ҚР Үкіметінде техникалық реттеуді жетілдіру мәселелері қаралды

ҚР Үкіметінде техникалық реттеуді жетілдіру мәселелері қаралды
Ⓒegemen.kz

Бүгін ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек техникалық реттеу жүйесін жетілдіру туралы баяндады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Техникалық реттеудің қолданыстағы инфрақұрылым жүйесі төрт негізгі бағыттан тұрады: техникалық реттеу және стандарттау; метрология; аккредиттеу және сәйкестікті бағалау; мемлекеттік бақылау.

Жеңіс Қасымбектің мәлімдеуінше, жүйені жетілдіру екі кезеңде жүзеге асырылады:

1. 2018 жылы «Стандарттау туралы» жаңа Заңды және метрология мен аккредиттеу саласындағы жұмыстарды жандандыру және жетілдіру туралы заңнамаға енгізілетін басқа да өзгерістерді қабылдау және іске асыру бойынша шаралар қабылданады.

2. 2018–2020 жылдары сәйкестікті бағалау және мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіру.

Бүгінде стандарттау мәселелері бойынша бизнесте көптеген құжаттарды қағаз түрінде ұсыну проблемасы кездеседі, стандарттау үдерістеріне қатысудан бас тартады. Осыған байланысты «Стандарттау туралы» заң жобасы әзірленді, оның аясында автоматтандырылған жүйелер — Стандарттау жөніндегі ұлттық орган арқылы жұмыс істейтін, стандарттау процестерінің бірыңғай операторы анықталады. Жаңа тәсілдегі басты рөл стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерге — «мемлекет – бизнес – тұтынушы» қағидаты бойынша ұлттық стандарттарды талқылайтын диалогтық алаңдарға беріледі.

«Заңның қабылдануымен стандарттарды бастамалық әзірлеу бойынша жағдайлар жасау, сондай-ақ Қазақстан аумағында шетелдік стандарттарды қолдануды жеңілдету тұрғысынан бизнес ахуал жақсартылады», — деді Жеңіс Қасымбек.

Инвестициялар және даму министрлігі метрология саласында да жұмыстар жүргізіп жатыр. «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңға өзгерістер енгізу аккредиттеу жүйесін жетілдіруге және аталған сала субъектілерінің жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Заңға енгізілген түзетулер эталондарды тексеру мен өзгерістер құралдарын калибрлеуге көшіруді және жаңа тәсілді мемлекеттік метрологиялық бақылауға енгізуді көздейді.

Сынақ жүргізу кезінде пайдалануға арналған, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) GLP (Good Laboratory Practice) тиісті зертханалық тәжірибе принциптері маңызға ие. Осылайша 2018–2019 жылдары бірлескен Жол картасы әзірленеді, оны жүзеге асыру қорытындысы бойынша қазақстандық зертханаларды сынау нәтижелері ЭЫДҰ елдерінде танылады.

GLP әрекет ету ауқымы мына қызмет саласын қамтиды:

  • Дәрілік заттар мен тағамдық қоспалар тұрғысынан Денсаулық сақтау министрлігін;
  • Энергетика министрлігін — химиялық заттардың қоршаған ортаға әсерінің қауіпсіздігін бағалау тұрғысынан;
  • Ауыл шаруашылығы министрлігін — азық қоспалары, ветеринариялық препараттар және пестицидтер тұрғысынан;
  • Инвестициялар және даму министрлігі — өнеркәсіптік химикаттар және косметикалық өнімдер саласында.

Техникалық реттеу жүйесін жетілдірудің екінші кезеңі сертификаттау сынақтарының нәтижелеріне өзара сенімді төмендету және импорттаушылардың «тауарларды шартты түрде шығару» кедендік рəсімі арқылы сертификаттаудан өтуін болдырмау сияқты түйіткілді мəселелерді шешуге бағытталған. Бүгінде жұмыстар басталған.

Министрлік мемлекеттiк бақылау саласында қабылданған шаралардың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында мемлекеттiк органдардың өкiлеттiктерiн саралауды ұсынады. Тиісті өзгерістер «Атамекен» ҰКП және мүдделі ведомстволармен бірлесе отырып, егжей-тегжейлі әзірленетін болады.

Техникалық реттеу жүйесін автоматтандыру және цифрландыру туралы айта отырып, Жеңіс Қасымбек қазіргі таңда Еуразиялық экономикалық комиссияға сәйкестік туралы декларациялар мен сертификаттар жөнінде мәлімет беру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Қорытындылай келе, министр «E-КТРМ» бірыңғай ақпараттық жүйесін құру бойынша жұмыс жүргізілетінін атап өтті. Ол Қазақстандағы және ЕАЭО аясындағы барлық үдерістерді автоматтандырады және біріктіреді.

Аталған бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі А. Евниев, денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов баяндады, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметов және ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары А. Мамин түсініктеме беріп өтті.

Техникалық реттеу жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралардың орындалуын бақылау ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары А. Маминге жүктелді.

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Германияда үшінші жынысты адамдар пайда болды
    16/08 10:27 0 0
    2
    Ерке салған "Қайда?" әнінің тарихын білесіздер ме?
    16/08 10:07 0 22
    3
    Өз әкесі таспен ұрып жазым ете жаздаған бала аяққа тұрды
    16/08 00:23 0 248
    Таразда жайнамазды тепкен бапкерді шәкірттерінің өздері әдейі арандатыпты
    15/08 22:14 0 260
    Кірпік жабыстырамын деп көзінен айырыла жаздады
    15/08 18:26 0 390

    Таныстырылғандар

    "Мен інімді жоғалттым"
    "Мен інімді жоғалттым"
    "Мен інімді жоғалттым"
    Қазақстандық зілтемірші Илья Ильин өзінің инстаграм парақшасында Денис Теннің қазасына қатысты пікір білдірді.
    20/07/2018 12:45 0 1471
    Марғұлан Сейсенбай: Қылмыс – қоғамның тұрақсыз экономикаға қалыпты жауабы
    Марғұлан Сейсенбай: Қылмыс – қоғамның тұрақсыз экономикаға қалыпты жауабы
    Марғұлан Сейсенбай: Қылмыс – қоғамның тұрақсыз экономикаға қалыпты жауабы
    Кәсіпкер Марғұлан Сейсенбай Денис Теннің өліміне қатысты пікір білдірді.
    20/07/2018 15:12 0 3340
    Халық Денисімен қоштасуға келді (фото, видео)
    Халық Денисімен қоштасуға келді (фото, видео)
    Халық Денисімен қоштасуға келді (фото, видео)
    Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында екі ұрының қолынан қаза тапқан мәнерлеп сырғанау шебері Денис Тенмен қоштасу рәсімі өтуде
    21/07/2018 10:35 0 2695
    Алматыда ағаш түбінен табылған баланың анасы ұлының жағдайы туралы айтты
    Алматыда ағаш түбінен табылған баланың анасы ұлының жағдайы туралы айтты
    Алматыда ағаш түбінен табылған баланың анасы ұлының жағдайы туралы айтты
    Алматыда Шығыс айналма жолында көлік қағып кеткен бала палатаға ауыстырылды.
    24/07/2018 17:29 0 1370
    Қайрат Құдайберген 5 жасар балаға қалай көмектескенін дәлелмен айтып берді
    Қайрат Құдайберген 5 жасар балаға қалай көмектескенін дәлелмен айтып берді
    Қайрат Құдайберген 5 жасар балаға қалай көмектескенін дәлелмен айтып берді
    Депутат Қайрат Құдайберген Орталық балалар ауруханасындағы дәрігерлердің айтқанын теріске шығарды.
    26/07/2018 11:33 5 1463
    Қытайда мәйітті жерлеуге тыйым салып жатыр
    Қытайда мәйітті жерлеуге тыйым салып жатыр
    Қытайда мәйітті жерлеуге тыйым салып жатыр
    Билік аталмыш шешімді қабылдағаннан кейін жерлеуге арналған заттарды шығаруға тыйым салынған.
    31/07/2018 14:29 0 1944
    Астанада салынып жатқан коттедж қирап, жұмысшылар зардап шекті (фото)
    Астанада салынып жатқан коттедж қирап, жұмысшылар зардап шекті (фото)
    Астанада салынып жатқан коттедж қирап, жұмысшылар зардап шекті (фото)
    Астанада салынып жатқан коттедждің екінші қабатының едені бірнеше адамның үстіне құлады
    02/08/2018 10:14 0 548
    Барқытбел баурайындағы баба тойы
    Барқытбел баурайындағы баба тойы
    Барқытбел баурайындағы баба тойы
    Шығыста Тарбағатай ауданының Ақжар елді-мекенінде сол аумақты мекендейтін мыңдаған қазақтың тікелей бабасы Қараша атаға арнап атаулы той өтуде.
    03/08/2018 19:01 0 1507
    Мүмкіндігі шектеулі жандардың қатысуымен ерекше веложарыс басталды
    Мүмкіндігі шектеулі жандардың қатысуымен ерекше веложарыс басталды
    Мүмкіндігі шектеулі жандардың қатысуымен ерекше веложарыс басталды
    Веломарафонның өзгешелігі – көзі нашар көретін және зағип жандардан құралған команданың 5000 шақырымнан астам арақашықтықты жүріп өтуі
    04/08/2018 16:05 0 436
    Түркістан облысында медиация күніне орай ашық есік күні өтті
    Түркістан облысында медиация күніне орай ашық есік күні өтті
    Түркістан облысында медиация күніне орай ашық есік күні өтті
    Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы «Медиация күні» республикалық акциясы аясында ашық есік күнін өткізді
    06/08/2018 16:10 0 470
    Қасымов Сыздықоваға ашулы екенін жеткізді
    Қасымов Сыздықоваға ашулы екенін жеткізді
    Қасымов Сыздықоваға ашулы екенін жеткізді
    ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов ресми сапармен Алматы қаласына келіпті
    08/08/2018 11:30 0 3442
    Батыс Қазақстан облысында жол ақысын смартфон  арқылы төлеуге болады
    Батыс Қазақстан облысында жол ақысын смартфон арқылы төлеуге болады
    Батыс Қазақстан облысында жол ақысын смартфон арқылы төлеуге болады
    Орал қаласындағы жеті бағытта жүретін қоғамдық көліктерде жол ақысын ұялы телефон арқылы өтеуге болады
    08/08/2018 17:29 0 541
    Полиция қарапайым қазаққа неге өш?
    Полиция қарапайым қазаққа неге өш?
    Полиция қарапайым қазаққа неге өш?
    Өз елін, өз жерін мекендесе де, әділдік іздеп зарлап жүрген де, жұмыс іздеп сарылып жүрген де, пәтерден пәтерге көшіп жүрген де өзіміздің қазақ.
    13/08/2018 11:13 0 1270
    Алматылық келіншек: түркиялық дәрігерлер баламды бермей жатыр
    Алматылық келіншек: түркиялық дәрігерлер баламды бермей жатыр
    Алматылық келіншек: түркиялық дәрігерлер баламды бермей жатыр
    Консул Антальядағы ақшақұмар аурухана басшылығымен кездесуді ұйымдастырып бермек.
    15/08/2018 12:18 0 245
    «Даму» индустриалды-логистикалық орталығында семинар-брифинг болып өтті
    «Даму» индустриалды-логистикалық орталығында семинар-брифинг болып өтті
    «Даму» индустриалды-логистикалық орталығында семинар-брифинг болып өтті
    2018 жыл Шілде айының 24-де «Даму» индустриалды-логистикалық орталығымен ҚР Салық басқармасының өкілдері өзара байланыс туралы мемарандумға қол қойған болатын
    15/08/2018 16:32 0 195