• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 20:22:54
Алматы
+35°

02 Қыркүйек, 2017 NEWS

ҚР Дін істері министрі Н.Ермекбаев Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Көпконфессиялы елімізде өзара татулық пен қайрымдылықтың көрінісі болған бұл мереке барлық адамзат баласына қайрымдылық жасауға шақырады

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев барша қазақстандықтарды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Құрметті қазақстандықтар! 

Баршаларыңызды Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!

Бүгінгі таңда Құрбан айт мейрамын тойлаудың ұлттық ерекшеліктерімізге сай форматы қалыптасып, осынау қастерлі мереке Қазақстан халқының бірлігін, конфессиялар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етіп келеді.

Көпконфессиялы елімізде өзара татулық пен қайрымдылықтың көрінісі болған бұл мереке, тек мұсылмандарға ғана емес, барлық адамзат баласына қайырымдылық жасауға шақырады.

Жағдайы жеткендердің құрбан шалып, оның етін тұрмысы төмендерге таратуы – халқымыз арасында ауызбіршілік пен татулықтың, адамдардың әлеуметтік жағдайына қарамастан бір-бірлерімен құшақ жая араласуына мүмкіндік туғызады.

Құрбан Айт күндерінде адамдар бір-бірін құттықтап, бір-бірінің үйінен дастарқаннан дәм татады, бұл күні әдетте мұсылманның үйінде дастарқан жайылады.

Адам баласының бақытты, тыныш өмірін тек материалды игіліктер ғана құрамайды. Баянды бақытқа жетуде рухани негіздердің маңызды орын алатыны сөзсіз.

Дәстүрлі дініміздің жасампаз әлеуеті рухани-өнегелік құндылықтарды дамытуға және отансүйгіштік рухына негізделе отырып, қоғамдағы татулық пен конфессияаралық келісімді өркендетуге одан әрі қызмет ете береді деп сенемін.

Бүгінгі Құрбан айт мерекесі рухани серпілісімізге себепкер болып, әрбір шаңыраққа құт-береке әкелсін.

Барша қазақстандықтарға зор денсаулық, береке, бақыт және мол табыс тілеймін! Айт қабыл болсын!" – дейді министр Нұрлан Ермекбаев. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір