• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 00:09:16
Алматы
+35°

22 Мамыр, 2019 Саясат

Қосанов өзін жоғалтып алғандарға жауап берді (видео)

"Қостанай Қосановты қолдаса, қазақтың көсегесі көгереді".

Екі күн шамасында желі қолданушылары ешқандай жазба жарияламай, халыққа ешқандай мәлімдеме жасамай жүргеніне кішігірім реніш білдірген. Бүгін Әміржан Қосанов өзін іздеп жатқан жанашырларына жауап берді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Мені Фейсбукта жоғалтып алдық, "ол қайда жүр" дегендей әңгімелер естіп жатырмын. Осының алдында Алматы қаласында болғанбыз. Бүгін, міне, штабтың өкілдерімен бірге пойызбен Қостанай қаласына келдік", - деді үміткер.

Сондай-ақ, ол өзінің Қостанай өңіріне келген сапары маңызды екенін жеткізді. Сөзіне сенсек, Қазақстанның Ресеймен шекаралас жатқан аймақтарындағы ұлттық-демократиялық мәселелер ақсап тұр екен.

Сонымен қатар, Әміржан Қосанов Қостанай облысының ел экономикасындағы үлес-салмағы жайлы айтып, бұл сапарда бірқатар мәселелер шешіліп, халықпен, қолдаушылармен жолығатынын жеткізді.

Өз жақтастарына алғыс білдірген үміткер сөзін келесі ұранмен түйіндеді: "Қостанай Қосановты қолдаса, қазақтың көсегесі көгереді".

Дайындаған: Әділет Мәдениет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір