• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 20:13:20
Алматы
+35°

08 Қаңтар, 2019 NEWS

ҚР ІІМ Гурурянға өз еркімен берілуге кеңес берді

23 жастағы жігітті өлтірді деген күдікпен 8 адам ұсталып тұтқындалды және күдіктілердің бірі Гурурянға іздеу жарияланды.

Қарағандыдағы кісі өліміне қатысты 8 күдікті тұтқындалды. Бұл туралы ҚР ІІМ Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Құқық қорғау органдарының мәліметіне сүйенсек, бүгінгі күні "Қарағандыда бұзақылық әрекет жасап, 23 жастағы жігітті өлтірді" деген күдікпен 8 адам ұсталып тұтқындалды және күдіктілердің бірі Гурурянға іздеу жарияланды.

"Тергеу аясында полиция тобы оның болуы мүмкін аумағына аттанды. Күдіктінің өз еркімен берілуге дайын екендігі туралы мәлімдемесі әлеуметтік желілерге жариялануына байланысты осыдан 2 күн бұрын оның туыстарына қызметкерлеріміздің байланыс деректері берілді. Алайда осы күнге дейін ешкім байланысқа шыққан жоқ», - деді Алмас Садубаев.

Департамент басшысы еліміздің Ішкі істер министрлігі істің объективті әрі жан-жақты тергелетіндігіне кепіл беретіндігін атап өтеді. 

Сонымен қатар, азамат Гурурянға өз еркімен полиция қызметкеріне берілуге кеңес береді.

Садубаевтың айтуынша, тергеу барысы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің айрықша бақылауына алынған.

Еске салсақ, 1 қаңтар күні Қарағандыдағы «Древний Рим» мейрамханасында болған жанжал кезінде бір жігіт көз жұмды. Билік аталған процестің обьективті және барынша ашық өтетінін айтқан.

6 қаңтарда Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов төбелес салдарынан қаза тапқан жігіттің туыстарымен кездесіп, кінәліні жазалауға сөз берді.

Дүйсенбі, 7 қаңтарда Арменияның Сыртқы істер министрінің ресми сайты СІМ басшысының орынбасары Шаварш Кочарянның пікірін жариялады.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір