"Құдайбергенов Денисті шалбардың белбеуімен ұрған"

"Құдайбергенов Денисті шалбардың белбеуімен ұрған"
Ⓒsputniknews.kz

Мемлекеттік айыптаушы Денис Тенді сотталушы Нұралы Қиясовтың пышақтағанын айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz  сайтының дерегін негізге алып. —

Алматыда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы жалғасты. Прокурор Қуандық Досов сотталушыларға қатысты айыптау актісін оқыды. 

Айыптау актісінде айтылғандай, Денис Теннің өліміне күдікті Арман Құдайбергенов 2018 жылдың маусымында Шагабутдинов-Шевченко көшелерінің қиылысында тұрған Жаңқабаевтың Lexus көлігінің айнасын ұрлаған. Келтірілген шығын 608 мың теңгені құрады. Өзінің қылмысын жасыру үшін Құдайбергенов айналарды Шаңырақтағы сайға лақтырып кеткен.

"Сонымен қатар, Құдайбергенов 11 шілдеде заңсыз жолмен ақша табу пиғылымен Астанадағы күйші Дина көшесінде Шəмшиевтің көлігінің айнасын шешіп кеткен. Осыған байланысты Құдайбергеновке ҚР ҚК 188-бабы бойынша айып тағылды", — деді прокурор сот отырысында.

Ал Денис Тен көз жұмған 19 шілде күні сотталушылар Нұралы Қиясов пен Жанар Толыбаева, Арман Құдайбергенов "Магнум" сауда үйінен ас үй пышағы мен қолғап сатып алған. Құрманғазы көшесінен шығысқа қарай Байсейітова көшесінде "LEXUS 708 02" көлігінің тұрғанын байқайды.

"Олар көліктерін "Достық" қонақ үйінің қасына қалдырып, Теннің автокөлігіне жаяу жақындаған. Толыбаева жан-жағына қарап, адамдардың қарасы азаюын, ыңғайлы сəтті күтіп, 7 метр ара қашықтан аймақты бақылап тұрған. Құдайбергенов болса, көліктің айнасын шешіп алып, көлік иесіне 199 мың теңге шығын келтірген. Сол сəтте Денис Тен Толыбаеваның қасынан өтіп, көлігінің жанында бөтен адамның тұрғанын көреді. Оның көлік айнасын ұрлап жатқанын байқаған соң, айнасына жармаса кеткен", — делінген айыптау актісінде.

Досовтың айтуынша, осы сәтте Құдайбергенов Байсейітова көшесіне қарай қаша жөнелген. Ал Тен көп ұзамай оны қуып жеткен. Сол арада Құдайбергенов пен Тен арасында төбелес басталған.

"Құдайбергенов шалбарының белбеуін шығарып, Теннің бетінен ұра бастаған. Сол сəтте Қиясов рюкзактан пышақты алып арт жағынан келген. Қиясов қылмысты жасыру үшін оны өлтіруді ойлаған. Құдайбергенов Тенді ұстап тұрады. Сол кезде Қиясов Денис Теннің оң жақ санының артериясының жоғарғы тұсынан екі рет пышақтаған", — деді мемлекеттік айыптаушы.

Алайда үш күдікті де адам өлтіргендерін мойындамай отыр.

Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша алғашқы сот отырысы 25 желтоқсанда өткен еді. Сот алдына үш адам келді — Нұралы Қиясов, Арман Құдайбергенов және Жанар Толыбаева. Отырыста күдікті әйелдің аяғы ауыр екені белгілі болды.

Отырыста жәбірленуші тараптың адвокаты Нұрлан Өстеміров Денис Тен тапсырыспен өлтірілді деп мәлімдеп, соттан істі қосымша тергеуге жіберуді сұраған болатын. Бірақ судья істі қайта тергеуге жіберудің қажеті жоқ деп шешті.

Бұдан бөлек, Теннің отбасының қорғаушысы спортшының өліміне себеп болған айна ұрланған сәтті екі полицейдің көруі мүмкін екенін айтты.

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Балғынбек Имаш: Алла деп "Крещениеде" суға түскен, Мұсылманға мұнафиқ мінез келді
    20/01 23:22 0 279
    2
    Қазақстандық имамдар қанша жалақы алады?
    20/01 14:14 0 521
    3
    Жол ережесін бұзсаңыздар, полицияға "дәлеліңізбен келіспеймін" деп жазып беріңіз
    20/01 09:27 0 7182
    Өнертанушы ретінде атақты суретшілердің картиналарын қалай оңай ажыратуға болады?
    20/01 02:37 0 433
    Ширек ғасырда еркін күрестен бір әлем чемпионын баптауға жарамадық...
    19/01 15:38 0 1394

    Таныстырылғандар

    "Сирияда бірнеше қазақстандықты өлім жазасына кесті"
    "Сирияда бірнеше қазақстандықты өлім жазасына кесті"
    "Сирияда бірнеше қазақстандықты өлім жазасына кесті"
    Оның айтуынша, шетелдік алдап-арбаушылар біздің азаматтарымызды Интернет арқылы тарта бастаған.
    Аудио тыңдау
    10/01/2019 20:24 0 4220
    Абайдағы зорланған баланың ісіне қатысты сот үкім шығарды
    Абайдағы зорланған баланың ісіне қатысты сот үкім шығарды
    Абайдағы зорланған баланың ісіне қатысты сот үкім шығарды
    Алайда прокурор 7,6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған.
    Аудио тыңдау
    10/01/2019 20:49 6 1130
    Павел Дуров Telegram мессенджерін жоймақ
    Павел Дуров Telegram мессенджерін жоймақ
    Павел Дуров Telegram мессенджерін жоймақ
    Кәсіпкер 2018 жылдың 19 желтоқсанында осы мәселеге қатысты өтінішке қол қойған болатын
    Аудио тыңдау
    11/01/2019 12:04 0 989
    Қаңғыбастарға төлқұжат тегін беріледі
    Қаңғыбастарға төлқұжат тегін беріледі
    Қаңғыбастарға төлқұжат тегін беріледі
    Мүсәпірлердің қолында төлқұжаты болмаса, оларға айыппұл салынбайды, қайтадан тегін төлқұжат жасап береді.
    Аудио тыңдау
    11/01/2019 15:52 0 808
    12-14 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды
    12-14 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды
    12-14 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды
    "Қазгидромет" синоптиктері 2019 жылдың 12-14 қаңтарына ауа райы болжамын ұсынды.
    Аудио тыңдау
    12/01/2019 11:28 0 788
    Қазақстандық өнер жұлдыздарының арасында "Өнер барысы" атты сайысы өткізіледі
    Қазақстандық өнер жұлдыздарының арасында "Өнер барысы" атты сайысы өткізіледі
    Қазақстандық өнер жұлдыздарының арасында "Өнер барысы" атты сайысы өткізіледі
    Ұйымдастырушылардың деректеріне сүйенсек, аталмыш сайыс биылғы жылдың наурызына жоспарланып отыр.
    Аудио тыңдау
    12/01/2019 13:03 0 2908
    Алдағы бес жылда Қазақстан ішерге су таппай қалуы мүмкін
    Алдағы бес жылда Қазақстан ішерге су таппай қалуы мүмкін
    Алдағы бес жылда Қазақстан ішерге су таппай қалуы мүмкін
    Алдағы бес жылда Қазақстан су тапшылығын анық сезіне бастайды
    Аудио тыңдау
    14/01/2019 09:30 1 2484
    Астана әкімдігі шенділердің таксимен жүруіне 380 млн теңге бөлді
    Астана әкімдігі шенділердің таксимен жүруіне 380 млн теңге бөлді
    Астана әкімдігі шенділердің таксимен жүруіне 380 млн теңге бөлді
    Қала әкімі, оның орынбасарлары мен аудан әкімдерін белгілі бір такси жүргізушілер қызмет көрсететін болады.
    Аудио тыңдау
    14/01/2019 14:18 0 553
    Оксана Тен: Жанар Толыбаева Денис өлген күнге дейін Еуропамен байланыста болған
    Оксана Тен: Жанар Толыбаева Денис өлген күнге дейін Еуропамен байланыста болған
    Оксана Тен: Жанар Толыбаева Денис өлген күнге дейін Еуропамен байланыста болған
    «25 сәуірде сағат 21:54-те Еуропаға қоңырау шалыпсың. Кіммен сөйлестің?», - деп сұрады Толыбаевадан Оксана Тен.
    Аудио тыңдау
    15/01/2019 10:23 0 4065
    Маңызды! «Өсімдіктер дүниесін қорғау туралы» заң болғанда Алматыдағы алманы сақтап қалар едік...
    Маңызды! «Өсімдіктер дүниесін қорғау туралы» заң болғанда Алматыдағы алманы сақтап қалар едік...
    Маңызды! «Өсімдіктер дүниесін қорғау туралы» заң болғанда Алматыдағы алманы сақтап қалар едік...
    Жұмақтың жемісі жер жаннаты Жетісуға қайта оралсын десек, атқаратын шаруа шаш етектен.
    Аудио тыңдау
    15/01/2019 10:47 0 868
    Банкрот болған "Астана банкінің" қарызды қалай қайтаратыны белгілі болды
    Банкрот болған "Астана банкінің" қарызды қалай қайтаратыны белгілі болды
    Банкрот болған "Астана банкінің" қарызды қалай қайтаратыны белгілі болды
    Салымшылардың арызы 26 қаңтарға дейін қабылданбайды.
    Аудио тыңдау
    15/01/2019 20:56 0 677
    Шымкенттің экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалды
    Шымкенттің экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалды
    Шымкенттің экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалды
    Ол 2017 жылдың қарашасынан 2018 жылдың маусымына дейін Шымкент қаласының әкімі болды.
    Аудио тыңдау
    17/01/2019 09:37 0 506
    Қасымов: Қорықшыларға шабуылдаған күдіктілер анықталды
    Қасымов: Қорықшыларға шабуылдаған күдіктілер анықталды
    Қасымов: Қорықшыларға шабуылдаған күдіктілер анықталды
    Бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің "адам өлтіру" бабымен іс қозғалып, күдіктілерге іздеу жарияланған.
    Аудио тыңдау
    17/01/2019 13:49 0 550
    Денис Теннің өлімі: Сот үкімі шықты
    Денис Теннің өлімі: Сот үкімі шықты
    Денис Теннің өлімі: Сот үкімі шықты
    Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне айыпты танылған үш күдіктіге сот үкімі шықты
    Аудио тыңдау
    17/01/2019 17:59 0 706
    Көз жұмған ұшқыштың әріптестері: Ол өз ісінің шебері еді...
    Көз жұмған ұшқыштың әріптестері: Ол өз ісінің шебері еді...
    Көз жұмған ұшқыштың әріптестері: Ол өз ісінің шебері еді...
    Олардың айтуынша, ұшқыш өте көңілді, позитивті адам болған
    Аудио тыңдау
    18/01/2019 14:36 0 593