.
Атырау облысы,Құрманғазы ауданы Ганюшкин селосындағы мешіттің имамы жазыпты! Имамның аты-жөні - Сəрсенбай Бикенов. 


Сұрақ:
1. Имамдар қашаннан бері құдайдың атынан сөйлейтін болған?!
2. Ислам -бейбітшілік, мұсылман - көркем мінезді жан, ҚМДБ Əбу-Ханипа мазхабының мамандарын осылай тəрбиелейтін болған ба!?
3. Ислам дініне махаббатты өсіре алмай жүргенде, сезімді суытып, өшіруге имам да атсалысатын болған ба!?
4. Əрине, ақша керек, еңбек өтемі болуы тиіс! Бірақ....
Қайғылы қазаға қабырғасы қайысып, қара жамылған отбасыға агрессиялық "демеу" көрсеткен Сəрсенбай имамға "срочно" мамандық ауыстыру керек!
Құрметті ҚМДБ қызметкерлері! Біле жүріңіз! "Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді".

Айтпақшы, сол күні анам еңбекақысын жеткізіпті. Қарыз емеспіз! Кім білген, Алла жазамызды беріп жүрер?!"

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір