Қонаев неге еңкілдеп жылап жіберді?

Қонаев неге еңкілдеп жылап жіберді?
Ⓒqamshy.kz

Леонид Брежневтің тұсында барлық құзырлы мекеме қабырғаларында КОКП ОК Саяси бюро мүшелерінің қаздай тізілген портреттері ілініп тұрушы еді. Қазақ үшін қасиетті сан – жетінші болып Дінмұхамед Қонаевтың суреті қасқайып қарап тұратын. ССРО дейтін алып мемлекетті уысында ұстап тұрған 27 саяси көсемнің ішінде 7-ші болып алып қазақтың тұрғанын мақтаныш тұтып, арқамызды тауға тірегендей айбарланып қалатынбыз.

1986 жылы 11-желтоқсанда өткен Қазақстан КП ОК Саяси бюросының мәжілісінде Дінмұхамед Қонаевты зейнет демалысына шығуына байланысты қызметтен босату туралы шешім қабылданғаны, ал 16-желтоқсанда өткен Пленумда Қонаевтың орнына Г.В.Колбиннің ұсынылғаны белгілі. Қонаев іле-шала үйқамаққа алынды. Десе де, жарты жылдай өзі жиырма жыл мүшесі болған  КОКП ОК Саяси бюросының заңды мүшесі және Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бюро мүшесі болып қалды.

1987 жылы 26-маусымда Мәскеуде өткен КОКП ОК-нің Пленумында Қонаевты КОКП ОК Саяси бюро мүшелігінен босату туралы мәселе қаралады. Ол үшін, әрине, біраз кісілер жоғары мінберде  Қонаевты жер-жебіріне жетіп, жамандауға тиіс болатын. Кремль ол үшін біраз адамдарды астыртын дайындайды. Соның бірі –Алаштың айтулы ақыны, дәл сол кезде  Қарақалпақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы әрі Өзбекстан Компартиясы Орталық комитетінің бюро мүшесі болып тұрған Кәкімбек Салықов еді. Кәкімбек ағаны алдымен КОКП ОК-нің хатшысы Егор Лигачев шақырып алып, Пленумда «Қонаевты жамандап сөйлейсің» деген тапсырма береді. Бірақ өмір бойы ар жолын ұстанып өткен Кәкімбек аға Лигачевтің ұсынысына көнбей, мінбеде сөйлеуден бас тартады.  Қарақалпақстанның Өзбекстанға қарайтыны белгілі. Сірә, Лигачев «қол астыңдағы адамды қалай да көндіресің» деген болу керек, Өзбекстан КП ОК-нің 1-хатшысы Усманқожаев  Кәкімбек ағаны шақырып, Қонаевты жамандауға тапсырма береді. Бұл жолы да Кәкең тапсырмадан бас тартады.

Сонымен, Мәскеуде 26-маусымда Пленум басталады. Меңдібаев, Мұқашев, Камалиденов секілділер, әрине,  Қонаевты бас салып жамандайды. Жер-жебіріне жетеді. Залдың үшінші қатарында отырған Кәкімбек Салықовтың арт жағына жайғасқан  Қонаев ішінен күйзелсе де, сыртқа сыр білдірмей үн-түнсіз тыңдап отырады. «Бәрінен бұрын  мені мінбеде өлтіріп тұрып  сынайтын алдымда отырған Кәкімбек қой» деп, қатты күдіктеніп отырады. Кезінде шахта бастығы болып тұрған қырық жастағы Кәкімбек Социалистік Еңбек Ері атағына ұсынылғанда, «әлі жассың ғой» деп, Ленин орденін бергізгені есіне түседі. Талай жыл Мәскеуде Орталық Комитеттің инспекторы қызметінде жүрген Кәкімбектің  Қазақстанға сұранғаны, бірақ өзінің республикаға шақырмағаны, жоғары қызмет ұсынғысы келмегені есіне түсіп, Қонаевтың іші алай-түлей болады. Бірақ...қатты  күдіктенген адамы Кәкімбек Пленумда бір ауыз сөз сөйлемейді. Осы Пленумда КОКП ОК-нің Саяси бюро мүшелігінен босатылған Қонаев,  үзіліске шыққанда Кәкімбек Салықовты құшақтап, бетінен сүйіп тұрып: «Кәке, мені кешірші, сен сөйлегеніңде,  мен осы арада тіл тартпай кететін едім, аналардың сөйлегені маған шыбын шаққан құрлы әсер еткен жоқ. Осылар осыдан бес-алты жыл бұрын маған сені дәл осылай жамандағанда, мен соған сеніп едім. Кешір!» деп  еңкілдеп жылап жібереді.

«Мені Кәке демеңіз, Кәкімбек деңіз, мен сізден жиырма жас кіші балаңыздаймын ғой. Сіз менің ұстазымсыз, ұстазымды қалай жамандаймын» дейді ақын. «Жоқ, Кәке, сен білдей бір республиканы басқарып отырған адамсың, сондықтан Кәке деймін» деген Қонаев осындай арлы азаматқа өз елімізде жоғары қызмет бермегеніне қатты өкініш білдіріпті.

Төреғали ТӘШЕНОВ   

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Мақпал Мыса. Жүрек түбіндегі жаңғырық (сұхбат)
    17/02 16:59 0 150
    2
    HEALTH EXPO-2019» көрмесі: Медицина саласындағы мүмкіндіктер жүзеге асады
    16/02 23:20 0 152
    3
    Сексен төрттегі тарихи жеңіс!
    16/02 14:08 0 1869
    Әбу Наср әл-Фарабидің «Қайырымды қаласы» дұрыс зерттелді ме?
    16/02 13:42 0 361
    Адамдық мінбеден түсіп қап, Әйтеуір биіктеп барамыз
    16/02 10:42 1 414

    Таныстырылғандар

    Қара халықтың да көшесінде той болар...
    Қара халықтың да көшесінде той болар...
    Қара халықтың да көшесінде той болар...
    Құрбан болмау үшін құрбандық шаламыз ба, қайтеміз?
    Аудио тыңдау
    08/02/2019 15:13 0 1400
    Жүздеген адамды өлімнен құтқарған шымкенттік хирург неге өз өмірін қиды?
    Жүздеген адамды өлімнен құтқарған шымкенттік хирург неге өз өмірін қиды?
    Жүздеген адамды өлімнен құтқарған шымкенттік хирург неге өз өмірін қиды?
    Шымкент қаласының дәрігерлері үшін бұл қаза ауыр болды.
    Аудио тыңдау
    08/02/2019 16:31 0 10631
    "Ішкі ағза картасына" қарап, қай жеріңіз ауыратынын анықтап алыңыз да, ертерек емделіңіз
    "Ішкі ағза картасына" қарап, қай жеріңіз ауыратынын анықтап алыңыз да, ертерек емделіңіз
    "Ішкі ағза картасына" қарап, қай жеріңіз ауыратынын анықтап алыңыз да, ертерек емделіңіз
    "Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде"
    Аудио тыңдау
    09/02/2019 19:23 0 2229
    «Отқа үйітіп періштелер арманын, Керең билік қазып жатыр қабірін»
    «Отқа үйітіп періштелер арманын, Керең билік қазып жатыр қабірін»
    «Отқа үйітіп періштелер арманын, Керең билік қазып жатыр қабірін»
    Өлген артық бұл зұлматты көргенше.
    Аудио тыңдау
    10/02/2019 10:07 0 1275
    5 қыз тірідей жанып кеткен өрттің шығу себебі анықталды
    5 қыз тірідей жанып кеткен өрттің шығу себебі анықталды
    5 қыз тірідей жанып кеткен өрттің шығу себебі анықталды
    Төтенше жағдайлар комитеті өрттің неден шыққанын айтты
    Аудио тыңдау
    11/02/2019 11:39 0 10500
    Әкімдердің есебі спектакльге айналып барады. Неге?
    Әкімдердің есебі спектакльге айналып барады. Неге?
    Әкімдердің есебі спектакльге айналып барады. Неге?
    Жиындар жинақы өріс алғанымен мұндай бетперде кездесулер жұртшылықты жалықтыра бастаған секілді.  Неге?
    Аудио тыңдау
    11/02/2019 12:20 0 1110
    Көпбалалы отбасы... Зейнолла Кәкімжанов Үкіметке ауыр тұрмысты жақсартудың жолын ұсынды
    Көпбалалы отбасы... Зейнолла Кәкімжанов Үкіметке ауыр тұрмысты жақсартудың жолын ұсынды
    Көпбалалы отбасы... Зейнолла Кәкімжанов Үкіметке ауыр тұрмысты жақсартудың жолын ұсынды
    Ауылға дәл қазір бет бұруымыз тиіс!
    Аудио тыңдау
    11/02/2019 16:56 2 2388
    Алматы тұрғындары үйдегі пештердің өрт қауіпсіздігіне алаңдайды
    Алматы тұрғындары үйдегі пештердің өрт қауіпсіздігіне алаңдайды
    Алматы тұрғындары үйдегі пештердің өрт қауіпсіздігіне алаңдайды
    Қазақстан Республикасының әрбір азаматы үйдегі өрт қауіпсіздігі - негізделген қажеттілік екенін жақсы біледі
    Аудио тыңдау
    12/02/2019 10:46 0 614
    Елбасының алғашқы ұстаздарының бірі Сейітхан Исаев өмірден өтті
    Елбасының алғашқы ұстаздарының бірі Сейітхан Исаев өмірден өтті
    Елбасының алғашқы ұстаздарының бірі Сейітхан Исаев өмірден өтті
    Елбасының бала күнінде қандай болғанын білгісі келгендер бірден Сейітхан Исаевқа аттанатын.
    Аудио тыңдау
    12/02/2019 10:56 0 540
    Аңыз бен ақиқат. «Қара майор» деректі фильмі. Көріңіз...(видео)
    Аңыз бен ақиқат. «Қара майор» деректі фильмі. Көріңіз...(видео)
    Аңыз бен ақиқат. «Қара майор» деректі фильмі. Көріңіз...(видео)
    Оның артында аңыз бен ақиқат қалды.
    Аудио тыңдау
    12/02/2019 16:21 0 597
    Косарев ашулы: Лениннің басы қоқыста жатқан қалада қалай өмір сүреміз?
    Косарев ашулы: Лениннің басы қоқыста жатқан қалада қалай өмір сүреміз?
    Косарев ашулы: Лениннің басы қоқыста жатқан қалада қалай өмір сүреміз?
    Ленин өмір сүрді, тірі және өлмейді...
    Аудио тыңдау
    13/02/2019 12:32 0 6781
    Джордж Сорос: ЕуроОдақ  Кеңес Одағы сияқты ыдырап кетуі мүмкін
    Джордж Сорос: ЕуроОдақ  Кеңес Одағы сияқты ыдырап кетуі мүмкін
    Джордж Сорос: ЕуроОдақ  Кеңес Одағы сияқты ыдырап кетуі мүмкін
    Соростың өзіне де сын айтушылар қазір жетерлік.
    Аудио тыңдау
    13/02/2019 15:35 0 419
    Қайтыс болғанда жақсы жер бұйырсын десеңіз, зейнетақы қорыңызға көбірек қаржы жинаңыз
    Қайтыс болғанда жақсы жер бұйырсын десеңіз, зейнетақы қорыңызға көбірек қаржы жинаңыз
    Қайтыс болғанда жақсы жер бұйырсын десеңіз, зейнетақы қорыңызға көбірек қаржы жинаңыз
    Дүниеден өткен адамның зейнетақы қорына жиған қаржысы туыстарына толық қайтарылады
    Аудио тыңдау
    14/02/2019 11:04 0 1578
    Путин олимпиада чемпионынан "таяқ жеді" (видео)
    Путин олимпиада чемпионынан "таяқ жеді" (видео)
    Путин олимпиада чемпионынан "таяқ жеді" (видео)
    Жаттығудың соңында әрбір спортшымен жеке-жеке суретке түсіпті.
    Аудио тыңдау
    15/02/2019 12:05 0 1105
    HEALTH EXPO-2019» көрмесі: Медицина саласындағы мүмкіндіктер жүзеге асады
    HEALTH EXPO-2019» көрмесі: Медицина саласындағы мүмкіндіктер жүзеге асады
    HEALTH EXPO-2019» көрмесі: Медицина саласындағы мүмкіндіктер жүзеге асады
    Алматыда «Қазақстан» қонақүйінде 12-14 ақпан аралығында «HEALTH EXPO-2019 медициналық бағыттағы халықаралық көрме өтті.
    Аудио тыңдау
    16/02/2019 23:20 0 152