• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:09:17
+35°

05 Мамыр, 2019 Әлеумет

Қостанай түрмесінде отырған ҰОС ардагері көзіне жас алды (Видео)

Жаза өтеушілер ұйымдастырған концерт оның көзіне еріксіз жас үйірді.

94 жастағы ҰОС ардагері – Иван Сурков осыдан бір ай бұрын туысқанын өлтіргені үшін төрт жылға сотталған еді. Соғыс ардагерімен бірге жазасын өтеп жатқан қылмыскерлер оны алда келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтаған. Арнайы жабдықталған сахна, ән айтқан тағдырластары қарттың көзіне жас алуына себеп болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі alau.kz сайтына сілтеме жасап.

Түрлі рухты ұрандар жазылған плакаттар сахна төріне ілініп, жаза өтеушілер солдаттардың қалайы ыдысынан "Мәңгілік алау" жасады.

Түрлі марапаттардың иесі Иван Владимирович кеудесі сыңғырлаған орденге толы костюмін үйде қалдырған. Енді оның үстінде түрмедегі кәдімгі бірыңғай форма. Оның ҚК 161/2 бөлімінде жазасын өтеп жатқанына бір айдан аса уақыт болды. Ардагер үшін ең қымбатты мерекелердің бірі енді түрмеде тойланып жатыр. Бір жерде жататын тағдырластар ішінде Иван Сурковтың орыны ерекше. Ол – аталмыш нысандағы ең қартаң қылмыскер.

"Жазасын өтеушілердің еркі бойынша және басшылықтың қолдауымен жалғыз ардагер үшін біз осы концертті ұйымдастырып отырмыз", - дейді ҚК 161/2 бөлімінің отряд басшысы Бауыржан Кеңесбаев.

Басшының айтуынша, қазіргі уақытта соғыс куәгері санаториялық бөлімде. Оның денсаулығы үшін келген күннен бастап шені бар дәрігерлер жауапты. Психолог тұрақты түрде жұмыс жасап жатыр екен.

"Біз оған ешқандай қысым көрсетіп жатқан жоқпыз. Ол қалауынша теледидар қарап, кітап оқып және кроссворд шеше алады", - деді Кеңесбаев.

Иван Владимирович биыл 94 жасқа толады. Оны майданға 1943 жылы Қостанай ауданынан шақырған. Ең қызығы – Иван Сурков майданға шақырылған уақытта 10-сыныптың оқушысы еді. Алғаш рет ұрысқа Курск-Орлов аумағында қатысты. 4-ші Украина фронтында шайқасып, Донбассты, Запорожьені, Евпаторию қаласын, Севастопольді босатуға белсене қызмет еткен.

3-ші Беларусь және Балтық жағалауы майдандарын басып өтіп, Рига мен Таллинді жаудан азат еткен жауынгер екі рет басынан жарақат алған. Осы ерліктерін ескере отырып, жазасын өтеуші тағдырластары оны құттықтауға бел буған екен.

"Біз ардагер Иван Сурковтың құрметіне мерекелік концерт ұйымдастырдық. Жазасын өтеушілер мен нысан әкімшілігінің атынан біз ақсақалды мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз", - дейді жазасын өтеушілердің бірі Виталий Волков.

Арнайы ардагердің құрметіне соғыс уақытындағы әндер орындалып, өлеңдер оқылып, концерт ұйымдастырылды.

Иван Сурков бүгінде жазасын өтеп, бостандыққа шығуды армандайды. Ал жаза өтеушілер ұйымдастырған концерт оның көзіне еріксіз жас үйірді.

Аударған: Әділет Мәдениет

Әділет Мәдениет

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір