• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 16:55:30
Алматы
+35°

19 Ақпан, 2019 Әлеумет

Құралай ханым: Өз өмірлеріңізді өзгертуден қорықпаңыздар!

Меніңше, қазір қоғамға психологтар аздық етеді. Себебі 18 миллион адам тұратын мемлекетімізде білім беретін кәсіби психологтар көп деп айта алмас едім.

Соңғы жылдары елімізде қыз-келіншектерге арналған тренинг көптеп өткізіліп келеді. Олардың басты мақсаты – қазақ қыз-келіншектерінің психологиялық тұрғыда дамуына атсалысу. Қазіргі күні Құралай ханым, Кәмшат Бекжігітова, Зарина Хантөре, Назым Ділтайқызы, Жанар Байсемізова, Құралай Қалиева сынды танымал психологтар бар. Бұл ханымдар семнарларын Қазақстанның бірнеше қалаларында да өткізіп жүр. Ал танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева да инстаграм желісі арқылы онлайн психологиялық сабақ беріп жүр. Олар, "Кез-келген адам – психолог. Сен ойыңды өзгерте отырып, өміріңді де өзгерте аласың " дейді. "Көп оқып, көп іздену арқылы адам бақытқа жете алады". 

Осы ретте Qamshy kz.ақпарат агентігінің тілшісі Құралай ханыммен тілдескен болатын.

Құралай ханым

  

"Ең алғаш мен бір ақша табайын, көптеген адамдарды жинап, семинар өткізейін деген жоқпын. Инстаграм парақшама өзім білетін, өзіме ұнаған, өзім нәтиже шығарған кеңестерді жазып жүрдім. Сол кеңестерім көптеген қыз-келіншекке көмек болған сияқты. Әдетте рухани психология дейміз ғой, сол кішкентайдан әжелерімізден естіген әңгімелеріміз бен шетелдің психологтарынан алған білімімді ұштастырдым. Бір кездері көптеген қыз-келіншектер маған хабарласып, кездесу ұйымдастыруымды сұрай бастады. Сол кезден бастап Алматы қаласында семинар өткіздім. Содан кейін, басқа қалаларға шақыра бастады.

"Бүгінгі таңда қоғамда психологтар көбейіп кетті" деген пікірлер қалыптасқан. Ол әлеуметтік желіге байланысты деп ойлаймын. Оның барлығы екі-үш жылдан кейін қалыптасып, сараланады. Мықтылар қалып, әлсіздер кетеді. Өзінің жүрегінен шықпаған,тек ақша үшін жүрген психологтар болса, оларды халық өзі-ақ саралайды. Керегін алады. Қазір қарасаңыз, отбасында ер мен әйел ұрысып жатады. Адам баланы тәрбиелемес бұрын өзін тәрбиелеу керек. Отбасындағы ұрыс-жанжалды көріп өскен баланың болашағына психологиялық тұрғыдан балта шабылады. Меніңше, қазіргі қоғамға психологтар аздық етеді. Себебі 18 миллион адам тұратын мемлекетімізде білім беретін кәсіби психологтар көп деп айта алмас едім. 

Менің билет бағаларын қымбат қоятын себебім, үнемі семинарымды қымбат жерлерде өткіземін. Қыздар байлықтың энергиясын жұтып, президенттердің ұстаған тұтқасын ұстасын деймін. Үйде отырып қалған қыздар осындай керемет энергетиканы сезініп көрсін деймін. Өзім ең алғаш рет Алматыдағы Анкара қонақүйіне келгенде ерекше сезім болған. Ол кезде ауылда тұратын едім. Сол кезде ішімнен тілек тіледім. Менің балаларым осындай жерлерде жүрсін деп армандадым. Сондай нәрсені қыздарға көрсеткім келді. Өздеріңіз білетіндей, ол жерлердің шайының өзі 3000-5000 тг. аралығында. Ол жерде кофе-брейк ұйымдастырамын. Беретін жұмыс дәптерлер тағы да материалдарым бар. Ал басқа қалаларға шығатын болсақ, жол шығыны, жатын орнымыз тағы бар. Бірақ мен үнемі қайырымдылық жасаймын. Мүгедек аналар мен көпбалалы аналарға тегін билет таратамын. Өз оқырмандарымның арасында да 30-40 билет лоторея ойнатамын. Зал 500 адамға толса, оның 200-300 адамы тегін келетіндер. Сондықтан өмірлеріңізді өзгертуден қорықпаңыздар дер едім", - деді Құралай ханым. 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір