• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 13:17:41
Алматы
+35°

05 Қазан, 2018 Саясат

Құқық қорғау органдарына халықтың сенімі артуы керек

Бүгінгі Елбасы Жолдауындағы маңызды әрі өзекті бағыттардың бірі – құқық органдарының реформасы.

 

Бүгінгі Елбасы Жолдауындағы маңызды әрі өзекті бағыттардың бірі – құқық органдарының реформасы. Өзіміз көріп отырғандай, құқық қорғау органдарының жұмысы биыл сарапшылар қауымдастығы мен халық тарапынан ең көп талқылауға ие болған тақырыптардың бірі. Қоғам тарапынан құқық қорғау органдарын жаңғырту жөнінде бірқатар пайымдар айтылып, ұсыныстар берілген болатын. Күн тәртібіндегі бұл өзекті мәселеге Елбасы маңызды іс-шаралар кешенін ұсынып, нақты тапсырмалар берді. Бұл іс-шаралардың басты мақсаты – ең алдымен құқық қорғау органдарына деген халық тарапынан сенімді арттыру.

Бұл реформалар алдағы уақытта жүргізілген реформалардың жалғасы, яғни 2010 жылдан бастап Ішкі істер министрлігінен бірқатар функциялар Білім және ғылым министрлігі, Әділет министрлігіне берілген болатын, яғни сәйкес емес қызметтерді тиісті құзырлы органдарға беріп, Ішкі істер министрлігі айналысатын мәселелер тізімін одан әрі нақтылау және реттеу құқық қорғау органдарының әрі қарай кәсібиленіп, өз қызметтерін сапалы атқаруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, құқық қорғау органдарына деген сенімнің артуына ықпал ететін фактор – олардың халықпен жұмыс істеу механизмдері мен құралдары. Бүгінгі цифрландыру дәуірін ескерсек, құқық қорғау органдары өз жұмыстарында жедел ақпарат алу, халықтың шағымдары мен сұрауларын өңдеу әрі талдау, қоғамдық пікірді ескеру, кері байланыс сияқты бағыттарға да ерекше назар аударуы тиіс екендігіне үлкен мән берді.

Жалпы алғанда, кәсіби қызмет атқаратын құқық қорғау жүйесі қоғамның әлеуметтік әл-ауқатының, өмір салтының артуының негізі екенін ескерсек, бұл реформалар уақытылы әрі өзекті.

Жолдыбалина Алуа,

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер зерттеулер институтының бөлім басшысы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір