• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:22:46
+35°

08 Қаңтар, 2018 NEWS

ҚР Театр өнері қауымдастығы парамен ұсталған Ерлан Біләлға қолдау көрсетті

Бүгін Алматы қаласында Мұхтар Әуезов атындағы драма театрының директоры Ерлан Біләлдің ісіне қатысты баспасөз конференциясы болып өтті

Бүгін Алматы қаласында Мұхтар Әуезов атындағы драма театрының директоры Ерлан Біләлдің ісіне қатысты баспасөз конференциясы болып өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Театр өнері қауымдастығы 1,5 миллион теңге көлемінде парамен ұсталған театр директоры Ерлан Біләлға араша түсіп, бүгінгі баспасөз конференциясында аталған оқиғаға қатысты театр өнерінің өкілдері өз пікірлерін ортаға салды.

Күнсұлу Шаяхметова

Елімізге белгілі актриса Күнсұлу Шаяхметова бұл жағдайды өнерге жасалған қиянат деп атады.

«Жаным ауырып, буынсыз жерге пышақ ұрған сәтте елім дейтін ердің арқасына тиген қамшысына арқасын төсейтін қандастарының жоқтығы менің жаныма батты. Мен екі театрдан да қуылған баланың бірімін, жесе таяқты жеген баланың бірімін. Өнерге қиянат жасалып жатыр, ағайын, бірақ, ешкімді де табаламаймын. Осы жағдайды естіген кезімде, екі туып, бір қалғаным емес, театрда да керемет жағдайымды жасады деп айта алмаймын, бірақ мен мұнда шындық іздеп келіп отырмын. Бұл – қасақана өнерге жасалған қиянат деп білемін», - дейді актриса.

Кәріс театрының директоры Любов Ни қазір Ерлан Біләлдің денсаулығы сыр беріп, үйінде жатқандығын айтты.

Ерлан Біләл

Айта кетер болсақ, М.Əуезов атындағы академиялық қазақ драма театрының директоры Ерлан Біләл 1,5 млн теңге пара пара алғаны үшін ұсталған болатын.

М.Əуезов атындағы академиялық қазақ драма театрының директоры Ерлан Біләл  өзінің кінәсін толықтай мойындағандықтан қамауға алынған жоқ. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір