08 Қаңтар, 2019 Оқиғалар
ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Қарағандыдағы оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады
Осы уақытта әртүрлі дене жарақатын алған үш жігіт (24-27 жас аралығындағы жігіттер) медициналық мекеменің көмегіне жүгінген.
Қарағандыда болған төбелес ұлтаралық қақтығыстан емес, тұрмыстық негізде туындаған. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингте ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі baq.kz-ке сілтеме жасай отырып.
«Тергеу барысында төбелес тұрмыс негізде туындағаны анықталды. Себебі, төбелес ұлтаралық жанжалдан емес, тұрмыстық негізде туындаған. Төбелес жаңа жылды қарсы алу кезінде мейрамханада болған», - деді ішкі істер министрінің бірінші орынбасары.
Осыған дейін Қарағандыдағы «Древний Рим» мейрамханасында 1-қаңтарда төбелестен ер адамның қаза тапқаны туралы хабар тараған.
Өңірдегі полиция өкілдерінің мәліметінше, 1 қаңтарда қаладағы мейрамханалардың бірінде зорлық белгілері бар 23 жастағы жігіттің денесі табылған. Осы уақытта әртүрлі дене жарақатын алған үш жігіт (24-27 жас аралығындағы жігіттер) медициналық мекеменің көмегіне жүгінген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір