ҚР СІМ Қытай қазақтарына байланысты Qamshy.kz сауалына жауап берді

ҚР СІМ Қытай қазақтарына байланысты Qamshy.kz сауалына жауап берді
Ⓒazattyq.org

Былтырдан бері Қытайдағы этникалық қазақтардың жаппай қысымға ұшырағаны жайлы ақпарат дүркін-дүркін жарияланып жатыр. Арғы беттегі қандастарымыз Қазақстанға келе алмай, келгендері Қытайға қайта бара алмай отыр. Себебі Қытай билігі ештеңе түсіндірместен қазақтарды түрмеге қамап, паспорттарын жинап алған.

Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында қоғам қайраткері Өмірхан Алтын Қытайдағы қандастарымыздың мәселесін Елбасының алдында  көтерген болатын. Президент бұл мәселемен айналысу үшін Сыртқы істер министрлігіне тапсырма берген.

Ал ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов өзінің мәлімдемесінде «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сыртқы істер министрлігіне, басқа тиісті ведомстволарға мәселеле көтерілсе, оны егжей-тегжей екі жақты қарастыру жөнінде нақты тапсырма берді. Осы тапсырманы орындау барысында бізге ресми түрде мәлімет түссе, міндетті түрде Қытай тарапымен, олардың сыртқы істер министрлігі, басқа да мекемелердегі әріптестерімізбен мәселені көтереміз. Қазақ диаспорасының шетелдегі мүдделері мен құқықтарын қорғау — бұл біздің тікелей міндетіміз», - деген болатын.

Qamshy.kz ақпарат агенттігі осы мәселеге қатысты ҚР Сыртқы істер министрі Әбдірахмановқа бірнеше сауал жолдаған еді. Сауал мазмұны төмендегідей:

• Министрлікке аталған мәселе турасында ресми мәліметтер, шағымдар түсті ме?

• Министрлік шағым түскенін күтіп отырмай, өз бетімен зерттеу жұмыстарын жүргізді ме?

• Зерттеу жұмыстары жүргізілген болса, қолда бар соңғы статистикалық мәліметтер қандай?

• Қазақстан үкіметінен ықтиярхат алған Қытайдағы этникалық қазақтардың саны қанша? Ықтиярхаты бар адамдар не себепті Қытайдан Қазақстанға өте алмай отыр?

• Министрлік деңгейінде Қытай үкіметімен аталмыш мәселеге байланысты диалог болды ма?

• Қытайдағы этникалық қазақтарға екі ел арасында құқықтық мәселелерге душар болмауы үшін қандай кеңес бересіз?

Араға екі апта салып, Сыртқы істер министрлігінен ресми жауап келді. Министрлік өкілдері Қытай үкіметімен түсінісуге тырысып жатқанын, қам-қарекетсіз отырмағанын мәлімдеп, бұл мәселені ерекше бақылауда ұстайтынын атап өтіпті. Министрліктің толық жауабы мынадай:

• Соңғы уақытта Қытайдан келіп, Қазақстан азаматтығын алғандардың Қытай билігімен арадағы мәселелер жиі көтерілуде. Қазақстан азаматтарының Қытайда ұсталғандығы жайлы Сыртқы істер министрлігіне (одан әрі – Министрлік) жолдаған ресми шағымдар саны да артуда.

• Министрлік келіп түскен шағымдар негізінде Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрлігіне Қытай аумағында қамауға алынған Қазақстан азаматтары жайлы тиісті ноталарды жолдай отырып, ҚР азаматтарына консулдық-құқықтық көмек көрсетуде.

• Министрліктің басшылығы Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Чжан Ханьхуэй және Қытайдың Қазақстандағы консулы Лю Цзянпинмен бірқатар кездесулер өткізіп, қазақстандық азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында Министрліктің ұстанымы жеткізілді.

• Сонымен қатар, Министрлік Қазақстан азаматтығын алып, Қытайдың азаматтығынан шықпағандықтан туындайтын қос азаматтық мәселесі бойынша Қазақстанның құзыретті органдарының ұстанымдарын сұратуда. Одан басқа, Қазақстанның Қытайдағы Елшілігі шұғыл мәселелерді шешу мақсатында Қытайдың құзыретті органдарының өкілдерімен тікелей байланыс орнатты.

 

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 6 ай бұрын

    Журналист сұраған статистиканы айтпапты ғой. Қанша?

    • 6 ай бұрын

      Мен Әбдірахмановқа сенемін!!!

      • 6 ай бұрын

        CІМ сұрақтардың арасынан жол тауып әйтеуір дегенде өтірік жауабын беріпті

        • 6 ай бұрын

          Өтірік жауапты қайдан көріп тұрсың? Жұмыс істеп жатқандарын жазған, бұл оңай шаруа деп пе едің??? Жарты жылда шешіле салатын. Әбдірахманов мықты министр, ол бұл мәселені шешеді. Президенттің тапсырмасын орындайды

      1
      Алматыдан 729 шақырым қашықтықта жер сілкінді
      18/08 11:25 0 50
      2
      Шығыста Шәкәрімнің 160 жылдығы аталып өтті
      18/08 10:32 0 192
      3
      "Қазақфильм" неге дүрлікті?
      17/08 19:00 0 235
      "Мұхтар Жәкішевті мазақ қылуды доғару керек"
      17/08 17:42 0 1218
      Қарағандыда кондуктор жолаушыны соққыға жықты
      17/08 17:23 0 518

      Таныстырылғандар

      Тәжікстанның бұрынғы оппозиционерлері отанына оралып жатыр
      Тәжікстанның бұрынғы оппозиционерлері отанына оралып жатыр
      Тәжікстанның бұрынғы оппозиционерлері отанына оралып жатыр
      Сарапшылар бұрынғы оппозиционерлер шетелдегі өмірдің ауырлығынан, амалсыз отанына оралды дейді.
      23/07/2018 10:25 0 773
      Президент Назарбаев қысқа мерзімді демалысқа шықты
      Президент Назарбаев қысқа мерзімді демалысқа шықты
      Президент Назарбаев қысқа мерзімді демалысқа шықты
      Президент қысқа мерзімді демалысқа шықты.
      23/07/2018 12:25 1 1119
      Халқының 12%-ы ғана жоғары білім алған Түркия қалайша өзгені оқытып-тоқытпақшы?
      Халқының 12%-ы ғана жоғары білім алған Түркия қалайша өзгені оқытып-тоқытпақшы?
      Халқының 12%-ы ғана жоғары білім алған Түркия қалайша өзгені оқытып-тоқытпақшы?
      Мемлекеттік мектепте сауат ашатындардың  53%-ы шылым шегеді. Нашақорлыққа әуестенгендердің үлесі 15%-ға дейін өскен
      23/07/2018 16:15 0 1715
      Елбасы Өзбекстан президентін құттықтады
      Елбасы Өзбекстан президентін құттықтады
      Елбасы Өзбекстан президентін құттықтады
      Елбасы Өзбекстан президентіне зор денсаулық, бақ-береке және жаңа табыстар тіледі.
      24/07/2018 16:37 13 1202
      Д. Трамп+В.Путин және прокурор Р. Мюллер араларында не тұр?..
      Д. Трамп+В.Путин және прокурор Р. Мюллер араларында не тұр?..
      Д. Трамп+В.Путин және прокурор Р. Мюллер араларында не тұр?..
      Трамптың Путин десе емешегінің үзіліп тұрғаны турасында бұдан бұрын жаздық та.
      26/07/2018 17:11 1 1038
      Қуандық Бишімбаевтың коттеджі Қосшы ауылының мәдениет үйіне айналмақ
      Қуандық Бишімбаевтың коттеджі Қосшы ауылының мәдениет үйіне айналмақ
      Қуандық Бишімбаевтың коттеджі Қосшы ауылының мәдениет үйіне айналмақ
      Аумағы 500 шаршы метр болатын алып үйде сауна бассеин мен үлкен хол және үш жатын бөлме бар.
      30/07/2018 10:55 0 1274
      Қытай мен Ресей КСРО-ның кейпін киеді
      Қытай мен Ресей КСРО-ның кейпін киеді
      Қытай мен Ресей КСРО-ның кейпін киеді
      Біраздан кейін Қытайдың өзі қазақты жаншуды бәсеңдетіп оларға белгілі еркіндік береді. Қытай ұйғырлары ұлттық ерекшіліктері ұлттық санасына айрылмайды.
      30/07/2018 11:56 0 2456
      "Қазаққа тіл тигізді" деген Шаянов шындықты айтуға неге асықпайды?
      "Қазаққа тіл тигізді" деген Шаянов шындықты айтуға неге асықпайды?
      "Қазаққа тіл тигізді" деген Шаянов шындықты айтуға неге асықпайды?
      Әлеуметтік желіде аталмыш мақала мен пікір қызу талқыланып жатыр.
      31/07/2018 15:40 2 1855
      Халықаралық құқық негізге алынып, Сайрагүл Сауытбай бостандыққа шықты
      Халықаралық құқық негізге алынып, Сайрагүл Сауытбай бостандыққа шықты
      Халықаралық құқық негізге алынып, Сайрагүл Сауытбай бостандыққа шықты
      Балалары Үкіліай мен Ұлағаттан бөлініп қалуы — ана бала құқығын қорғайтын халықаралық шарттардың Қытай тарапынан бұзылғаны деп түсіндірді.
      01/08/2018 16:15 7 3133
      Бесінші Каспий маңы саммитін өткізуге Ақтау әкімдігі 823 миллион теңге жұмсап гүл екті
      Бесінші Каспий маңы саммитін өткізуге Ақтау әкімдігі 823 миллион теңге жұмсап гүл екті
      Бесінші Каспий маңы саммитін өткізуге Ақтау әкімдігі 823 миллион теңге жұмсап гүл екті
      Саммиттің мақсаты: Каспий теңізінің құқықтық статусын реттеу Каспий аймағының саяси тұрақтылығы мен экономикалық дамуын қамтамасыз ету
      07/08/2018 10:19 0 1538
      Павлодар облысындағы екі аудан атауы өзгерді
      Павлодар облысындағы екі аудан атауы өзгерді
      Павлодар облысындағы екі аудан атауы өзгерді
      Качир ауданы – Тереңкөл ауданы; Лебяжі ауданы Аққулы ауданы
      07/08/2018 12:41 0 804
      АҚШ  пен Қытай сауда соғысы. АҚШ екінші соққысын 23 тамызда бастайды
      АҚШ пен Қытай сауда соғысы. АҚШ екінші соққысын 23 тамызда бастайды
      АҚШ пен Қытай сауда соғысы. АҚШ екінші соққысын 23 тамызда бастайды
      Сауда соғысы – сауда қатынасындағы екі елдің бір-бірімен сауда шарттары арқылы күресуі.
      08/08/2018 11:18 1 771
      Мемлекет басшысы Бас прокурор Қайрат Қожамжаровты қабылдады
      Мемлекет басшысы Бас прокурор Қайрат Қожамжаровты қабылдады
      Мемлекет басшысы Бас прокурор Қайрат Қожамжаровты қабылдады
      Қазақстандағы сотталғандар саны 35 пайызға азайғанын айтты.
      09/08/2018 16:09 6 387
      Нұрсұлтан Назарбаев Ақтау қаласындағы теңіз жағалауын аралап көрді
      Нұрсұлтан Назарбаев Ақтау қаласындағы теңіз жағалауын аралап көрді
      Нұрсұлтан Назарбаев Ақтау қаласындағы теңіз жағалауын аралап көрді
      Нұрсұлтан Назарбаев Ақтау қаласындағы теңіз жағалауын аралап көрді.
      11/08/2018 11:31 6 469
      Үшінші топтағы мүгедек Мұхтар Жәкішевтің ауруы асқынды
      Үшінші топтағы мүгедек Мұхтар Жәкішевтің ауруы асқынды
      Үшінші топтағы мүгедек Мұхтар Жәкішевтің ауруы асқынды
      Қазіргі кезде Мұхтар Жәкішевтің қорғаушысы жекеменшік клиникада медициналық тексеруден өтуін талап етіп отыр.
      15/08/2018 17:25 0 1267