• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 08:43:13
Алматы
+35°

21 Қаңтар, 2017 NEWS

Қош бол, ұлы тақсыр! Путин Кудриннің жоспарын қабылдаған секілді

Ресейлік блогер Игорь Бегдан Ресей Федерациясындағы экономикалық жағдайға байланысты өз ойын жеткізді деп хабарлайды

Ресейлік блогер Игорь Бегдан Ресей Федерациясындағы экономикалық жағдайға байланысты өз ойын жеткізді деп хабарлайды inforesist.org, мақаланың қазақша нұсқасын "Қамшы" порталы оқырман назарына ұсынады.

"Кудриннің жоспарында ең алғаш Батыспен достық келісім жасалуы керек деп көрсетілген. Кейіннен елдің экономикасы үшін арзан несиеге көшуге болады. Қатаң қаржылық саясат! Әскерилерге қаржы аз беріледі, зейнеткерлер жасының ұлғаюына байланысты оларға да қаржы аз мөлшерде бөлінеді. Алайда, ірі кәсіпкерлерге қауіпсіздік қамтамасыз етілген.

«2019 жылға қарай жалпы ішкі өнім 3%-ға артса, 2035 жылы екі есе өседі», - деп Кудрин нанымды түрде уәде етті. Ол – Путинге өте сенімді дауыспен бір нәрсеге уәде берген адамдардың ең біріншісі.

Егер Кудрин мемлекетті басқаруға көшетін болса, Медведьевті қайда жіберуі мүмкін? - деген сұрақ туындайды. Сонымен қатар Батыспен қалай достасуға болады? Бұл сұрақтарға жауап табылмаса, Кудриннің жоспары түкке де тұрмайды.

Империялық консерваторлар соңғы үш жылда үлкен сәтсіздікке ұшырады. Ішкі саясат пен экономикада көптеген шиеленіскен мәселелер туындады. Кішігірім ғана соғыстар үлкен қауіпке айналды. Экономика құрдымға кетіп бара жатыр. Қарапайым халық кедейлене бастады. Жоғарғы санаттағы адамдар бақытты шағымызды қайтарыңдар деп дабыл қағуда. Қамалып отыру үшін талмай еңбек еткен жоқпыз дейді.

Бар үміт қазір Трампта. Ресейлік биліктің ауызына құм құйылды.

Ресейді қайтадан қалпына келтіру үшін Трамп өзінің шарттарын айтуы қажет.

Кейін бірден алаңға Кудринді жіберу керек. Сол кезде Ресей қайтадан баяғы қаопына түсіп, күшіне ене бастайды. Өте қорқынышты түс секілді өтіп кетеді.

Ресейлік биліктің ойы осындай.

Алайда, ең басты кедергі – Крымнаш. Оны айналып та, басып та өте алмайды..."

Аударған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір