• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 08:43:16
Алматы
+35°

22 Маусым, 2018 Саясат

ҚР СІМ басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтқанына қатысты пікір білдірді

Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов сенат төрағасы Қасыс-Жомарт Тоқаевтың Қазақстандағы 2020 жылы өтетін сайлау туралы айтқанына пікір білдірді.

Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов сенат төрағасы Қасыс-Жомарт Тоқаевтың Қазақстандағы 2020 жылы өтетін сайлау туралы айтқанына пікір білдірді. Бұл туралы сыртқы саяси ведомствосының баспасөз қызметі хабарлады.

Бұдан бұрын Тоқаев Би-би-си-дегі Hardtalk бағдарламасына берген сұхбатында 2020 жылы өтетін президент сайлауына Нұрсұлтан Назарбаевтың қатыспауы мүмкін екенін айтқан.

«Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Hardtalk бағдарламасына берген сұхбатында өзінің нағыз кәсіби әрі сауатты маман екенін көрсетті. Біздің ішкі саясатымызды түсіндіріп, Қазақстанның халықаралық позициясын дамыту тұрғысынан алып қарайтын болсақ, бұл өте маңызды. Сұхбаттың аударылған толық нұсқасын Сенат Парламентінің сайтынан көре аласыздар», - деді Қайрат Әбідархманов.

СІМ басшысының айтуынша, Қазақстанға деген қызығушылық жылдан жылға артып келеді. Мемлекет ірі инвестицияларға көз тіге бастады.

«Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның даму жолындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін айқан көрсеткен. Елбасы құрып кеткен саяси модель берік. Біз «Астана» халықаралық қаржы орталығын қостық, әлім бойынша инвестициялар мен жаңа технологияларды өзімізге тартып келеміз. Сенат спикерінің сұхбатында мұның ашық әрі жүйелі түрде қамтылған», - деп келтірді министрдің сөзін ведомство хабарламасы.

Сонымен қатар Әбірахманов сұхбаттың күрделі болғанын айтып өтті.

Бұған дейін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Тоқаевтың айтқанына байланысты пікір білдірген болатын. Өз сөзінде министр Елбасының сайлауға түсуі Қазақстан үшін тиімді екенін мәлімдеді.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, 2020 жылға дейін әлі біраз уақыт бар. Шешімді Мемлекет басшысының өзі қабылдайды. Біз бұған 2020 жылы сол кездегі жағдаймен  қарауымыз керек. Көп жыл Президент қызметін атқарған адам, сонымен қатар Елбасының саясат пен экономикадағы, халықаралық істердегі зор тәжірибесі мен халықаралық беделін ескере келе, Қазақстан Елбасының 2020 жылғы президент сайлауына қатысқанынан тек ұтады деп санаймын, - деген еді Дәурен Абаев.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір