• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 22:15:31
Алматы
+35°

10 Наурыз, 2017 Әлеумет

ҚР чемпионын айуандықпен азаптағаны белгілі болды

АП 162/3 түзету мекемесінің екі қызметкері бірнеше мәрте чемпион атанған дзюдошы Бақытжан Әбдікәрімовты суицидке дейін жеткізуі мүмкін деп хабарлайды

АП 162/3 түзету мекемесінің екі қызметкері бірнеше мәрте чемпион атанған дзюдошы Бақытжан Әбдікәрімовты суицидке дейін жеткізуі мүмкін деп хабарлайды informburo.kz. Олар бұл істе күдікті болып саналады.

Павлодар облысының прокурорлары ҚР чемпионы 45 жастағы Бақытжан Әбдікәрімовты азаптағанын анықтаған. Осыған байланысты аталмыш мекеменің жедел уәкілі және бөлім басшысы тергеу изоляторында отыр.

«Жазасын өтеуші 2016 жылдың 24-ші ақпан айында көз жұмды. 20 мен 23 ақпан аралығында бөлім басшысы Канкин мен жедел уәкіл Мұқанов ҚР чемпионы Әбдікәрімовты соққыға жыққан. Оған психологиялық, моральдық, физикалық қорлық көрсетіп, жыныстық зорлықпен қорқытқан» деп хабарлады Павлодар облыстық прокуратураның арнайы прокурорлар басқармасының басшысы Әсет Саттыбаев.  

Бақытжан Әбдікәрімов бірнеше мәрте өзіне қол жұмсамақ болғаны анықталды. Алайда колония басшылығы тарапынан ешқандай қауіпсіздік шаралары қолданылмаған.

«Медициналық санитарлы палатада спортшы әйнекті шағып, өзіне 130-ға жуық жарақат салған. Қылмыс анық болмағандықтан тергеу жұмыстары қиынға соғуда. Жазасын өтеушілерден де түсініктеме алынды. Олар да күдіктілердің тарапынан қысымға ұшыраған. Сондықтан оларға ҚР ҚК 361 бап 2-ші бөлім – куәгерлерге қысым көрсету бойынша қосымша айып тағылды. Мұқанов пен Канкин өз кінәләрін мойындамай отыр. Іс тексерілгеннен кейін сотқа жеткізіледі» деп хабарлады Әсет Саттыбаев.

Бақытжан Әбдікәрімов 2016 жылдың 24-ші ақпанында әйнек сынығымен өзіне түрлі жарақаттар салды. Әбдікәрімовке шұғыл түрде медициналық көмек көрсетілген. Алайда спортшы есін жимастан қайтыс болды.

Естеріңізге сала кетейік, дзюдодан чемпион атанған спортшы Баянауыл аудандық сотында екі адамды қатігез түрде соққыға жыққаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылған.   

Әбдікәрімовтың туыстары тергеуге сенбейтіндерін айтып, оны өлтірді деп ойлаған. 

Аударған: Әсем Әлмұханбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір