• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 21:43:30
Алматы
+35°

06 Сәуір, 2017 NEWS

Қостанай облысында балалар мінген автобус қар құрсауында қалып қойды

2017 жыл 5 сәуір күні  Солтүстік өңірдегі жедел-құтқару командасына келіп түскен хабарлама бойынша Қостанай облысы Рыспай ауылының маңында мектеп автобусы...

2017 жыл 5 сәуір күні  Солтүстік өңірдегі жедел-құтқару командасына келіп түскен хабарлама бойынша Қостанай облысы Рыспай ауылының маңында мектеп автобусы қар құрсауында қалып қойды деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі    alau.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Автобус Рыспай ауылынан Талапкер ауылына қайтып бара жатқанда қатты дауылдан автокөлік қозғалысын тоқтатуға тура келеді. Дер кезінде көмек көрсеткен құтқарушылар 7 оқушыны Талапкер ауылына аман-есен жеткізді.

Жолда қар құрсауында қалып қойған жолаушылардың жалпы саны 22  болса, оның 11-і әйел адамдар.

«Біз дауылды күндері сапарларыңызды азайтып, жолда өте мұқият болуды ұсынамыз»,-деді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің Солтүстік  ӨАЖҚЖ бастығының орынбасары Сергей Шмидт.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір