Қонақ келгенде құман алып, қолға су құйдың ба?

Қонақ келгенде құман алып, қолға су құйдың ба?
Ⓒqamshy.kz

Қонақ келгенде қолға су құю деген дәстүр бар. Расы керек, су құюдан бәріміз қашатынбыз. Бірі самауырға су толтырып, бірі ошаққа отын тасыған бола қалады. Ағаларымыз: «Адамның кішісі болғанша, иттің күшігі бол», бар, қолға су құй», – деп жүгіртіп жібереді. «Үлкенді тыңдау керек!» Бір қолға құман, бір қолға шылапшын, мойынға сүлгі асып, қолға су құясың. Оның да өзінің тәртібі бар. Әкеміз анадай жерде: «Су – етектен, бата –төрден» деген, «оң жақтан бастап құй», «бір қолыңмен шүмегін ұстап тұр», «сарылдатпа, үзіп-үзіп үш рет құй», «төртіншісін қонақ сұраса ғана құй», – деп бақылап тұратын. Суды не үшін үзіп құятынын да есейе келе білдік. Әдетте, қайтқан кісінің денесін жуындырып, мейрам суын құйған кезде ғана ожаудағы су таусылғанша үзбей құяды екен.

Су құйып тұрып: «Қолын неге далада жуа салмайды?», «Адамды әурелемей өздері-ақ жуып кірсе болады ғой», – деп кір судан жиіркеніп, іштей жақтырмай тұрасың. Қариялар: «Молда бол!», «Үлкен жігіт бол!», «Көп жаса!», «Қатарыңның алды бол!» – деп алғыс айтып, батасын беріп жатады. Егер сол кезде осының бәрі жазылған кітап болғанда, бұл дәстүрге басқаша қарар ма едім. Қолға су құюға таласа-тармаса асығар ма едік, кім білсін?!

Қазақ халқында үйге қонақ келгенде жас баланың қолына құман беріп, мойнына сүлгі асып, ас ішердің алдында қонақтардың қолына су құйғызатын дәстүр бар. Аңыз бойынша бұл дәстүр Сүлеймен пайғамбардан қалған деседі.

Дәуіт пайғамбар отыз ұлынан айрылған соң қайғыдан қан жұтады. Ұлық Алла оны жұбату үшін оған тағы бір ұл сыйлайды. Дәуіт ұлды болардың қарсаңында Жебірейіл періште уахи әкеледі.

– Әй, Дәуіт! Ұлық Алла саған бір ұл нәсіп етеді. Бірақ шарты сол: ол баланың қызығын тоғыз жыл ғана көресің. Осыған ризасың ба? – дейді. Дәуіт іштей қынжылса да: «Жаппар иемнің әміріне не қылса да, ризамын», – деп келіседі. Көп ұзамай Дәуіт ұлды болып, есімін Сүлеймен қояды.

Дәуіт патша болғандықтан, оның сарайына күн сайын жүздеген адам қонаққа келеді екен. Сол кезде жеті жасар Сүлейменді бір қолына құман, бір қолына сүлгі ұстатып, сарайдың алдында қызметке қояды. Бала күні бойы кірген-шыққан қонақтардың қолына су құйып, алғысын алады. Оның адал қызметіне риза болған қонақтар:

– Ғұмыр жасың ұзақ болсын!

– Құдайдың сүйікті құлы бол!

– Басыңнан бақ, астыңнан тақ кетпесін!

– Әділ патша бол!

– Екі дүниенің сырын біл!

– Дұшпаныңа қатал, досыңа адал бол!

– Ғалым бол! – деп, тоқсан тоғыз түрлі тілек айтып, бата береді екен. Арада он бес жыл өтеді. Сүлейменнің бұғанасы бекіп, қабырғасы қатайып, ойы да, бойы да өсіп, азамат болып ер жетеді.

Бір күні Дәуіт Ұлық Аллаға:

– Уа, Алла, маған ұлыңның қызығын тоғыз жыл ғана көресің деп едің. Бұл не хикмет? – деп сұрайды. Ұлық Алла:

– Рас айтасың. Сүлейменнің пешенесіне тоғыз жылдық ғұмыр жаздым. Бірақ зерек ұлың қонаққа қызмет етуден шаршамады. Ақсақалдардың батасын алуға құмар болды. Күн сайын адамдар оған менің 99 есімімді айтып, шын жүректен алғыс жаудырып, батасын береді. Көптің алғысымен оның ғұмыр жасы ұзарды. Менің бір есімім – Халық. Халықтың тілегін қабыл етпеу ұлықтығыма сын болар. Бүгіннен бастап Сүлейменге 99 түрлі мұғжиза берем. Жердегі бүкіл тау-тас, аң-құс, он сегіз мың ғаламға патша қыламын, – деді. Содан бастап Сүлейменге дарымаған керемет қалмапты деседі.

Осыған орай, «Сүлеймен де су құйған», «Су иесі - Сүлеймен» деген сөздер ел арасына таралыпты. Қазір де қазақ халқы үйге қонақ келгенде жас баласының қолына құман мен сүлгі беріп: «Үлкен кісілердің батасын ал», – деп су құйғызады. «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» деген тәмсіл сөз Сүлейменнен қалған екен.

Зауре Даулетова

Ұсынған: Мақпал Сембай

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Кашмирде не болып жатыр?
    21/02 14:05 0 41
    2
    Жаңаөзен жастары Елбасына видео үндеу жолдады (видео)
    21/02 13:57 0 90
    3
    Ұлтынан, тілінен мақұрым қалған қазақстандық әжей өз-өзін іздеп жүр
    21/02 13:48 0 98
    Алматыда екі жігіт 35 жастағы әйелді буындырып, тонын шешіп алып кеткен (видео)
    21/02 12:28 0 1289
    Түрікмен полициясы әйелдердің көлік жүргізу куәлігін тартып алып жатыр (видео)
    21/02 12:17 0 168

    Таныстырылғандар

    "Бір бала меннен "Жұмақта тамақ көп пе? деп сұрады"
    "Бір бала меннен "Жұмақта тамақ көп пе? деп сұрады"
    "Бір бала меннен "Жұмақта тамақ көп пе? деп сұрады"
    Назгүл Кенжетайдың зерттеулері шетелде жоғары бағаланған.
    Аудио тыңдау
    14/02/2019 14:08 0 1410
    "7 жылға түрмеге қамалғаным үшін құдайға шүкіршілік етемін". Зорлық көрген әйелдің оқиғасы
    "7 жылға түрмеге қамалғаным үшін құдайға шүкіршілік етемін". Зорлық көрген әйелдің оқиғасы
    "7 жылға түрмеге қамалғаным үшін құдайға шүкіршілік етемін". Зорлық көрген әйелдің оқиғасы
    Түрмеге отырса, керісінше бостандықпен қауышатын әйелдер де барын білесіз бе? Ондай әйелдер түрмеге қамалып қана жан рахатын сезінеді,
    Аудио тыңдау
    14/02/2019 17:32 0 3326
    Тоқсан жасына дейін тақтан түспеген мемлекет басшылары
    Тоқсан жасына дейін тақтан түспеген мемлекет басшылары
    Тоқсан жасына дейін тақтан түспеген мемлекет басшылары
    Мемлекет басқару жасқа қарамайды.
    Аудио тыңдау
    15/02/2019 00:13 1 1744
    Көп балалы ана: Алтын алқамды ломбардқа өткізейін десем, ешбірі де алмайды
    Көп балалы ана: Алтын алқамды ломбардқа өткізейін десем, ешбірі де алмайды
    Көп балалы ана: Алтын алқамды ломбардқа өткізейін десем, ешбірі де алмайды
    Билікке әлеуметтік жағдайларын жақсартып, баспанамен қамтамасыз ету талабын қойған астаналық көп балалы әйелдер өздеріне қысым жасалғанына шағымданады
    Аудио тыңдау
    15/02/2019 11:24 0 6045
    Ауыл молдасы 37 жыл бұрын өзінен бас тартқан анасын іздейді
    Ауыл молдасы 37 жыл бұрын өзінен бас тартқан анасын іздейді
    Ауыл молдасы 37 жыл бұрын өзінен бас тартқан анасын іздейді
    Мен – молдамын, үйім, балаларым бар, орман шаруашылығында  күзетші болып жұмыс істеймін.
    Аудио тыңдау
    15/02/2019 13:59 0 1965
    Хабиб Нұрмағамедов қазақ қызына көліктің кілтін табыстады (фото)
    Хабиб Нұрмағамедов қазақ қызына көліктің кілтін табыстады (фото)
    Хабиб Нұрмағамедов қазақ қызына көліктің кілтін табыстады (фото)
    Ол UFC чемпионымен бірге көліктің кілтін ұстап түскен суретін жариялап, "Көптен күткен күн", деген жазба қалдырды.
    Аудио тыңдау
    18/02/2019 09:43 0 2683
    12 жасында Ресей шақырып, пәтер сыйлаған шахматшы Бибісара елге оралмақ
    12 жасында Ресей шақырып, пәтер сыйлаған шахматшы Бибісара елге оралмақ
    12 жасында Ресей шақырып, пәтер сыйлаған шахматшы Бибісара елге оралмақ
    Химки қаласынан оған екі бөлмелі пәтер берілді, деген хабарды естігенде оны жатқа қимай, ішіміз ашып, кәдімгідей қапа болып едік
    Аудио тыңдау
    18/02/2019 09:45 1 6189
    Толық емес отбасы мен жалғызбасты аналардың құқықтары қандай?
    Толық емес отбасы мен жалғызбасты аналардың құқықтары қандай?
    Толық емес отбасы мен жалғызбасты аналардың құқықтары қандай?
    Бүгінде мемлекет тарапынан толық емес отбасыларға да, жалғызбасты аналарға да ешқандай ақшалай көмек берілмейді.
    Аудио тыңдау
    18/02/2019 11:48 0 1161
    Бүгін Қазақстан Халық жазушысы, ақын - Қуандық Шаңғытбаевтың қайтыс болған күні
    Бүгін Қазақстан Халық жазушысы, ақын - Қуандық Шаңғытбаевтың қайтыс болған күні
    Бүгін Қазақстан Халық жазушысы, ақын - Қуандық Шаңғытбаевтың қайтыс болған күні
    Болсаң да әбілхаят, зәм-зәм суы, Шіриді денең көрге енеді де.
    Аудио тыңдау
    19/02/2019 09:07 0 206
    Табиғаттың терең тылсымын көрсететін ерекше 28 сурет
    Табиғаттың терең тылсымын көрсететін ерекше 28 сурет
    Табиғаттың терең тылсымын көрсететін ерекше 28 сурет
    Кейбіреуін көргеннен-ақ жүрегің дір етеді. Табиғи құылыс екендігіне қарамастан, кейбіреуінің сұлулығы сонша, құдды, сурет дерсің.
    Аудио тыңдау
    18/02/2019 16:43 0 400
    "Қосымша жұмыс" немесе кез келген адам ұстаз бола алмайды
    "Қосымша жұмыс" немесе кез келген адам ұстаз бола алмайды
    "Қосымша жұмыс" немесе кез келген адам ұстаз бола алмайды
    "Бұлар мұндай жұмыс істемейді. Бұлар интеллигент емес пе? Құжынаған базар адамдарының ішіне қалай кіреді"
    Аудио тыңдау
    18/02/2019 19:38 0 231
    Қытайлар ғарышта күн электр станциясын салмақ
    Қытайлар ғарышта күн электр станциясын салмақ
    Қытайлар ғарышта күн электр станциясын салмақ
    Қытайлық ғалымдар орбиталық электр станция жасауды бастап кетті
    Аудио тыңдау
    19/02/2019 16:41 0 441
    Абаев жыны келген әріптесіне: Еш уақытта ашуланбау керек
    Абаев жыны келген әріптесіне: Еш уақытта ашуланбау керек
    Абаев жыны келген әріптесіне: Еш уақытта ашуланбау керек
    Вице-министрден тариф туралы сұраған телеарна тілшісі "бұл басқа шара, жынымды келтірмеңізші" деген жауап алды
    Аудио тыңдау
    19/02/2019 17:43 0 449
    350 жыл бойы мойындалмаған шындық
    350 жыл бойы мойындалмаған шындық
    350 жыл бойы мойындалмаған шындық
    Бір ғана ақиқат шындық бар. Білім мен ғылым дамымайынша ешқашан көсегеміз көгермейді. Ешқашан!
    Аудио тыңдау
    20/02/2019 10:15 0 456
    Мәжіліс төрағасы Аустрияға ресми сапармен барды
    Мәжіліс төрағасы Аустрияға ресми сапармен барды
    Мәжіліс төрағасы Аустрияға ресми сапармен барды
    Сессия барысында Мәжіліс Төрағасының бірқатар екіжақты кездесулері жоспарланған
    Аудио тыңдау
    20/02/2019 11:00 0 160