• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 04:18:51
Алматы
+35°

10 Тамыз, 2017 NEWS

ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Қоры компанияларға IT-ды енгізеді

«Method PRO» жобасы - Қазақстанның ІТ-индустриясын дамытуға бағытталған  еліміздің дарынды жастарына арналған арнайы кәсіби білім беру платформасы

2017 жылғы 11 тамызда сағат 11:00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының бастамасы бойынша өткізілген «Method PRO» жобасы бойынша екі апталық ІТ-тағылымдаманың қорытындысы жасалады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Method PRO» жобасы –  Қазақстанның ІТ-индустриясын дамытуға бағытталған еліміздің дарынды жастарына арналған арнайы кәсіби білім беру платформасы.

Жобаны іске асыру барысында 100 дарынды студентке арналған отандық және шетелдік мамандардың мобильді және веб-әзірлемелері, машиналық оқыту және Вig Data, маркетинг және бизнес-талдауды қолдану жөнінде семинарлар өткізді. Жобаны іске асыру барысында оған қатысушылар елорданың ірі компаниялары және кәсіпорындарында тағылымдамадан өтті, оның нәтижесінде қатысушылар «Қазпошта», «Казатомпром», Бас прокуратура және т.б. үшін шешім-жобаларын әзірледі.

Ертең Назарбаев Орталығының алаңында жоғарыда аталған компаниялардың ІТ-бағдарламалары және бизнес-ұсыныстарын енгізу жөніндегі жұмыстары көрсетіледі.

«Қазпошта» АҚ үшін ұсынылатын жоба – жасанды интелектіге негізделген және пайдаланушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін жүйе.

«Казатомпром» АҚ үшін ұсынылатын жоба – кен орындарынан уранды өндірген кезде кеніштерді цифрлауға мүмкіндік беретін цифрлық кеніш жүйесі.

Бас прокуратураға арналған жоба – «Белсенді азамат» мобильді қосымшасы. Қылмыстың мониторингісін жүргізуге, онлайн режимінде шағым және өтініш жасауға мүмкіндік беретін жүйе.

Тұсаукесерге ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев, АҚШ-тың ҚР-дағы елшісі Джордж Крол, жобаны бірлесіп ұйымдастырушы Дагар Давлетов, «Зерде» ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингісі басқармасының төрағасы Руслан Еңсебаев, «Қазпошта»АҚ-ының инновациялар және ақпараттық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры Нариман Мұқышев.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев: «Қордың ұйымдастырып отырған жобалары –  адами капиталға деген салым, олар Қазақстан жастарының жеке дара, кәсіби және рухани дамуына ықпал етеді. Жастарға салынған бүгінгі инвестициялар мемлекеттің прогресіне салынған инвестициялар болып табылады», –  деп атап өтті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір