• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 00:05:03
Алматы
+35°

21 Қараша, 2018 Айтты-ей, бауырың!

Қонақбаевтың қателігі. Қазақтың жауы – жүзшілдік те, рушылдық та емес...

Меніңше, қазақтың жауы – жүзшілдік те, рушылдық та емес, қазақтың қас дұшпаны – дәл осы ҚАМСЫЗДЫҚ!

...Қамсыз қазақпыз. Ешқа­шан асықпаймыз. Кешкі са­ғат жетіге шақырылған тойға – сағат онда асықпай барамыз... 
Сабырлы жұртпыз ба, әлде ер­­те туып, кеш қалған халықпыз ба?.. 
Күні кеше спорт серкеміз Серік Қонақбаев Әлемдік бокс Федерация­сының басшы­лығына кандидат болуға кешігіп тіркелді. Әйтеуір, әупірімдеп, сауаты мен заңның арқасында бәйгеге түсіп еді, өзбектен жеңіліс тапты. Сол жеңілістің себебі – бірінші айналымға кешігуде емес пе екен? Бәлкім, ала тақиялы бауырымыз алғашқы атта­ныс­та-ақ алыптардың аузын алып, келісім қылып, қол қысып қойған шығар?!.

Ал, Олег (шын аты – Әлихан көрінеді) Сермұхамедов деген бір құлдық сананың құрбаны: «Мен ССРО-да дүниеге келдім. Ол уақытта әділдік – заңнан жоғары тұратын. Заң – әділдікке мойынсұнатын... Әкімдер, жемқор судьялар, саясаткерлер, сапасыз білім, коммерсант дәрігерлер, таң­даулы адамдардың оффшор­дағы қаржысы – мұның барлы­ғын көріп құсқың келеді, бетің қызарады. Осының барлығы «Махаббат, Комсомол мен Көктемді» алмастырды. Көптеген қазақтар ішкі түй­сігімен Ресейді ананың жылы құшағы ретінде қабылдайды. Ерте ме, кеш пе, оның құша­ғы­на тығылуға тура келеді», – деп сандырақтапты, таяу күн­дері. Бірақ, бірде-бір қазақ мыңқ етпейді. Баяғы сол – марғаулық...

Алла Тағаламыз бізге сал­бөк­селікпен бірге – Өзінің ша­пағатын да молдау төгіп, жаман­дықтан қорғайтын қал­қа­нын тосқан секілді. Әйтпесе, анау үндістердің моласының үстіне орнаған АҚШ деген елде жыл сайын, күн сайын бір пәлекет болады да жатады. 
Бірде аты атышулы дауылдар көлік­терді мақташа ұшырып, үйлерді үйіндіге айналдырса; келесіде қолана қау алған жасөспірім өзі оқитын мектепке келіп, сыныптастары мен ұстаздарын қызыл қанға бөк­тіріп, қынаша қырып салады... 
Жақында бір қаланы тұта­сы­мен от орап, өрт шалды. Ақ­парат көздері: «АҚШ-тың Ка­лифорния штатындағы орман өртінен кемінде 25 адам қаза тапқан. Сол аумақта тұрып жатқан танымал жүргізуші Ким Кардашьян жиналып кетуге бір сағат уақыты болғанын айтқан. Жалпы штаттың 16 жерінен өрт ошағы табылған. Америка билігі мұны Калифорния тарихындағы ең ірі өрттердің қатарына жатқызып отыр. Кейбір округтерде төтенше жағдай жарияланған. Шамамен 400 өрт сөндіруші өртті сөндіруге тырысып жатыр» – деп дабыл көтерді..

Құдай бетін аулақ қылсын, дәп осындай орасан кесапат кел­се, қамсыз қазақ қайтер еді?.. 
Тұманды ұйқыда жүретін төтенше жағ­дайлар қызмет­керлері елге ескертуге үлгеріп, сау жұртты сақтап қала ала ма?.. 
Ақын Абай «Қырық бірін­ші сөзінде»: «Қазақты я қор­қытпай, я параламай, ақыл­ме­нен не жырлап, не сырлап айтқанменен ешнәрсеге көн­діру мүмкін де емес. ...Өздерінің ырбаңы бар ма, пыш-пышы бар ма, гуілдегі бар ма, дүрілдегі бар ма – сонысынан дүниеде ешбір қызықты нәрсе бар деп ойламайды, ойласа да бұрыла алмайды, егер сөз айтсаң түгел тыңдап тұра алмайды, не көңілі, не көзі алаңдап отырады. Енді не қылдық, не болдық!» – деп жазыпты.

Меніңше, қазақтың жауы – жүзшілдік те, рушылдық та емес, қазақтың қас дұшпаны – дәл осы ҚАМСЫЗДЫҚ!

Ұйқы – тым тәтті, ояну – тым қиын екен-ау!..

Қажымұқан Ғабдолла

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір