• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:48:49
Алматы
+35°

30 Наурыз, 2019

"Қожалар дауы". Әбдіжаппар Әлқожа халықтан кешірім сұрап, видео жариялады

Мен ешқашан «арабпын» деп кеудемді көтерген емеспін. Мен – қазақпын.

Жас әнші Әбдіжаппар Әлқожа жуырда «Өмір мен өнер» бағдарламасына берген сұхбатындағы қожалар жайында айтқан сөздері үшін халықтан кешірім сұрады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Әншінің кешірім сұраған видеосын журналист Әлия Құдайбергенова Facebook-тегі парақшасында жариялады. 

«Өнер мен өмір» бағдарламасынан кейін мен туралы түрлі сыни пікірлер айтыла бастады. Негізі ол бағдарламада маған «Қожа тек қожадан қыз алады деуші еді. Ол үрдіс қазір бұзылды ма?» деген сұрақ қойылған болатын. Мен онда қожалардың арғы жағын айта келіп, қазақпен біте қайнасып, қазақтың ортасында қазақ бола жүргенін айтқым келген. Мен ешқашан «арабпын» деп кеудемді көтерген емеспін. Мен – қазақпын.

Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды. Жаңылған тұстарым бар. Мені Әбдіжаппар етіп көтерген халқым. Алайда іріткі салатын жандар да бар. Мен енді ғана өсіп келе жатқан жастарыңыздың бірімін. Сөзден қателессем, кешірім сұраймын. Ешқандай арам ойым жоқ!» - деген әнші «тірі жүрсем, қазақы жақсы көретінімді әлі талай дәлелдермін» деп сөзін қорытындылады.

♦"Әбдіжаппар Әлқожа, халық алдында кешірім сұра..." - заңгер

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын әнші Әбдіжаппар Әлқожа "31" арнаның "Өмір мен өнер" бағдарламасында қожалар жайлы ел арасында айтыла бермейтін жайттарды атап берген болатын. Әншінің "қожалар қазақтан қыз алып, қан бұзылды" деген сөз халық арасында дауға ұласып, Әлқожаның сахнадан кетуін де талап еткендер болды. 

Ұсынған: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір