• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:16:28
Алматы
+35°

19 Қараша, 2018 NEWS

ҚР Энергетика вице-министрі Шкарупа ұсталды

«Иә. Анатолий Шкарупаның ұсталғанын білемін», - деді Бозымбаев дүйсенбіде өткен үкімет отырысында.

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев орынбасары Анатолий Шкарупаның ұсталғанын ресми хабарлады.

«Иә. Анатолий Шкарупаның ұсталғанын білемін», - деді Бозымбаев дүйсенбіде өткен үкімет отырысында.

Сонымен қатар Бозымбаевтың айтуынша, Шкарупаның қызметінен кету туралы өтініш хаты тиісті органдарға жіберілді.  

«Мұның бәрі өткен аптада болған. Айтып тұрмын ғой. Тиісті өтініш хатты министрліктің канцеляриясына да, президент әкімшілігіне де жібердім», - деп сөзін қорытындылады министр.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының қатысуымен өткен қауіпсіздік кеңесі барысында ҚР бас прокуроры Қайрат Қожамжаров энергетика вице-министрі Шкарупаға қатысты наразылығы барын ескерткен.

«Жуырда ғана энергетика вице-министрі болып тағайындалған Шкарупаға қатысты наразылық туындап отыр. Оған 2015 жылы Сарань қаласында жылуы жоқ аудандарға газ жіберу үшін бөлінген 215 миллион теңге ақшаны жымқырды деген айып тағылған. Іске байланысты қылмыстық тергеу басталды», - деген еді Қожамжаров.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір