• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:58:22
Алматы
+35°

21 Қыркүйек, 2018 NEWS

Қоқыста жатқан Абай мүсінін қала әкімдігі сатып алды

Қалалық əкімдік өкілдері бұл мəселенің де пысықталып жатқандығын айтты.

Күні кеше Алтайньюс порталы жариялаған «Абайдың басы Өскемендегі күл-қоқыстың арасында жатыр» атты мақаланы сайтымызға біз де жариялаған едік. Онда журналист Серік Құсанбаев күл-қоқыстың арасында шаң басып жатқан Абайдың кеуде мүсіні жайлы күйініп жазған еді. Артынша редакцияға жағымды жаңалық келіп жеткен екен. Мүсінді қала әкімдігі сатып алатын болды. Сүйінші жаңалықты Серік Құсанбаевтың өзі жеткізді.

Qamshy.kz ақпарат агенттігі

Түс қайта ұялы телефонмен тілдескен кіші Владимир Самойлов әлгінде ғана Өскемен қаласы әкімінің ресми өкілдері келіп кеткендіктерін, мақалаға арқау болған ұлы ақынның кеуде мүсінін қала әкімдігі сатып алатын боп келіскендерін жеткізді. Дауысы түнеу күнгідей емес, жарқын-жарқын естілді.

Жақсы хабарды ала сала Өскемен қаласы әкімдігіндегі азаматтарға қоңырау шалсақ, рас екен. Абай атамыздың мүсінінің күл-қоқыста жатқанын естіген бойда қарекетке көшкен шаһар басшысы, ұлтжанды азамат Жақсылық Омардың ұйымдастыруымен өскемендік қос кәсіпкер Илья Елфимов пен Мадияр Бариев қоқыста қалған мүсінді сатып алатын болыпты.

Ендігі мәселе – ортамызға оралған Абай мүсінінің қашан, қай жерде орнатылуында. Қалалық əкімдік өкілдері бұл мəселенің де пысықталып жатқандығын айтты. Сонымен қатар Жақсылық Омар мүсінді Абайға ұқсатып, қайта жөндеу керектігін ескертіпті. Оқырмандарымызға бұл мәселенің «Алтайньюс» порталы мен «Дидар» газеттерінің жіті назарында болтындығын ескертеміз.

Естеріңізге сала кетейік,  19 қыркүйек күні сайтымызда  өскемендік мүсінші Владимир Самойловтың ауласындағы күл-қоқыстың арасында Абайдың бюсті жатқаны туралы мақала жарияланған болатын. Мүсіншінің айтуынша, ескерткішке 2014 жылы тапсырыс беріліп, кейін оны ешкім алмай қойған. Самойлов бір сөзінде бұл кеуде мүсінді жасау үшін кезінде 500 мың теңгенің шығыны шыққандығын, егер алам деуші табылса, 300 мыңға бере салатындығын жеткізген.

Серік Құсанбаев, Алтайньюс

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір