• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 00:45:42
Алматы
+35°

9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына Қазақстан үкіметі 9,4 миллиард теңге (24,7 миллион доллар) бөлуді жоспарлап отыр. Қаржы бөлу туралы үкімет қаулысының жобасы 14 сәуірде ашық нормативтік құқықтық актілер порталында жарияланды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі centralasian.org сайтының дерегіне сүйеніп.

Қаулы жобасында "2019 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан үкіметінің резервінен 9 404 771 000 теңге қаражат бөлінсін" деп жазылған.

Қаржының 9,3 миллиард теңгесі - орталық сайлау комиссиясына, 56,8 миллион теңгесі сыртқы істер министрлігіне бөлінеді. Қаражаттың дұрыс жұмсалуын бақылауды үкімет қаржы министрлігіне тапсырған.

Құжат 29 сәуірге дейін талқыланады.

Бұған дейін орталық сайлау комиссиясы сайлау өткізуге 12 миллиард теңге сұраған. Бірақ кейіннен Қазақстан қаржы министрлігі бұл қаржыны қысқартты.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 сәуірде республикалық арналар эфирінен жасаған мәлімдемесінде Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусымында өтетін айтқан.

10 сәуірде орталық сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну 28 сәуірде аяқталатынын жариялады.

Қазақстанда 30 жылға жуық билік құрған Назарбаев 19 наурызда кенеттен президент қызметінен кететінін жариялаған. Ол мәлімдемесінде сайлау өткенше Қасым-Жомарт Тоқаев президент болатынын айтқан. Тоқаев 20 наурызда ант беріп, қызметіне кіріскен.​

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір